Дос іздеген Бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.
Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Бір күні анасы:
- