Тақырыбы: Атажұрт
Мақсаты: Атажұрт этнографиялық - географиялық танымдық ойын арқылы оқушылардың тарихи - географиялық білімдерін кеңейту.Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Түрі: сайыс
Құрал - жабдықтар: Қазақстан Республикасының картасы, компьютер, интерактивті тақта, слайдтар.
Барысы: І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІІ. Қорытында бөлім
І. Кіріспе бөлім.
Кештің мақсатын, барысын түсіндіру.
Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу.
ІІ. Негізгі бөлім.
Барысы: І тур. «Тырнақалды»
ІІ тур. «Қанат қақты»
ІІІ тур. «Самғау»
ІV тур. «Шырқау»
V тур. «Шарықтау»
VІ тур. «Жерұйық»
I. Тур. «Тырнақалды» (капитандар сайысы).
1 - топ
1. Қазақстан неше елмен шектеседі? (5еллмен)
2. Қазақстан Туының авторы? (Ш. Ниязбеков)
3. Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым? (Ш. Уәлиханов)
4. Қазақтың ұсақ шоқысын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)
5. Қ. Р. орналасқан климаттық белдеу? (қоңыржай)
6. Астана қаласы қай өзен бойында жатыр? (Есіл)
7. Ең арзан көмір өндіретін кеніш (Екібастұз)
8. Орал тауының Қазақстандағы жалғасы? (Мұғалжар)
2 - топ.
1. Қандай топырақты еліміздің ең басты байлықтарының бірі санайды?(қара топырақ)
2. Қ. Р. Елтаңбасы авторлары? (Ш. Уәлихан, Ж. Мәлібек)
3. Ертіс өзені құятын ағынды көл? (Зайсан)
4. Алаты қаласы қай таудың етегінде орналасқан? (Іле Алатауы)
5. Қашқарияға саяхат жасаған ғалым? (Ш. Уәлиханов)
6. Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар? (24)
7. Каспий алабының ең ірі өзені? (Жайық)
8. Темір рудасына бай облыс? (Қостанай)
II Тур. «Қанат қақты» (топпен жұмыс).
Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі.
1 - топ.
1 - тапсырма. «Адасқан терминдер»
Бриз - Ғылым
Пампа - Мұз
Айберг - Жанартау
Демография - Дала
Лава - Жел
Изотерма - Глобус
Еңбек ресурсы - Сызық
Экватор - Халық
2 - тапсырма. Жұмбақтар шешу.
Салынған көпір керемет,
Қызығушы өте көп.
Ал бірақт не керек,
Кісі өтетін жолы жоқ. (кемпірқосақ)
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр)
2 - топ. 1 - тапсырма. «Адасқан терминдер».
Мұхит - Нәсіл
Азимут - Аң
Архипелаг - Штат
Атлас - Эра
Кайот - Арал
Негр - Су
Техас - Карта
Архей - Бұрыш
2 - тапсырма. Жұмбатар шешу.
Қаратаудың басында,
Киік кетіп барады.
Қол - аяғы бауырында,
Тиіп кетіп барады. (Тұман)
Ешбір тірексіз күмбез,
Ешбір сүйексіз күмбез.
Ешкім көтере алмайтын күмбез,
Ешкім төңкере алмайтын күмбез. (аспан)
IIIтур. Самғау. (Жанкүйерлер)
1 - топ. Көлге қатысты.
Бұл көл шығыс Қазақстан облысының өзі аттас ауданындағы ағынды көл. Жоғарғы Ертіс алабында, Қазақстанның таулы аймағындағы ірі көл. 1434м. биіктікте жатқан тектоникалық қазаншұңқырда. Ауданы - 455км. Ұзындығы - 38км; ені - 19км; жағалау сызығы - 95, 5км, тереңдігі - 27м. Бұл көлге бірнеше кішігірім һзендер құйып, бір ғана Қалжыр өзені ағып шығады.
(Марқакөл)
2 - топ. Тауға қатысты.
