Күй аңызы
Салық өлген
...бірде Баламайсаң (күйші) үлкейген шағында жанында замандасы бар «бұл неткен дарынды бала» деп 17 жасар Құрманғазыны «Сарыкөл-Самар» деген жерге арнайы іздеп келеді. Шамасы жас күйшінің атағы шыға бастаған шағы болу керек. Таныстықтан соң Құрманғазы өзі отырған жер атауымен «Сарыкөл-Самар» деген күй шығарып, тартып беріпті.
Шымырауыл құс
Шымырауыл аңғал құс екен. Даладан тауып алған қарақұстың жұмыртқасын өзінің жұмыртқаларына қоса басып шығарып, балапандарымен бірге асырайды. Қарақұстың тойымсыз балапаны жиде жемістерді місе тұтпай, бірде қызыл ет сұрап, шешесіне тап беріпті. Жыртқыштан әрең құтылған шымырауыл: «Жидек бердім жемедің, жеміс бердім жемедің, мені анам демедің» деп күйініпті. Осы аңызды Қазанғап домбыра сазына салып, күй тілімен сөйлеткен.
Қосбасар, 2-түрі
Қаршыға Ахмедияровтың күйі. Қызы АҚШ-та скрипкашы ретінде симфониялық оркестрде қызмет істеп жүргенде, әкесінің Қазақстанда отырып сағыныштан туған күйі.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Күйлердің шығу аңызы
- ramuk_b
- 23 қыркүйек 2020
- 2647
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күйлердің шығу аңызы, күй аңызы, аңыз әңгімелер
Ұқсас жаңалықтар:
Жетіген аспабының шығу тарихы
Баяғыда Жетіген деген қарияның жеті ұлы болыпты. Бір жылы елге зобалаң келіп, ұлдары өмірден өтеді. Көп жылап, жанары суалған қария ағашты ойып,...Құттық
«Құттық» /дәстүр/. Келін түсіріп, құдағи, құдашаларын аулына аттандырған келін атасына ауылдың оң жақта отырған бойжеткендері келіп «құтты болсын»...Самұрықтың зары
Ертеде самұрық атты құс болыпты. Оның жан - жануар біткенге қастығы жоқ екен. Бұл өңірге жазда келіп балапандап, балапанын ұшырғаннан кейін, басқа...Ысқырма
Әбілет пен Тәбілет балаларын үйге шақырғанда ысқырады екен. Ысқырықты естігенде жын - пері, диюлар әке - шешесіне қарай асығатын болыпты....Ақшолпан
Бірде Мәмен күйші жолаушылап келе жатып, Шолпан атты қыздың ұзатылу тойына тап болады. Шолпан атына заты сай, төңірегі ақыл көркімен ұнаған аяулы ару...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.