Тарауды қайталауға арналған тест тапсырмалары.
7 – сынып.
Материктер мен мұхиттар географиясы.
Кіріспе. Жер шары табиғатының басты ерекшеліктері тарауы.
1. Жер шарының жалпы ауданы қанша?
а) 510, 2 млн км ²
ә) 149, 1 млн км ²
б) 361, 1 млн км ²
в) 53, 3 млн км ²
2. Құрлықтың аумағы қанша?
а) 510, 2 млн км ²
ә) 149, 1 млн км ²
б) 361, 1 млн км ²
в) 53, 3 млн км ²
3. Мұхит аумағы қанша?
а) 510, 2 млн км ²
ә) 149, 1 млн км ²
б) 361, 1 млн км ²
в) 53, 3 млн км ²
4. Материктерге таяу жағалаудағы қайрандар мен материктік беткейлерде не орналасқан?
а) Түбектер
ә) Аралдар
б) Шығанақтар
в) Бұғаздар
5. Жанартаулық аралды анықта.
а) Мадагаскар
ә) Үлкен тосқауыл
б) Гренландия
в) Исландия
6. Маржандық аралды анықта.
а) Мадагаскар
ә) Үлкен тосқауыл
б) Гренландия
в) Исландия
7. Аралдар тобын не деп атайды?
а) Архипелаг
ә) Түбек
б) Арал
в) Құрлық
8. Құрлықтың ашылуы мен қоныстау ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи - географиялық ірі аймақтар қалай аталады?
а) Архипелаг
ә) Түбек
б) Дүние бөліктері
в) Құрлық
9. Тұңғыш рет географиялық карта жасаған кім?
а) Эратосфен
ә) Пифагор
б) Аристотель
в) Геродот
10. Географиядағы елтану бағытына негіз салған кім?
а) Ф. Магеллан
ә) Р. Амундсен
б) Страбон
в) Архимед
11. Жаңа дүниедегі жаңа ашылуларға негіз салған кім?
а) Д. Кук
ә) Х. Колумб
б) В. Рубрук
в) М. Поло
12. Х. Колумбтың ашқан жерлері жаңа дүние бөлігі екендігін дәлелдеген саяхатшы?
а) Д. Кук
ә) П. Карпини
б) В. Беринг
в) А. Веспуччи
13. 1909 жылы американдық Р. Пири қай жерге жетті?
а) Оңтүстік полюске
ә) Гималай шыңына
б) Солтүстік полюске
в) Мариан шұңғымасына
14. Глобустағы Жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін қандай проекция қолданылады?
а) Картографиялық
ә) Топографиялық
б) Гидрографиялық
в) Геодезиялық
15. Ең көп қолданылатын проекция түрлері.
а) Цилиндрлік, конустық, азимуттық
ә) Геометриялық, үшбұрышты, пирамидалық
б) Домалақ, масштабты, астрономиялық
в) Қолданылмайды
16. Құрамдас бөліктеріне қарай жер қыртысы қандай болып бөлінеді?
а) Жазық және тау
ә) Арал және теңіз
б) Мұхит және материк
в) Шығанақ және түбек
17. Геохронологиялық кесте арқылы қандай жыл санау жүргізіледі?
а) Тектоникалық
ә) Геологиялық
б) Математикалық
в) Географиялық
18. Бор, Юра, Триас қандай эраның дәуірлері.
а) Кайнозой
ә) Мезозой
б) Палеозой
в) Протерозой
19. Жер бетіндегі экваторға қарай тұрақты соғатын желдер қалай аталады?
а) Бриз
ә) Муссон
б) Пассат
в) Батыс желдері
20. Д. ж. мұхит суларында жануарлардың қанша мыңға жуық түрі кездеседі?
а) 150 мың
ә) 15 мың
б) 1, 5 мың
в) 50 мың
Еуразия.
1. Еуразия материгінің ауданы.
а) 53, 3 млн. км.²
ә) 30, 3 млн. км.²
б) 24, 2 млн. км.²
в) 18, 3 млн. км.²
2. Еуразия материгінің халқы қанша?
а) 2 млрд.
ә) 3 млрд.
б) 4 млрд.
в) 1 млрд.
3. Еуразия солтүстіктегі шеткі нүктесі?
а) Пиай мүйісі
ә) Челюскин мүйісі
б) Рока мүйісі
в) Дежнев мүйісі
4. Финикиялықтар батыстағы жерлерді қалай атаған?
а) «Асу»
ә) «Азия»
б) «Еуропа»
в) «Эреб»
5. Орталық Азияда 15 жыл болып Хуанхэ және Янцзы өзендерінің бастауын ашқан ғалым?
