ҚАБЫҢЫЗДЫҢ ІШІНЕ НЕ ТОЛТЫРЫП ЖҮРСІЗ?
Ертеде бір патшаның үш уәзірі болған екен. Бір күні патша үшеуін шақырып алып қолдарына бір - бір қаптан ұстады да, бау - бақшаға барып піскен жеміс - жидектермен толтырып алып келулерін бұйырады. Оларға бұл істі ешкімнің көмегіне сүйенбей өздері атқаруларына әмір етеді. Тосын бұйрыққа таңырқаған уәзірлер патшаның мақсатын түсіне алмаған күйі қаптарын қолтықтап бақшаға қарай беттейді.
Бірінші уәзір патшаны разы қылмаққа бекініп жемістің піскені мен ең жақсысын теріпті. Әрқайсысын мұқият қарап, құрт түспеген жемісті ғана жинауды мақсат тұтыпты. Адалдық танытып, қулықтан бойын аулақ ұстапты.
Екінші уәзір «патша жеміс - жидекті өзі үшін тергізіп жатқан жоқ қой, сол үшін оны тексеріп әуреленіп жатпайды» деп өзінше топшылапты. Қолына ілінгенді қапқа тоғытумен болып, жақсы - жаманын айыруға немқұрайлылық танытыпты.
Үшінші уәзір «патша соны жейді деймісің?» деп қабына шөп - шалам мен құр жапырақты толтырып алып келіпті.
Келесі күні патша үш уәзірді де қолдарындағы қаптарымен бірге үш айға бөлек - бөлек түрмеге қамауға бұйрық шығарады. Оларға сырттан су, тамақ кіргізуге тыйым салады.
Алғашқы уәзір өзінің терген жемісінің қызығын өзі көріп, үш айды алаңсыз өткізеді.
Екінші уәзір қабын ақтарып, жеуге жарамдысын әзер тауып қатты қиналады.
Үшінші уәзір бір айға жетпей аштан қатқан екен.
Бұл мысалдан түйер ғибратымыз сол – үш уәзір зынданға түскен кезде өзі терген қабындағы жемісімен күнелткені сияқты біз де ертең Алланың алдына барғанда, әрі бұл өмірде де өз қабымызда не бар, соған сай ілтипатқа ие боламыз.
Иә, біздің не істеп, не қойып жүргенімізді бастығымыз, ата - анамыз, туыс - туғанымыз бен досымыз, әріптесіміз көрмеуі мүмкін. Алайда, Алладан жасырын ештеңе жоқ. Жоғарыдағы мысалда келтірілгендей, біз қазір «дүние» дейтін алып бақтың ішінде жүрміз. Жақсы амалдар мен жаман әдеттерді таңдап, ой елегінен өткізіп, ішіндегі ең жақсысын теріп алуға толық мүмкіндік берілген. Кешігіп келген өкініш еш пайда бермейді. Сондықтан қабыңыздың ішіне не толтырып жүрсіз? Соны бір қарап қойыңыз.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қабыңыздың ішіне не толтырып жүрсіз?
- ramuk_b
- 29 шілде 2020
- 1534
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бұл өмірдің мәні, жақсылық жасау, ешкімге жамандық тілемеу, ертегі, аңыз
Ұқсас жаңалықтар:
Салиқалы бала қайдан шығады?
Үйде жүрсіз. Көршіңіз бірдеңе деп ұрыс шығарды. Сіз сабырлық таныттыңыз. Бетінен алып, төсіне шапқан жоқсыз. Керісінше, жақсылық жасадыңыз. Бұл үнемі...Үш жетім
Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының...Ақылды етікші
Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен орындап тұрады екен....Ғылманның өнері
Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әр түрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады....Гүлшат-Шеризат дастаны
Жігітке құдай берген қиын емес, Болғаным менің ақын биыл емес. Бетіне ақ қағаздың салып шимай, Қиссасын "Гүлшат - Шеризат" қылдым кеңес....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.