Үш жалқау жігіт күн кешкіре бір үйдің тұсына келеді. Ертеңгі жеріне ерте жету үшін ілгеріліп қонуды ойлаған олар үйден шыға келген қыздан:
— Бұдан былай қоналқалық жер бар ма? — деп жөн сұрапты.
Сонда қыз:
— Аз жүрсеңіз, Әлдеқайда деген жерге, одан ары өткенде Апақ-Сапақ деген жерге, одан сәл өткенде Әттеген-ай деген жерге барасыздар, — депті. Мұны ұққан жолаушылар ілгерілеп жүріп кетеді. Келе жатып қас қарая біреуі:
— Әлгі Әлдеқайда бар ма, жоқ па? — дегенде, тағы бірі:
— Ойбай, Апақ-сапақта қайда кетіп барамыз, — депті. Сонда үшінші жігіт тұра қалып:
— Әттеген-ай, әлгі қыз бізді қаңғыртқан екен ғой, — деп опық жепті.
Үш жалқау
- ramuk_b
- 2 қараша 2019
- 3045
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Үш жалқау, Үш жалқау ертегісі, ертегі қазақша, ертегі
Ұқсас жаңалықтар:

Екі дос
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады....
Ең әдемі гүл
Баяғы өткен заманда бір қалашықта әлемнің ең сұлу қызы өмір сүріпті. Қыздың сұлулығы соншалық, оны көру үшін өте алыс шаһарлардан, елдерден өте бай,...
Үш аю
Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, күн ысыған кезде үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі және...
Түлкі мен ешкі ертегісі
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті....
Қарлығаш
Ертеде бір бес ағайынды жігіт бар екен. Бесеуі бір байтеректің қасына жарты жер салған екен. Егіні піскен соң, түнде келіп біреу жеп кетеді екен....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.