а) П. П. Семенов
ә) Н. М. Пржевальский
б) Ш. Ш. Уалиханов
в) Қ. И. Сатбаев
6. Еуразия жағалауларын д. ж. мұхиттың қаншасы шайып жатыр?
а) 4
ә) 2
б) 1
в) 3
7. Мұнай, газ қоры мен оларды өндіру жөнінен д. ж. жетекші орын алатын мұхит?
а) Тынық
ә) Атлант
б) Солтүстік мұзды
в) Үнді
8. Еуразияның оңтүстік – батысынан Азияның оңтүстік – шығысына дейін созылып жатқан сейсмикалық белдеу?
а) Альпі – Гималай
ә) Тынық – Мұхиттық
б) Альпі
в) Гималай
9. Биік Азия тауына қайсысы жатады?
а) Верхоян
ә) Бурея
б) Памир
в) Орал
10. Сапфир, рубин сияқты асыл тастар Еуразияның қай аймағында өндіріледі?
а) Сахалин аралы
ә) Үндістан түбегі
б) Крит аралы
в) Камчатка түбегі
11. Еуразияның ең көп бөлігін алып жатқан климаттық белдеу?
а) Қоңыржай
ә) Арктикалық
б) Тропиктік
в) Экваторлық
12. Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғас жатқан аралдар қандай климаттық белдеуде жатыр?
а) Субтропиктік
ә) Субарктикалық
б) Субэкваторлық
в) Қоңыржай
13. Еуразияның оңтүстік шығысындағы аралдар қандай климаттық белдеуде жатыр?
а) Қоңыржай
ә) Арктикалық
б) Тропиктік
в) Экваторлық
14. Еуразияның Атлант мұхиты алабына жататын өзендері?
а) Дунай, Рейн, Висла
ә) Амур, Хуанхэ, Янцзы
б) Үнді, Ганг, Тигр
в) Еділ, Жайық Әмудария
15. Пайда болуы жағынан Еуразияда қандай көлдер кеңінен тараған?
а) Жанартаулық көлдер
ә) Бөген көлдер
б) Қалдық көлдер
в) Тектоникалық көлдер
16. Еуразиядағы ең ірі мұздық:
а) Корженевск
ә) Федченко
б) Тибет
в) Гималай
17. Арктикалық шөл зонасы қандай климаттық белдеуге жатады?
а) Қоңыржай
ә) Субарктикалық
б) Экваторлық
в) Арктикалық
18. Зубр, бұлан, марал, елік қандай табиғат зонада мекендейді?
а) Тундра
ә) Саванна
б) Шөл
в) Тайга
19. Арабиядағы қандай шөлде тіршілік жоқтың қасы.
а) Такла – Макан
ә) Руб – эл – Хали
б) Гоби
в) Қызылқұм
20. Саванналар мен ауыспалы ылғалды ормандарда топырақтың қандай түрі тараған?
а) Қара, қара қоңыр
ә) Қоңыр, сұр қоңыр
б) Қызыл, қызыл қоңыр
в) Сары
21. Гималайдың оңтүстік беткейіндегі ең төменгі белдеу қалай аталады?
а) Терая
ә) Прерий
б) Самбо
в) Саванна
22. Таулардың 4500 – 5000 м. биіктікте қандай белдеу басталады?
а) Қылқан жапырақты ормандар
ә) Шалғындар
б) Қатты жапырақты ормандар
в) Мәңгі қар мен мұз
23. Еуразияда қаншаға жуық егеменді елдер және дамыған мемлекеттердің иеліктері орналасқан?
а) 110
ә) 90
б) 50
в) 75
24. Экваторлық нәсілге жататын халықтар Еуразияның қай аймағында кездеседі?
а) Шри – Ланка мен Үндістанның оңтүстігінде
ә) Ұлыбритания мен Апенин түбегінде
б) Тайвань аралы мен Корея түбегінде
в) Кипр аралы мен Арабия түбегінде
25. Еуропа елдері қанша аймаққа бөлінеді?
а) 3
ә) 5
б) 4
в) 6
26. Италия қай аймаққа кіреді?
а) Солтүстік Европа
ә) Оңтүстік Европа
б) Шығыс Европа
в) Батыс Европа
27. Чехияның астанасы қай қала?
а) Берлин
ә) Рим
б) Париж
в) Прага
28. Азия елдері қанша аймаққа бөлінеді?
а) 3
ә) 6
б) 4
в) 5
29. Қазақстан қандай аймаққа кіреді?
а) Орталық және Шығыс Азия
ә) Оңтүстік Азия
б) Оңтүстік – Батыс Азия
в) Оңтүстік – Шығыс Азия
30. Индонезияның астанасы қай қала?
а) Дели
ә) Джакарта
б) Пекин
в) Пномпен
Солтүстік Америка.
