Сайтқа кіру Тіркелу

Биосфера тарауын қайталау сабағы

Сабақтың тақырыбы: Биосфера тарауын қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың « Биосфера» тарауы бойынша алған білімі мен дағдысын тексеру, жүйелеу.
Ойларын жинақтай білуге, өз бетімен еңбектену іскерліктерін, ойлау қабілеттерін, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Жолдастарына көмек беру, пәнге қызығуын арттыру, тапқырлыққа, табандылыққа, табиғи ортаны аялай білуге, экологиялық сауаттыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Физикалық жарты шарлар және Қазақстанның физикалық картасы. Слайдтар. Сызбалар. Оқушылардың жұмыстары.
Сабақтың түрі: жарыс
Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиет
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру / топтастыру /
І топ - "Қыран " тобы Ұраны: Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Мақсаты " Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілеп елдің "
ІІ топ - " Қызғалдақ" тобы Ұраны: Күш – білімде!
Мақсаты: " Туған жерді сүю парыз.
Сүю үшін білу парыз. "
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ Кіріспе әңгіме.
- Жердің сыртқы қабықтарын атаңдар (атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера)
− Дұрыс.
− Жер – тіршілік етушілері бар Күн жүйесіндегі жалғыз ғаламшар. Жерді жануарлар, өсімдіктер мен адамдар мекендейді. Жер шарында майда ағзалар, өсімдіктер, жануарлар тіршілік етеді. Олар жердің ерекше қабығы биосфераны құрайды. Сонымен биосфера деп тірі ағзалар мекендеп, өзгерткен қабығын айтады. адамдар тіршілік әлемін зерттеу негізінде олардың өзіндік ерекшеліктерін, заңдылықтарын, қоршаған ортамен байланысын байқады. Тірі ағзалар белгілі ортада тіршілік етеді. Тірі ағзалар жер бетінде, жер қойнауында, теңіз суларында, атмосфера қабақтарында өмір сүреді. Атақты орыс ғалымы В. И. Вернадский өз зерттеулері негізінде тірі ағзалардың маңызының өте зор екенін, тірі ағзалардың жерде болатын өзгерістерге тікелей қатынасынын анықтаған.

Жарыс кезеңдері.
1 " Тапқыр болсаң, тауып көр ". / сөзжұмбақ шешу/
Биосфера сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
1. Сүйегі бар қаны бар
2. Түрі шар сияқты
Бірақ емес жануар
Түсі қан сияқты
Балық
Дәмі бал сияқты
Шие
3. Бастапқы өнімді түзуші
4. Күші десең күші бар
Микроағзалар
Тісі десең тісі бар.
Торуылдап ауылды,
Түнде жортар ісі бар.
Қасқыр
5. Жыл мезгілдерінің алмасуымен болатын
6. Үстінде көйлегі, тірі табиғаттың маусымдық дамуы туралы Түрлі түсті не керек, ғылым. Қызықтырар көргенді,
Фенология Мұның аты...
Көбелек
7. Қос қанатын иіп ап
Жарға келіп қонады
Қара киім киіп ап
Балшықтан үй салады
Қарлығаш
8. Қос шауыпкелі бар Ауа соғары бар
Екі алыпкелі бар Арқан орамы бар
Қос жолкөргіші бар Қорек қорабы бар
Екі үн сезгіші бар Тағы тағы...
Жалғыз мол асары бар Тоқсан жол торабы бар
Екі таң асары бар Шешеді бұл жұмбақты
Кеуде қағары бар Талпынған талабы бар
Адам
Шешуі

2 " Бәйге" ойыны.
Менің өлкем - атадан мирас хат маған,
Ақылды сөзін жадымда жастай сақтаған
Көне беттерін күрсініп, ауыр аударып
Жаңа парағын жадырап, жайнап ақтарам
Алатау, Алтай, Арқа, Арқалық
Өлкемнің байтақ қуанышын, достар, ал танып
Қазақстан – шаттықтың елі шалқыған
Қарсы алған күліп, арайлы туған әр таңым
Қазақстан – батырлар елі, ер елі.
1. Қандай тірі организмдер бірінші пайда болды? балық, жәндік, құс
2. Қазақстан қандай табиғат зоналарда орналасқан? Орманды дала, дала, шөлейт, шөл
3. Шалғын деген не? Шөптесін өсетін жер
4. Шалғында қандай жануарлар көп? жәндіктер
5. Далада қандай жануарлар ұйқыға кетеді? Саршұнақ, кірпі, суыр
6. Шөлдегі салқын мезгілде өсетін өсімдіктерді ата. Қияқ, қазжуа
7 Қандай орманның аңқыған хош иісі бар? Қарағайлы орман
8 Теректі ауданы қанадай табиғат зонасында орналасқан? Шөлейт
9 Юбилейный ауылында қандай өсімдіктер кездеседі?
10 Біздің ауылда қандай жабайы жануарлар кездеседі?
3. " Кім тапқыр? " ойыны
Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырып, Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар аттары шығады.
1 Бызжал −Жалбыз 4 Сқырқа− Қасқыр 7 Бормик− микроб
2 Шұнсарақ− Саршұнақ 5 Денебө− Бөдене 8 Кіребе− бекіре
3 Санжу −Жусан 6 Нәркөк −Көкнар
4 «Кім жылдам?» сайысы Тест
1Биосфера географиялық қабықтың қандай бөлігі болып саналады?
а\ организмдер қоныстанған бөлігі
ә\ атмосфера, жер бедері б\ мантия, ядро
2 Жердегі организмдер қай қабатта таралған?
а\ жер қыртысы, ядро ә\ ноосфера, гидросфера б\ литосфера, стратосфера
3 Ең құнарлы топырақ
а\ күлгін ә\ қарашірік б\ қараша
4 Табиғат компоненттерінің қайсысы бір−бірінің өмір сүре алмайды
а\ су, ауа ә\ ауа, өсімдік, топырақ б\ ауа, топырақ, жарық
5 Ең үлкен табиғат кешендері
а\ көл, өзен ә\ тау, жазық б\ материк, мұхит
6 Планетамыздың органикалық заттарды ыдырататын санитарлары
а\ микроағзалар ә\ құстар б\ жануарлар
7 Қазақстан аумағында дала мен шөл зонасының арасында орналасқан табиғат зонасы а\ шөлейт ә\ саванна б\ орман
8 Өсімдіктердің жер бетінде қанша түрі бар?
а\ 600 мың ә\ 400 мың б\ 500 мың
11 Жануарлардың қанша түрі бар?
а\ 500 мың ә\ 1 млн б\ 2 млн
12 Жердегі алғашқы өте қарапайым ағзалар қанша жыл бұрын пайда болды
а\ 2 млрд ә\ 1 млрд б\3 млрд
11 Қазақстандағы ең ыстық жер
а\ Қызылқұм ә\ Бетпақдала б\ Үстірт
12 Дала құсы дуадақтың салмағы
а\ 14 кг ә\ 16 кг б\ 26 кг
13 Қазақстанның 40% ын алып жатыр
а\ дала ә\ шөлейт б\ шөл
14 Шөлде жазда топырақ қанша градусқа қызады?
а\ 70 ә\ 20 б\ 100
15 Өсімдік жапырақтарында жасыл пигмент
а\ ядро ә\ вакуоль б\ хлорофилл
ІҮ Қорытындылау.
Қазылар алқасы екі топтың жинаған ұпайлары бойынша қай топ жеңгенін
анықтап, белсенді қатысқан оқушыларды атайды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×