Бұл тау жүйесі Солт.- Алакөл қазаншұңқыры мен Оңт.- Іле өзеніаңғарымен шектелген. Солт. Шығ. Оңт. Батысқа қарай 450км - ге созылып жатыр. Қытай мен қазақстан шекарасында. Осы тау мен барлық жотасының аралығында осы тай аттас аталатын тау аралық ойыс бар. Ол Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосады. Ең биік жері - Бесбақан шыңы.(4622).
(Жоңғар Алатауы).
IVтур. Шырқау.(торкөздегі тапсырмалармен жұмыс).
№1. Қалаға қатысты.
196мың тұрғыны бар бұл қала Қазақстанның оңт. бат орналасқан облыс орталығы. 1817жылы керуен жолдарының қиылысында әскери бекініс ретінде салынған. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыған. Ірі кәсіпорындардан күріш тазалау зауыты, ет және сүт өнеркәсібі комбинаттары бар. Қала қазіргі уақытта Қазақстанның маңызды мәдени орталығы болып саналады. Қосымша көмек бұл қала 1925 - 1929ж. ж Қазақ АКСР астанасы болды. (Қызылорда)
№2. Еліміздегі жазыққа қатысты.
Бұл жазық оңтүстік шығысында Жоңғар Алатауы, оңтүстігінде Іле Алатауы мен батысында Шу - Іле тауларының аралығында жатқан аймақ.. жазықтың құрылысына тән ерекшелігі өзін қоршап тұрған тауларға қарай 350м - ден 600 - 700м - ге дейін биіктейтіндігінде. Бұл жазықта Тау құм, Сарыесік, Атырау құмы, Бақанас тақырлы сазды - құмды жазығы созылып жатыр. Қосымша көмек бұл жазық оңт. өзімен аттас үлкен көл орналасқан.
(Балқаш маңы жазығы)
№3. Облыс.
Бұл облыс 1932жылы құрылған. Аумағы - 428мың км. Облыста 9селолық ауд., 11қалалары, 39поселкалар, 556селолық және ауылдық округтер бар. Аумағы аласа таулы, ұсақ шоқылы, жоталы жазық. Облыс Сарыарқаның оңт. қамтиды. Обл Б - Ұлытау тауы, Ш - Қарқаралы тауы, оңт бат. және оңт. бөлігінде Арал бойы Қарақұмы және Мойынқұм құмдары бар.
Қосымша көмек: аумағы жөнінен респ. 1 - орыналады. (Қарағанды обл.)
№4. Еліміздегі қорыққа қатысты.
Бұл қорық 1976ж. Құрылған. Қорық Солт. Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен Оңт.- т. д. 1447м. биіктіктегі Азутау жотасы арасында орналасқан. Жалпы аумағы - 75мың га. Қорықта сүтқоректілердің 58түрі, құстардың 260 - қа жуықтүрі мекендейді, өсімдіктердің 721түрі кездеседі.
Қосымша көмек: Бұл қорық өзі аттас көл бойында орналасқан. (Марқакөл)
№5. Өзенге қатысты.
Орал тауынан басталып, Батыс Қаз. С - О - ке кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Ұзындығы - 2428км, респ. жеріндегі ұзындығы - 1082км. Негізінен қарсуымен қоректеніп, көктемде тасиды. Орташа жылдық су шыығыны 400м. секӨзен тасығанда деңгейі 9 - 10 - ге көтеріледі.
Қосымша көмек: Басты салалар - Самаа, Шаған, Елек, Ор. (Жайық)
№6. Қалаға қатысты.
Бұл қаланың іргесі 1938ж. Кегір су қоймасының жанында қаланған. Қала статусын 1954ж алады. Бұл қала мемлекетіміздің түсті металлургия орталықтарының бірі, яғни мыс балқыту орталығы болып есептеледі. Қалада тау - кен байыту комбинаты орналасқан.
Өосымша көмек: Қаланың қалануына маңызды рөл атқарағн қазақтың ұлы ғалымы Қ. И. Сатпаев. (Жезқазған)
№7. Архитектуралық ескерткішке қатысты.
