Сабақтың тақырыбы:
Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жер құрылысының жалпы сипаты және литосфера туралы жалпы түсінік алады.
Дамытушылық: Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.
Тәрбиелік: Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.
Оқу нәтижелері:
Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін - бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.
Түйінді идеялар:
Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой - пікір, пайымдары қалыптасады.
Ресурстар:
Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс парағы
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:
І. Топқа бөлу. Кәмпиттер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу
Әр топтың топ басшылары тағайындалады.
ІІ. Сергіту сәті. «Шырша» клипі бойынша.
ІІІ. Өткенді қайталау:
1. «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» стратегиясы арқылы.
1 - топ.
1) Жер беті глобуста нақты түсірілген.
2) Картаның глобустан айырмашылығы күнделікті сабаққа алып жүруге қолайлы.
3) Физикалық картада көк түспен тауларды белгілейді.
2 - топ.
1) Кез келген картада жоғарғы жағы – оңтүстік, төменгі жағы – солтүстік бағыттарын көрсетеді.
2) Географиялық карталар пайдалануына қарай сабаққа арналған, туристік, көлік жолдары т. б карталар деп бөлінеді.
3) Қамту аймағына қарай облыстық, мемлекеттік, материктік, дүние жүзілік деп бөлінеді.
3 - топ.
1) Масштаб – белгілі бір территорияны картаға түсірген кезде алымы бірліктен, ал бөлімі неше есе кішірейтілгендігін көрсететін сандық бөлшек.
2) Масштабтың 3 түрі бар.
3) 1 см - де 1000 м немесе 1 см - де 5000 м – бұл сандық масштаб болып табылады.
ІҮ. «Миға шабуыл» стратегиясы
Ғарышты зерттеу оңай ма, әлде жердің ішін зерттеу оңайырақ па, қалай ойлайсыңдар?
Оқушылардың ой - пікірлерін білу.
Ал олай болса біз бүгін Жер құрылысының жалпы сипатымен танысамыз.
Ү. Мағынаны тану. «Менен сұрақ – сенен жауап» стратегиясы
Ең алдымен бұл тақырып бойынша әр топ оқулық мәтінін пайдалана отырып оқып шығады. Содан соң сол мәтіндер бойынша сұрақтар құрады. Әр топтан 10 сұрақтан. Соңынан топтар сол сұрақтарды бір - біріне қояды.
ҮІ. Ой толғаныс.
1. Электрондық оқулық бойынша жұмыс. (Литосфера туралы)
2. «Алтын балыққа арналған аквариум» стратегиясы.
Жаттығудың сипаттамасы:
Барлығын түсіндім сұрақтарға жауап бере аламын деген оқушы ортаға шығып алтын балыққа арналған аквариумда отырады, басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете алады және т. б.
ҮІІ. Бағалау: оқушылар өзін - өзі бағалайды.
ҮІІ. Кері байланыс. Кері байланыс парағын толтырады.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: Эссе жазу (Жер ішіне саяхат).
Жер құрылысының жалпы сипаты
- Hairat_78
- 21 наурыз 2014
- 8248
- 0
- 0
Ілмек сөздер: жаратылыстану, литосфера, жер құрылысы сипаты
Ұқсас жаңалықтар:
ХЭПЖ s-элементтерінің орны, атом құрылысының ерекшелігі
Оқу мақсаты: Оқушылардың металдардың жалпы сипаттамасы тарауынан алған білімдерін периодтық жүйедегі s – элементтердің периодтық жүйедегі орны туралы...Етістік райларынан өткенді қайталау
Жалпы мақсаты: Оқушылардың етістіктің рай категориясы туралы алған білімдерін бекіту, тұжырымдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Әр түрлі...Бақшада
Білімділік: Өсімдік аурулары жөнінде мағлұмат беру, оларды емдеу жолдарымен таныстыру Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызекі...Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы
Сабақтың тақырыбы Географиялық қабық – Жердің ерекше, кешенді қабығы Жалпы мақсаты Оқушыларға географиялық қабық - жердің ерекше, кешенді қабығы...Жер құрылысының жалпы сипаты Литосфера
Ақмола облысы,Зеренді ауданы, Бірлестік орта мектебінің география пәні мұғалімі Який Хайрат...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.