Сайтқа кіру Тіркелу

Ғұндар мемлекеті

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Ғұндар мемлекеті
Ғұндар – бір замандарда азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса байырғы халықтардың бірі. Хундар (ғұндар) үлкенді - кішілі бірнеше мемлекет құрған.
Ғұндар үлкенді - кішілі бірнеше мемлекет ұрған. Солардың ішінде тарихта зор із қалдырған ең үлкен һәм ең белгілі екі империя мәлім. Оның бірі – қытайлар шаньюй Туман деп атаған Тұман (Туман, Теоман жабғу) құрған мемлекет. Тұман (Бумын) б. д. д. 209 жылы дүние салған. Оның кезінде хун мемлекеті біршама әлсіреді, есесіне оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мао Дунь) «Хундардың ұлы империясын» құрып, б. д. д. 209 - 176 жылдарда билеп тұрды. Екінші империя – Аттиланың (Еділ патша) империясы. Оның заманында ғұндар Шығыс Еуропадан Сырдарияға дейінгі байтақ жерді мекендеген халықтарға иелік етті, ол мемлекет «Хундардың батыс империясы» деп аталды.
Еуропалық оқымыстылар да, қытайлық ғалымдар да сол бір алыс заман көшпелілерін әртүрлі атаған. Әрбір ғасырда жылнамашылар мен тарихшылар хундарға өздерінше ат қойып отырған. Ал қытайлар сол халыққа отыз екі түрлі атау таңған. Қазақтар мен басқа түркі халықтары оларды «хундар» деп атайды.
Хун империясының оңтүстік шекарасы Ұлы Қытай қорғанының бойымен өтіп, ұзындығы 5000 шақырымға созылған... Хун империясының шығыс шекарасы Сары теңізге дейін жеткен, солтүстік шекарасы Байкал көлінде, батысы – Хазар (Каспий) теңізінде межеленген. Бұл империя сол заман үшін ең ірі ел болған...
Хун мемлекетінде билікті мұрагерлік жолмен шешу берік ұстанған. Егер жазба жәдігерлерден белгілі алғашқы әмірші Тұманнан бастап есептесек, Хун империясы Солтүстік және Оңтүстік болып бөлінетін б. д. д. 46 жылға дейін билік басында 22 қаған болған екен. Еуразия тарихында өшпес із қалдырған «Хундардың батыс империясының» императоры Аттила өзін Құдай текті Мөденің ұрпағымын деп білген.
Хундарда ер адамдар шеттерінен жауынгер болған. Бейбіт уақытта мал баққан, бидай еккен, қол өнерімен айналысқан. Олар әлемде темір, мыс, қола қорытумен шұғылданып, алтыннан және металдан түрлі бұйымдар мен әшекейлер жасаған. Олардың ішінде теңдессіз шеберлер болған. Хундар биік қабырғалармен қоршалған, гүлденген қалалар салған.
Хундардың күнделікті өмірдегі әдет - ғұрыптары мен дәстүрлері, киім үлгілері, азық - түліктері мен тағамдары, ел мен шаруашылықты басқару қағидалары қазақтардікімен толық сәйкеседі. Кеңкөлдегі, Пазарықтағы, Нойон уладағы, Орхон мен Енисейдегі, Іледегі археологиялық олжалар мен зерттеулер бұл пікірдің дұрыстығын дәлелдейді. Тіпті, біздің заманамызға дейін хұндардың жазба мәдениеті болмаған деп есептеліп келді. Тастардағы Орхон - Енисей, Талас, Есік сына жазуларының хундарға қатасы жоқ деген пікір басым болды. Ұлы түрколог Лев Николаевич Гумилевтің еңбектерінде: «245 - 250 жылдары қытай елшісі Кан Тай Фунанға (Кампучияға) сапар шегіп, өз естеліктерінде мынадай жазба жасаған: «... Кампучиялықтарда кітаптар бар. Оларды архивтерде сақтайды. Кітаптардағы жазу хундардың жазуына ұқсайды», - деген хундарға қатысты айғақ бар». Егер хундардың жазуы болмаса, онда қытай елшісі Кан Тай Фунан жазуын немен салыстырар еді? Бұл сұраққа, сірә, біздің болашақтағы зерттеушілеріміз жауап беретін болар.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ғұндар

Ғұндар

Сабақтың мақсаты: Оқушылар ғұн мемлекетінің ерте кезеңі, мемлекеттік құрылымы, ғұн тайпаларының бірлестігі туралы, шаруашылығы, мәдениеті, жауынгер...
Халықтардың Ұлы қоныс аударуы

Халықтардың Ұлы қоныс аударуы

Сабақтың мақсаты: - Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орны және Атилланың өмірі туралы оқушылардың алған...
Ғұндар тарихы

Ғұндар тарихы

Сабақтың мақсаты: 1) Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы туралы білім...
Византия империясының құрылуы

Византия империясының құрылуы

Шығыс Рим империясының ұзақ өмір сүру себептерін ашып көрсету. Бұл мемлекеттің ертедегі орта ғасырдағы және дамыған орта ғасырдағы аумағын көрсете...
Ғұндар тарауы бойынша қорытынды –қайталау

Ғұндар тарауы бойынша қорытынды –қайталау

Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Өтепова Тойған Қуанышқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×