1. Солтүстік Америка материгінің ауданы:
а) 24, 2 млн. км.²
ә) 53, 3 млн. км.²
б) 18, 3 млн. км.²
в) 30, 3 млн. км.²
2. Солтүстік Американы алғаш ашқан ғалым?
а) Д. Кабот
ә) Г. Гудзон
б) А. Макензи
в) Х. Колумб
3. Солтүстік Американың батысындағы шеткі нүктесі?
а) Марьято м.
ә) Мерчисон м.
б) Принц Уэльс м.
в) Сент – Чарльз м.
4. Солтүстік Американың солтүстік және шығыс жағалауларында көптеген жерлерді ашқан саяхатшыар?
а) Г. Гудзон, А. Макензи
ә) В. Беринг, А. Чириков
б) Э. Кортес, Р. Амунсен
в) Д. Кабот, Х. Колумб
5. Солтүстік Американың 1/3 бөлігін жер бедерінің қандай түрі алып жатыр?
а) Жазықтар
ә) Таулар
б) Ойпаттар
в) Үстірттер
6. Солтүстік Американың ең биік нүктесі?
а) Джомолунгма
ә) Килиманджаро
б) Аконкагуа
в) Мак – Кинли
7. Солтүстік Американың ең төмен нүктесі?
а) Өлі теңіз
ә) Ассаль көлі
б) Өлім аңғары
в) Турфан
8. Солтүстік Американың оңтүстік – шығысындағы тау:
а) Кордильер
ә) Атлас
б) Апалачи
в) Анд
9. Солтүстік Американың оңтүстік – батысындағы түбек:
а) Калифорния
ә) Аляска
б) Юкатан
в) Флорида
10. Солтүстік Америкадағы үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталарын не деп атайды?
а) Прерий
ә) Самбо
б) Терая
в) Сьерра
11. Кордильер тауының өзендерінен алтынды шайып алу қай ғасырдан басталды?
а) XVΙ ғ.
ә) XVΙΙΙ ғ.
б) XΙX ғ.
в) XVΙΙ ғ.
12. Солтүстік Америкада қандай климаттық белдеу жоқ.
а) Экваторлық
ә) Арктикалық
б) Қоңыржай
в) Тропикалық
13. Солтүстік Американың батысынан келетін ауа массалары неге ішкері ене алмайды?
а) Ұлы жазықтар орналасқан
ә) Аппалачи тауы орналасқан
б) Орталық жазық орналасқан
в) Кордильера тауы орналасқан
14. Материктің қай бөлігінде жауын – шашын көп түседі?
а) Солтүстік – батысы
ә) Оңтүстік – шығысы
б) Оңтүстік – батысы
в) Солтүстік – шығысы
15. Гренландияда қаңтардың орташа температурасы қанша?
а) - 50 ºС
ә) - 30 ºС
б) - 20 ºС
в) - 40 ºС
16. Атлант мұхиты алабының басты өзені?
а) Макензи
ә) Теннеси
б) Миссисипи
в) Колорадо
17. Солтүстік Американың өзендері қанша алапқа бөлінеді?
а) 4
ә) 3
б) 5
в) 2
18. 20 - дан астам су электр стансасы салынған қандай өзен?
а) Колорадо
ә) Миссисипи
б) Макензи
в) Теннеси
19. Кордильераның батыс беткейінен басталатын қысқа ағынды өзендер қандай алапқа жатады?
а) Солтүстік мұзды мұхит
ә) Тынық мұхит
б) Атлант мұхит
в) Ішкі тұйық алап
20. Макензи өзенін жергілікті үндістер қалай атайды?
а) «Су атасы»
ә) «Тұнбалы өзен»
б) «Үлкен өзен»
в) «Мұз қамауы»
21. Материктің солтүстігіндегі көлдерді қалыптасуы жағынан қандай көлдер деп атайды?
а) Мұз – тектоникалық
ә) Жанартаулық
б) Қалдық
в) Бөген
22. Гурон, Жоғары, Мичиган, Эри, Онтарио көлдерін қандай көлдер жүйесі деп атайды?
а) Үлкен көлдер
ә) Кіші көлдер
б) Терең көлдер
в) Ұлы көлдер
23. Кордильераның шығысынан басталып, Атлант мұхитына дейінгі кең алқапты қандай табиғат зонасы алып жатыр?
а) Тундра
ә) Тайга
б) Шөл
в) Шөлейт
24. Арктикалық шөл зонасында мұз басу дәуірінен қалған қандай өсімдік тіршілік етеді?
а) Қодас
ә) Тур
б) Қойөгіз
в) Піл
25. Солтүстік Америкадағы биік шөптерден тұратын далаларды не деп атайды?
а) Прерий
ә) Сьерра
б) Терая
в) Самбо
26. Жалпақ жапырақты орманның өсімдігін анықта.
