Бір күні Тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреге жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп түр екен. Піскен нан иісіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкенi кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан келді екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.
- Нан, нан, сен қайдан келдің? - деді сыбырлап.
- Сатушыдан сұра, - деді нан. Тышқан сатушыға келді.
- Сатушы, сатушы, нан қайдан келеді?
- Наубайшыдан сұра, - деді сатушы.
Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.
- Нан қайдан келеді? - деді бір наубайшыға келіп.
- Диірменшіден сұра, - деді наубайшы.
Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналады. Екі адам үн тартып түр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып - жұмғанша қап - қап ұн пайда болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржиып, таңдана қарап тұрды да:
- Диірменші, диірменші, нан қайдан келеді - деп сұрады.
- Комбайншыдан сұра, - деді қырманшы қарт. Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді.
Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:
- Комбайншы, комбайншы, нан қайдан келеді? - деп сұрады.
- Көктемде тракторшы жер жыртады, тұқым себуші тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, қалың астық - сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайншы.
- Ой, мұның азап қой. Мен шалқайып жатып - ақ таба беремін, - деп қутың - қутың етті Тышқан.
- Әне, Мысық келе жатыр, - деді комбайншы. Сол - ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.
Мұхаметжан Етекбаев
Нан қайдан келеді? ертегі
- ramuk_b
- 10 қыркүйек 2019
- 4385
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Нан қайдан келеді, ертегі, бастауыш сыныпқа арналған ертегі
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарлар туралы жаңылтпаштар
Мысық күшікпен ойнамайды. Тышқан мысықпен ойнамайды. Мысық күшікті, тышқан мысықты Шын досым деп санамайды....Арыстан мен тышқан (мысал)
Ұйықтапты бір арыстан айдалада, Тыныштықтық алу үшін сай-панада. Үстіне арыстанның ойнақтапты, Бір тышқан іннен шығып сол арада....Епті тышқан бидайды таси берген
Епті тышқан бидайды таси берген, Шәкірті де көп екен қасына ерген. Қақпан құрған адамның айлаларын Алып тастап, жем жеген талай жерден....Нан қайдан келеді (ертегі)
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, № 19 мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Тілеубаева Алтын Ысқаққызы...Нан кайдан шығады?
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі: Жұмабек Гүлсана Сатқарбекқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.