Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Сиқырлы жады - тас жайындағы миф
Жады - тас бұрын жануарларда болған. Олар оны ауыздарында сақтаған. Жады - тастың жәрдемімен жаңбыр, қар шақыруға болады. Егер Жады - тасты аңдаусызда өзенге түсіріп алса, қырық күн, қырық түн толассыз қар жауады. Кез келген өртті өшіруге де сиқырлы тастың көмегі тиеді.
Көп жұрт осынау керемет тасты қараңғы үңгірлерден, құрбандыққа шалынған қойлар мен сиырлардың ұлтабарынан, бүркіттер мен сұңқарлардың ұяларынан іздеген. Өйткені, бұл тас өзінің иесіне құдіретті күш дарытқан. Оның кереметімен бұлт астынан күнді шығарып алуға болады, сонда шөптер жайқалып өсіп, гүлдер қауыздарын ашады деп есептеген.
Сиқырлы тасқа ие адам болашақты болжайтын көріпкел болады. Ал шайқас кезінде оны жанында алып жүрген адам жарақат алмайды. Жау жебесі оны сырт айналып өтеді. Сөйтіп ол жеңілмейтін жаужүрек жауынгерге айналады. Сиқырлы тасы бар жауынгердің күші тасқындап, бір өзі жаудың жүздеген һәм мыңдаған әскерін жайратып жеңе алады. Зұлым жау қаншалықты толағай болса да, мұндай өжет батырға ол ергежейлі көрінеді.
Сиқырлы тасты іздеушілер көп болғанымен, ол тек әділеттілер мен ақылдылардың ғана қолына түседі. Шырқау көкте самғаған қыран бүркіттер ондай адамдарға құдіретті де ғажайып Жады - тасты өздері әкеліп береді.
Жаңбыр жауғызу үшін бақсылар Жады - тасты таяққа жіппен байлап, оны отқа қақтайды. Сосын таяқты басындағы байлаулы тасымен қоса жан - жаққа сермей бұлғап, айқайға басып, жыр толғайды:
Қайрақан - ау, Қайрақан!
Алас, Алас, ау, Алас!
Алақандай үлкен саңылауды аш!
Инедейін жасуды аш!
Мен – жаңбырдың дабылы,
Жаңғақ ағаш тамыры...
Көк перісі, жерге қаш!
Жер перісі, көкке қаш!
Алақандай үлкен саңылауды аш!
Инедейін жасуды аш!
Асқар таудың төсін сүй!
Абақан бұлақ көзін сүй!
Қайрақан, Қайрақан!
Алас, Алас!
(аударған Қорғанбек Аманжолов)
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Сиқырлы жады - тас жайындағы миф
- ramuk_b
- 23 қыркүйек 2020
- 2332
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар, аңыздар, балаларға арналған ертегілер
Ұқсас жаңалықтар:
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді ...
Аспан – ең құдіретті Жаратушының жаратылысы. Көк тәңірі – көк аспан. Аспан өзінің құдіретті тәуелсіз әрекеттерімен жақсылықты да, жамандықты да көк...Өттегі тасты қалай түсіруге болады?
Өт қалтасындағы тастардан бір - ақ тәулікте құтылудың мынадай оңай жолдары бар....Бесікке салу жоралғысы
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан...Қазақтың салт-дәстүрі, бесікке салу
Мақсаты: Балаларды өз елінің дәстүрі және өмірімен таныстыру. Балаларды өз елінің салт - дәстүрін білуге құштарландыру, сұрақтарға толық жауап беруге...Наурыз мейрамы дәстүрлі мереке
Алматы қаласы, №118 бала - бақша тәрбиешісі Шаймуханова Алия Бекенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.