а) Мүк
ә) Бидайық
б) Орхидея
в) Платан
27. Солтүстік Американың халқы қанша?
а) 3, 1 млрд.
ә) 450 млн.
б) 240 млн.
в) 30 млн.
28. Солтүстік Американың байырғы халқы қанша пайызды құрайды?
а) 3 %
ә) 7 %
б) 1 %
в) 5 %
29. АҚШ – ң «автомобиль астанасы» қай қала?
а) Детройт
ә) Нью – Йорк
б) Даллас
в) Сиэтл
30. Орталық Америкадағы ең үлкен аралдық мемлекет?
а) Пуэрто – Рико
ә) Доминика
б) Мексика
в) Куба
Оңтүстік Америка.
1. Оңтүстік жарты шар материктері ежелгі қандай материктің құрамында болды?
а) Пангея
ә) Гондвана
б) Лавразия
в) Оңтүстік жарты шар
2. Оңтүстік Американың жер көлемі қанша?
а) 18, 3 млн. км.²
ә) 53, 3 млн. км.²
б) 30, 3 млн. км.²
в) 24, 2 млн. км.²
3. Оңтүстік Американың аралдарының ең ірісі?
а) Гренландия
ә) Шри – Ланка
б) Мадагаскар
в) Отты жер
4. Материктің солтүстік жағалауын қандай теңіз шайып жатыр?
а) Гренланд теңізі
ә) Қызыл теңіз
б) Кариб теңізі
в) Саргасс теңізі
5. А. Веспуччидің Америкаға 2 - ші саяхаты қай жылы болды?
а) 1501 ж.
ә) 1499 ж.
б) 1492 ж.
в) 1513 ж.
6. Оңтүстік Америка қандай мәдени өсімдіктердің отаны?
а) Қауын, қарбыз
ә) Бидай, арпа
б) Картоп, жүгері
в) Күріш, қияр
7. Оңтүстік Американың 1874 ж. климатының ерекшеліктерін зерттеген қай ғалым?
а) Н. И. Вавилов
ә) А. Гумбольт
б) Ф. Дрейк
в) Н. И. Воейков
8. Оңтүстік Американың ең биік нүктесі?
а) Мак – Кинли
ә) Аконкагуа
б) Джомолунгма
в) Климанджаро
9. Оңтүстік Американың оңтүстігіндегі шеткі нүктесі?
а) Фроуард м.
ә) Галиньяс м.
б) Кабу – Бранку м.
в) Сент – Чарльз м.
10. Анд тауларының орталық бөлігіндегі тауаралық үстірттер қалай аталады?
а) Терая
ә) Прерий
б) Пуна
в) Сьерра
11. Мұнай, табиғи газ, тас көмір Оңтүстік Американың қай аймағында тараған?
а) Таулы үстірттерде
ә) Ойпаттарда
б) Анд тауларында
в) Теңіздерде
12. Төмендегі ауа массаларының қайсысы материкке басым ықпал етеді?
а) Арктикалық
ә) Субэкваторлық
б) Субтропиктік
в) Қоңыржай
13. Оңтүстік Американы қанша климаттық белдеу қиып өтеді?
а) 6
ә) 7
б) 3
в) 5
14. Субтропиктік климаттық белдеу қандай ендіктер аралығын алып жатыр?
а) 30 және 50º о. е.
ә) 40 және 60º о. е.
б) 30 және 40º о. е.
в) 30 және 40º с. е.
15. Гран – Чако жазығында материктегі ең жоғары температура байқалған. Ол қанша?
а) +56ºС
ә) +47ºС
б) +34ºС
в) +29ºС
16. Оңтүстік Американың өзендері қанша алапқа бөлінеді?
а) 5
ә) 4
б) 2
в) 3
17. Амазонканың қаншадан астам салалары бар?
а) 500
ә) 400
б) 300
в) 200
18. Амазонкада кездесетін жыртқыш, ұсақ балық?
а) Иния
ә) Арапайма
б) Пиранья
в) Су жыланы
19. Ориноко өзенінде орналасқан д. ж. ең ірі сарқырама қалай аталады?
а) Виктория
ә) Анхель
б) Кукенан
в) Рораймо
20. Анд тауларының тауаралық үстіртті бөлігінің өзендері қай алапқа бөлінеді?
а) Тынық мұхит
ә) Атлант мұхит
б) Үнді мұхит
в) Ішкі тұйық алап
21. Оңтүстік Америкадағы жазда кеуіп қалатын тұзды көл?
а) Маракайбо
ә) Поопо
б) Титикака
в) Амазонка
22. Оңтүстік Америкадағы ең ірі лагуналық көл?
а) Маракайбо
ә) Поопо
б) Титикака
в) Амазонка
23. Оңтүстік Американың субтропиктік дала зонасы қалай аталады?
