Салт - дәстүр сөйлейді
АШЫНА АТАУЫ
Әбілет пен Тәбілеттің алғаш туған баласы Ібіліс екен. Онан кейін Ашына деген қызды туыпты. Артынша Дию мен Жын деген егіз баласы дүниеге келіпті. Жынның нәсілі қыз екен. Олардың соңынан Түлен мен Құлан деген екі егіз ұл, Албасты мен Үббе деген екі қыз туады. Ібілістің өзінің туған қарындасы Ашынаға көңілі ауады. Бірақ әке - шешесі оны Жынға айттырып, ашынаны Диюға бермек болады. Ібіліс әке - шешесіне білдірмей Ашынамен көңіл құрады екен. Осыдан бастап некесіз қатынас қылып, күнә жасайтындарды «ашына», «ашыналар» деп атайтын болыпты.
Бір күні Әбілет пен Тәбілет оны біліп қойып, Ібілісті қуып жібереді. Ол ата - анасына ерегісіп, Алланың дәргейіне алаңсыз қызмет етуге кетіп қалады.
Әбілет пен Тәбілеттің ұрпағы жер бетінде арсыз, опасыз, ұятсыз, сайқал іс - әрекеттердің алғашқы ұрығын шашқан екен. Содан бастап осыған дейін Адам ұрпағын арсыз істерге шатылуы Әбілет пен Тәбілеттің ұрпағынан қалған екен деседі. Жер бетін ойрандағаны үшін періштелер оларды тозаққа сүйрей жөнеледі. Сол кезде олардың ұрпағы тым - тырақай қашады. Қапылыста Жын мен Дию күлге тығылады. «Күлдің үстінде ойнама», «күлді баспа», «күлді есіктің алдына төкпе» деген тыйымдар осыдан қалыпты. Албасты мен Үббе суға сүңгіп жоғалады. «Түнде суға барма», «түнде жалғыз шомылма» деген тыйымдар осыған орай айтылған. Құлан мен Түлен бұталардың арасына сіңіп, ғайып болады. «Бұтаның түбіне ұйықтама», «біссмілласыз жатпа» деп айтатыны осыдан екен. Ашына лас қоқыстарды паналапты. Ашына болған адамдар осыдан бастап жасырынып іс қылатын болыпты.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Ашына атауы
- ramuk_b
- 29 шілде 2020
- 2487
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дию мен Жын, Әбілет пен Тәбілет, Ібіліс туралы аңыз, ертегі
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Тыйымдар Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады. Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан...Самұрықтың зары
Ертеде самұрық атты құс болыпты. Оның жан - жануар біткенге қастығы жоқ екен. Бұл өңірге жазда келіп балапандап, балапанын ұшырғаннан кейін, басқа...Ысқырма
Әбілет пен Тәбілет балаларын үйге шақырғанда ысқырады екен. Ысқырықты естігенде жын - пері, диюлар әке - шешесіне қарай асығатын болыпты....Дәуітке тиіспе
Дәуіттің тұсында Ғайдуна деген қаланы ордалы жылан басады. Олардың көптігі сондай күрек басындай жерге он жылан сыяды екен. Қарсы келген адамға...Бөдене мен түлкі
Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.