Бұл көне арх - қ әуелі Қарахан дәуірінде (XII) тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIVғ. Аяқ шені мен XVғ. Қайта салынған. Бұл кесене түркі халықтарының тәу ететінорталығы болған. БҰҰ - ң дүние жүзілік ескерткіштері қатарына енгізілген бұл кесене халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымыздың дейін жеткізген ғажайып асыл туындыларының бірі.
Қосымша көмек: Әмір - Темірдің бұйрығымен салынған бұл кесене Түркістан қаласында орналасқан. (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі)
№8. Ән сұрақ.
Бұл әнде еліміздің оңт. шығ. орналасқан табиғаты көркем де әсем, биік тауларымыздың біріне қатысты айтылған. (Алатау)
№9. Ән сұрақ.
Бұл әнде еліміздің оңт. шығ. орналасқан әсем қалаларымыздың біріне қатысты айтылған. (Алматы)
Vтур. Шарықтау.(сурет бойынша анықтау).
№1. сурет.
Бұл суретте еліміздің оңт. шығ орналасқан үлкен көлдерінің бірі бейнеленген. Көл т. д. 342м биіктікте жатыр. Ауданы - 18200км, ұзындығы614км, ені - 74км, жағасының ұзындығы2383км. Суының көлемі106км.
Қосымша көмек: Бұл көл ауданы бойынша Қазақстандағы үшінші көл.
(Балқаш көлі)
№2 сурет.
Бұл суретте еліміздің солт. Табиғаты әсем, еліміздің көрікті, сұлулығымен көз тартар көлдеріміздің біріне қатысты бейнеленген.
Қосымша көмек: Бұл көлдің бойында еліміздің ең әсем курорттардың бірі орналасқан. (Бурабай көлі)
№3 сурет.
Бұл суретте география ғылымына көп үлес қосқан, біздің заманымыздан бұрынғы 3ғ. өмір сүрген грек ғалымы бейнеленген. Бұл кім?
(Эратосфен)
№4сурет.
Бұл суретте орыстың көрнекті ғалымы, саяхатшысы бейнеленген. 1827 - 1914ж. ж. өмі сүрген ол Қазақстанжәне Орта Азияға экспедициялар жасап, көптеген зерттеулер жүргііп, соның нәтижесінде Қазақстан таулары, нақты тың мәліметтер қалдырған.
Қосымша көмек: Бұл ғалымның құрметіне осы өзі зерттеген таудың есімі ғалім атымен бірге аталады. (П. П. Семенов - Тян - Шанский)
VI тур. Жерұйық. (жеңген топпен).
Еліміздегі тауға қатысты.
Бұл тауды Орталық Тянь - Шаньнан Кеген тау аралық ойысы бөліп жатыр. Бұл таудың батыс аймағы Қазақстан, шығысы Қытай жерінже жатыр. Оңт. шығысқа қарай 300км - ге созылып жатыр, ені - 40 - 50км. Ең биік жері - Небесная тауы - 3652м. Эффузиялық жыныстардан, әктас, граниттен түзілген. Тау үсті жайпақ, беткейлері өзен аңғарларымен тілімденген, тік құлама шатқалды келеді. (Кетпен жотасы)
ІІІ. Қорытынды бөлім: жеңімпаздарды марапаттау
Атажұрт
- Hairat_78
- 19 наурыз 2014
- 5298
- 0
- 0
Ілмек сөздер: география, мектептен тыс іс-шара, Қазақстан табиғаты
Ұқсас жаңалықтар:
Алтай тауы
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары,...Балқаш көлі
Сабақтың тақырыбы: Балқаш көлі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Балқаш көлінің табиғатын, көлге құятын басты өзендер мен батыс бөлігі, тұщы...Каспий теңізі
Сабақтың тақырыбы: Каспий теңізі Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Қазақстанның ірі көлдерімен таныстыру. Олардың физикалық географиялық жағдайына...Солтүстік Қазақстан облысының өзендері, көлдері, бөгендері
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның география пәнінің мұғалімі: Габдуллина Аяжан Нуржанқызы...Атажұрт
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Алданазарова Камила Алданазаровна Тақырыбы: Атажұрт. Мақсаты: а) білімдік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.