а) Прерий
ә) Гилея
б) Пуна
в) Пампа
24. Ауыспалы ылғалды ормандарда мекендейтін әлемдегі ең кішкентай құс?
а) Тукан
ә) Колибри
б) Гаоцин
в) Тоты құс
25. Биіктік белдеулер Оңтүстік Американың қай аймағында тараған?
а) Жазықтарда
ә) Амазонка ойпатында
б) Анд тауларында
в) Бразилия
26. Оңтүстік Американың шөлейт зонасының топырағы?
а) Сұр және қоңыр
ә) Қызғылт – қара
б) Қызыл – қоңыр
в) Қызыл – сары
27. Оңтүстік Американың халқы?
а) 430 млн.
ә) 3, 1 млрд.
б) 33 млн.
в) 320 млн.
28. Оңтүстік Американың байырғы халқы қанша пайызды құрайды?
а) 1 %
ә) 5 %
б) 10 %
в) 18 %
29. Гайана қай аймаққа жататын ел?
а) Анд елдері
ә) Шығыстағы жазық елдер
б) Орталық Америка
в) Оңтүстік Америка
30. Бразилия қанша штаттан тұрады?
а) 50
ә) 43
б) 22
в) 34
Африка.
1. Африканың жер көлемі?
а) 30, 3 млн. км.²
ә) 53, 3 млн. км.²
б) 24, 2 млн. км.²
в) 18, 3 млн. км.²
2. Африканың батыс жағалауын қандай мұхит суы шайып жатыр?
а) Үнді
ә) Тынық
б) Атлант
в) Солтүстік мұзды
3. 1855 жылы Виктория сарқырамасын ашқан зерттеуші?
а) В. Гамма
ә) Д. Ливингстон
б) Г. Стэнли
в) В. Юнкер
4. Н. И. Вавилов қандай мәдени өсімдіктің отаны Эфиопия жері деп дәлелдеді?
а) Күріш
ә) Жүгері
б) Картоп
в) Қатты бидай
5. Африканың оңтүстігіндегі шеткі нүктесі:
а) Гальинас
ә) Игольный
б) Пиай
в) Рока
6. Африканың ең биік нүктесі:
а) Килиманджаро
ә) Мак – Кинли
б) Аконкагуа
в) Джомолунгма
7. Ахаггар және Тибести таулы қыраттары қайда орналасқан?
а) Ливия шөлінде
ә) Намиб шөлінде
б) Сахарада
в) Кап тауларында
8. Африка платформасынан ертеде бөлінген, шығысындағы арал?
а) Крит
ә) Әулие Елена
б) Кипр
в) Мадагаскар
9. Африканың солтүстік – батысындағы тау:
а) Кап
ә) Атлас
б) Айдаһар
в) Тибет
10. Атлас тауларында дүние жүзіндегі қандай аса ірі кен орындары шоғырланған?
а) Фосфорит
ә) Көмір
б) Темір
в) Мұнай
11. Жаз айларында Сахара үстінде жылдық орташа температура қанша болады?
а) +20ºС
ә) +8 ºС
б) +35ºС
в) +47ºС
12. Африканың қиыр оңтүстігі мен солтүстігіне қандай ауа массалары әсер етеді?
а) Экваторлық
ә) Қоңыржай
б) Тропиктік
в) Арктикалық
13. Пассат желдері Африкаға қай жерден соғады?
а) Гибралтар бұғазы
ә) Мозамбик бұғазы
б) Қызыл теңіз
в) Гвинея шығанағы
14. Африкада климаттық белдеулер қанша реттен қайталанады?
а) 2
ә) 4
б) 3
в) 5
15. Материктің солтүстік және оңтүстік шеткі бөліктерін қандай климаттық белдеу қиып өтеді?
а) Субэкваторлық
ә) Субтропиктік
б) Субарктикалық
в) Қоңыржай
16. Африка ауданының 1/3 бөлігінің өзендері қандай алапқа жатады?
а) Тынық мұхиты
ә) Үнді мұхиты
б) Ішкі тұйық
в) Атлант
17. Африкадағы кеуіп қалған арналарды не деп атайды?
а) Сьерралар
ә) Пуналар
б) Прерийлер
в) Уәдтер
18. Африка өзендері қанша алапқа бәлінеді?
а) 4
ә) 3
б) 2
в) 6
19. Ақ ніл мен Көк ніл қай қаланың маңында қосылады?
а) Хартум
ә) Кейптаун
б) Каир
в) Мехико
20. Африка көлдерінің ішіндегі ең тереңі:
а) Тана
ә) Чад
б) Танганьика
в) Виктория
21. Конго қазаншұңқыры мен Гвинея шығанағы жағалауын қандай табиғат зонасы алып жатыр?
