Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.
«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.
Түлкі мен ешкі ертегісі
- ramuk_b
- 9 сәуір 2019
- 2591
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Түлкі мен ешкі ертегісі, ертегілер, балаларға арналған ертегілер
Ұқсас жаңалықтар:
Қарға мен түлкі
Ашылып түлкі жүрді жапандарда, Тамақ іздеп жол шекті сапарларға... Ешнәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға....Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегілер халқымыздың...Түлкі мен ешкі ертегісіндегі кейіпкерлердің салыстырмалы бейнесі
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. Ертегілер халқымыздың...Шыншылдық – Адамдықтың белгісі
Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Міндеттері: - шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету; - өзара адал...Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Өзін - өзі тану Сабақтың тақырыбы: Шыншылдық - Адамдықтың белгісі. Мақсаты: «Шындық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.