Сайтқа кіру Тіркелу

Мұрагер

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
- Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлықтарың мен ақылдылықтарыңды көрсетулерің керек,— дейді.

Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:
- Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды,— дейді.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
- Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді,— дейді.
Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:
- Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес,— дейді.
Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:
- Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың?— дейді.

Сонда кенжесі:
- Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын - күміспен апталған белдік те жоқ. Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, кайрат - жігерге толы жүрегім бар,— дейді.
Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.
- Жұмыс істей білген адам жұтамайды, - деп, өзінің кенже ұлын үй шаруасын басқаруға мұрагерлікке атайды.
Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×