а) Ылғалды экваторлық орман
ә) Сирек ормандар
б) Орманды дала
в) Шөлейт
22. Саванналарда қандай жануарлардың 40 - тан аса түрі бар?
а) Зебра
ә) Бөкен
б) Буйвол
в) Бегемот
23. Намиб шөліне тән биіктігі 50 см., ұзындығ 2 – 3 м. болатын өсімдік?
а) Сүттіген
ә) Олеандр
б) Жүзім
в) Вельвичия
24. Сазды және құмды шөлдерде қандай топырақ тараған?
а) Сұр
ә) Сары
б) Қара
в) Қоңыр
25. Африканың қазіргі халқы қанша?
а) 3, 1 млрд.
ә) 320 млн.
б) 700 млн.
в) 470 млн.
26. Африканың ең бойшаң халқы?
а) Нилот
ә) Тутси
б) Бушмен
в) Готентот
27. Африка елдері қанша аймаққа бөлінеді?
а) 3
ә) 4
б) 2
в) 5
28. Солтүстік Африка елдерін анықта.
а) Алжир, Либерия
ә) Сенегал, Гамбия
б) Сомали, Уганда
в) Намибия, Лесото
29. Оңтүстік Африка Республикасының астанасы?
а) Каир
ә) Алжир
б) Кейптаун
в) Ломе
30. Шығыс Африканың оңтүстігінде қандай тіл басым?
а) Араб
ә) Банту
б) Пигмей
в) Бушмен
Аустралия.
1. Аустралияның ауданы қанша?
а) 30, 3 млн. км.²
ә) 7, 6 млн. км.²
б) 24, 2 млн. км.²
в) 53, 3 млн. км.²
2. Аустралия жағалауларын қандай мұхит сулары шайып жатыр?
а) Тынық және Үнді
ә) Солтүстік мұзды және Атлант
б) Атлант және Тынық
в) Үнді және Атлант
3. Аустралия солтүстігінде қандай дүние бөліктің аралдарымен жалғасады?
а) Еуропа
ә) Америка
б) Африка
в) Азия
4. Аустралияның негізгі бөлігін қандай ежелгі платформа алып жатыр?
а) Лавразиялық
ә) Аустралиялық
б) Гондваналық
в) Азиялық
5. Материктің шығысындағы тау.
а) Үлкен Суайрық жотасы
ә) Саян
б) Аконкагуа
в) Атлас
6. Аустралияның оңтүстік – шығысында қандай пайдалы қазбаның мол қоры бар?
а) Қоңыр көмір
ә) Мұнай
б) Газ
в) Тас көмір
7. Мұнай мен газдың мол қоры Аустралияның қай аймағында шоғырланған?
а) Оңтүстік
ә) Орталық
б) Шығыс
в) Батыс
8. Аустралия жер шарындағы қандай материк?
а) Суық
ә) Ыстық
б) Құрғақ
в) Ылғалды
9. Аустралияның ең жоғары температурасы қай жерде?
а) Дарлинг
ә) Йорк
б) Үлкен Суайрық
в) Муррей
10. Аустралия Альпісінде ауа температурасы қанша градусқа дейін төмендейді?
а) - 15
ә) - 25
б) - 20
в) - 10
11. Аустралия материгін қанша климаттық белдеу қиып өтеді?
а) 7
ә) 3
б) 6
в) 5
12. Тасмания аралының оңтүстігі қандай климаттық белдеуге енеді?
а) Экваторлық
ә) Арктикалық
б) Тропиктік
в) Қоңыржай
13. Аустралия өзендері қанша алапқа бөлінеді?
а) 4
ә) 5
б) 3
в) 2
14. Аустралия өзендерінің 60 %- ы қандай алапқа жатады?
а) Тынық мұхит
ә) Ішкі тұйық
б) Солтүстік мұзды мұхит
в) Үнді мұхит
15. Аустралиядағы кеуіп қалатын өзен арналарын қалай атайды?
а) Сьерра
ә) Пуна
б) Прерий
в) Крик
16. Аустралияның ең үлкен өзен жүйесі.
а) Муррей
ә) Дарлинг
б) Куперс – Крик
в) Ніл
17. Муррей өзенінің ең ірі саласы?
а) Миссури
ә) Дарлинг
б) Куперс – Крик
в) Ніл
18. Материктің батысы мен орталығында қандай көлдер шоғырланған?
а) Тектоникалық
ә) Бөген
б) Ескіарна
в) Қалдық
19. Аустралиядағы ең ірі көл:
а) Муррей
ә) Дарлинг
б) Куперс – Крик
в) Эйр
20. Аустралияда қанша артезиан алабы анықталған?
