Сайтқа кіру Тіркелу

Екі тышқан

Екі тышқан
Орыс халық ертегілері

Бірде шайдай ашық күні үй тышқаны еденнің астынан жүгіре шығып, орманның шетінде бұлақтың арғы жағындағы інде тұратын туысы дала тышқанына қыдырып барады.
- Сәлем, сіңлім!- деп қуанып қалады дала тышқаны. Жолда адасып кетпей, мұнда қалай жеттің?
- Адасатын несі бар? Онан да мынаны айтшы, әпке, ініңде мынау үйіліп жатқан не?
- Бұл өскін дән ғой, менің бірден - бір тамағым – наным осы, - деп маңғаздана жауап береді дала тышқаны.
- Міне, қызық, нан дей ме! – деп таңғалады үй тышқаны.
– Мен мұндай нанды жесем баяғыда - ақ аштан өлетін едім. Менің үйімде, әпке, тұрмыс бұдан мүлде өзгеше: таңертең – ет, түскі асқа – шошқа майы, ал кешкі асқа – қаймақ. Менің өмірім саған қарағанда, алтын екен. Жүр кеттік, менімен бірге тұр.
- Жарайды, кеттік.
Түнде екі тышқан да еденнің астынан шығады. Сонда үй тышқаны қара шегірткеден сұрайды:
- Шегіртке - ау, шегіртке! Мысық үйде ме екен?
- Жоқ, ол тышқанның терісін сатуға базарға кеткен, - деп жауап береді қара шегіртке.
- Демек, қолайлы сәт екен, - деп қуанады үй тышқаны. – Сен, әпке, осында іннің аузында қал! Мен қор жинап келейін, ал сен інге апарып таси бер. Екеулеп жылдам аяқтаймын.
Үй тышқаны осылай деп аттай бергенде, мысық көріп қалып, тап береді. Абырой болғанда, тышқан ініне зып етіп, кіріп үлгереді. Әйтпегенде, рахат өмірі тозаққа айналары сөзсіз болатын.
- Жарайды, ештеңе етпес – деп жұбатады үй тышқаны әпкесін, - пішеннің арасында шошқа майы бар. Солай қарай барайық.
Олар пішенге кіре бергенде, тағы бір қырсыққа тап болады: үй иесі есікті ашып кіріп келеді де, тышқандарды көріп, сыпырғышпен ұрғылай бастайды. Тышқандар әрең дегенде сытылып шығады.
Мұндай «салтанатты» өмірді көріп зәресі ұшқан дала тышқаны айтады:
- Меніңше үнемі қорқып - үркіп сен сияқты дәмді тамақ жегенше, өскін дәнімді алаңсыз жеп жатқаным артық сияқты. Мен өз дәнімді өзім жинаймын, өзгенің тамағына көз салып жүре алмаймын. Қош бол!
Ендігәрі дала тышқаны апасына қонаққа келмейтін болыпты, ал үй тышқаны болса, біресе үй иесінен құтылумен, біресе мысықтан сытылумен күн көріп жүрсе керек.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×