а) 44
ә) 33
б) 22
в) 11
21. Аустралияның жер асты сулары қанша метр тереңдікте жатыр?
а) 2000
ә) 1000
б) 500
в) 200
22. Аустралияда эндемик өсімдіктердің қанша пайызы кездеседі?
а) 100 %
ә) 55 %
б) 90 %
в) 75 %
23. Аустралиядағы эндемик жануарды анықта.
а) Ақ аю
ә) Зебра
б) Ехидна
в) Қодас
24. Материктің басым көпшілігін қандай табиғат зоналары алып жатыр?
а) Тропиктік шөл, шөлейт
ә) Орманды дала, саванна
б) Дала, арктикалық шөл
в) Тайга, тундра
25. Аустралия шөлінің Африка шөлінен айырмашылығы.
а) Құмсыз
ә) Жауын – шашынды
б) Шұрат жоқ
в) Суы мол
26. Аустралиядағы ұлттық парк.
а) Игуасу
ә) Улуру
б) Килларни
в) Катмай
27. Аустралияның халқының саны:
а) 3, 1 млрд.
ә) 320 млн.
б) 480 млн.
б) 18 млн
28. Аустралия одағы жер көлемі жөнінен д. ж. қаншасыншы орында.
а) 6
ә) 9
б) 4
в) 1
29. Материктің байырғы халқы?
а) Гагауздар
ә) Үндістер
б) Инктер
в) Аборигендер
30. Қазіргі кезде Аустралия қойдың қай түрінен д. ж. 1 - ші орында?
а) Еділбай
ә) Меринос
б) Арқар
в) Қаракөл
Тынық мұхит және мұхит аралдары.
Антрактида.
Табиғатты қорғау.
1. Тынық мұхиттың ауданы:
а) 178, 6 млн. км.²
ә) 53, 3 млн. км.²
б) 30, 3 млн. км.²
в) 14, 1 млн. км.²
2. Тынық мұхиттағы су д. ж. судың қанша пайызын құрайды?
а) 79 %
ә) 100 %
б) 53 %
в) 17 %
3. Тынық мұхиттың орташа тереңдігі:
а) 11022 м.
ә) 8400 м.
б) 3143 м.
в) 4000 м.
4. Тынық мұхит қандай материк жағалауын шаймайды?
а) Еуразия
ә) Африка
б) Аустралия
в) Антрактида
5. 1947 жылдан қазірге дейін зерттеу жүргізіп келе жатқан нораег саяхатшысы?
а) Ж. И. Кусто
ә) Х. Колумб
б) Т. Хейердал
в) А. Никитин
6. Мариана шұңғымасы қай жылы ашылды?
а) 1957 ж.
ә) 1981 ж.
б) 1937 ж.
в) 1945 ж.
7. Тынық мұхитындағы ең үлкен жанартаулық аралдар тобы?
а) Курил аралдары
ә) Суматра аралы
б) Жаңа Зеландия аралдары
в) Гавай аралдары
8. Мұхиттағы пассаттар қандай белдеу бойында басым?
а) Қоңыржай
ә) Экватор
б) Тропиктік
в) Арктикалық
9. Қоңыржай белдеулерде жылдың салқын мезгілінде қандай желдердің ықпалы күшейеді?
а) Бриздер
ә) Муссондар
б) Батыс желдері
в) Ебі желі
10. Тынық мұхитында 95 %- ы кездесетін өте бағалы балық түрі?
а) Албырт
ә) Камбала
б) Семсерқұйрық
в) Минтай
11. Тынық мұхитындағы жойылып кеткен ерекше теңіз жануары.
а) Майшабақ
ә) Пингвин
б) Итбалық
в) Су сиыры
12. Пингвиндер қайда мекендейді?
а) Су астында
ә) Жағалауда
б) Құрлықта
в) Тауда
13. Мұхит аралдарының жалпы саны қанша мыңнан асады?
а) 7
ә) 13
б) 5
в) 9
14. Мұхит аралдарының жалпы ауданы.
а) 14, 1 млн. км.²
ә) 53, 3 млн. км.²
б) 9 млн. км.²
в) 1, 3 млн. км.²
15. Мұхит аралдары таритхи – географиялық ерекшеліктеріне қарай қаншаға бөлінеді?
а) 5
ә) 4
б) 3
в) 2
16.«Көп аралдар» тобы қалай аталады?
а) Жаңа Зеландия
ә) Микронезия
б) Полинезия
в) Меланезия
17. Мұхит аралдары еуропалықтарға кімнің саяхатынан кейін белгілі болды?
а) Ф. Магеллан
ә) А. Никитин
б) Н. Миклухо - Маклай
в) Д. Кук
18. Мұхит аралдарының табиғаты мен халқы жөнінде құнды еңбек жазып қалдырған ғалым?
а) Ф. Магеллан
ә) А. Никитин
б) Н. Миклухо - Маклай
в) Д. Кук
19. Мұхит аралдарының көпшілігі қандай әрекеттін салдарынан түзілген?
а) Тақта соқтығысы
ә) Жанартау әрекеті
б) Мұз басудан
в) Су тартылуынан
20. Жағалау бөліктерде өсетін, дауылға төтеп беретін өсімдік.
а) Нан ағашы
ә) Саго
б) Папортник
в) Кокос пальмасы
21. Мұхит аралдарындағы құрлықта да, суда да тіршілік ететін жануарлары.
а) Танқы шаян
ә) Ехидна
б) Казуар
в) Какаду
22. Папуастар қандай нәсілге жатады?
а) Негрлік
ә) Европалық
б) Экваторлық
в) Моңғолдық
23. Жаңа Зеландияда тұратын, полинезиялық топқа жататын халық?
а) Аборигендер
ә) Папуастар
б) Маорилер
в) Үндістер
24. Жаңа Зеландияның астанасы:
а) Бельмопан
ә) Веллингтон
б) Пномпен
в) Джакарта
25. Антрактиданың ауданы:
а) 30, 3 млн. км.²
ә) 9 млн. км.²
б) 18, 3 млн. км.²
в) 14 млн. км.²
26. Антрактидадағы мұздың орташа қалыңдығы.
а) 1720 м.
ә) 4300 м.
б) 2040 м.
в) 5140 м.
27. Материк мұзының ең қалың жері қай жерде байқалады?
а) Бентли ойысы
ә) Винсон тауы
б) Шмидт жазығы
в) Эребус жанартауы
28. Материктің ең төмен жатқан жері.
а) Бентли ойысы
ә) Винсон тауы
б) Шмидт жазығы
в) Эребус жанартауы
29. Антарктида жағалауларын қандай суық ағыстың ықпалында болады?
а) Перу ағысы
ә) Лабрадор ағысы
б) Гольфстрим ағысы
в) Батыс желдер ағысы
30. 1772 – 1775ж. ж. Антарктидаға біршама жақындаған саяхатшы?
а) Р. Амундсен
ә) Д. Кук
б) Р. Скотт
в) М. Лазарев
31. 1991ж. 14 желтоқсанда Оңтүстік полюке жеткен саяхатшы?
а) Р. Амундсен
ә) Д. Кук
б) Р. Скотт
в) М. Лазарев
32. Антарктиданың ашылған уақыты.
а) 1991ж. 14 желтоқсан
ә) 1912ж. 18 қаңтар
б) 1820ж. 20 қаңтар
в) 1772ж. 16 мамыр
33. Антарктиданың мұз астында жатқан бөлігін қалай атайды?
а) Құмды Антарктида
ә) Тасты Антарктида
б) Мұзды Антарктида
в) Сулы Антарктида
34. Антарктидадағы сөнбеген жанартау.
а) Ключевск
ә) Килиманджаро
б) Сан – Педро
в) Эребус
35. Антарктида өсімдігін анықта.
а) Вельвичия
ә) Кактус
б) Мүк
в) Сексеуіл
36. Антарктиданың жағалауында қандай жануардың 5 түрі мекендейді?
а) Итбалық
ә) Пингвин
б) Кашалот
в) Касатка
37. Табиғат байлықтарының ішінде адамның көп пайдаланатыны.
а) Жер
ә) Өсімдік
б) Су
в) Климат
38. Д. ж. қанша мыңнан астам мәдени өсімдіктер өседі
а) 1
ә) 3
б) 5
в) 7
39.«Этнос» сөзі қандай мағана береді?
а) Ұлыс
ә) Тайпа
б) Ел
в) Халық
40. Еврей халқына тән дін?
а) Иудайзм
ә) Индуйзм
б) Синтойзм
в) Буддизм
Материктер мен мұхиттар 7 сынып тест
- maika91
- 27 мам 2014
- 49194
- 0
- 80
Ілмек сөздер: Материктер мен мұхиттар 7 сынып тест
Ұқсас жаңалықтар:
Дүниежүзілік мұхит
Дүниежүзілік мұхит туралы ұғым қалыптастыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, шапшаңдылығын дамыту. картамен, оқулықпен жұмыс, өз бетімен оқып...Еуразия материгінің ішкі сулары
Құрманқұлов Марат Сағынтайұлы...Оңтүстік Америка. Материк жағалауындағы мұхиттар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы География пәнінің мұғалімі: Қатбай Роза Бақтиярқызы...Мұхиттар
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Джубанова Н....Оңтүстік Америка материгін қайталау
Атырау облысы,Махамбет ауданы, Есбол орта мектебі Құлбатырова Гүлфия Амантайқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.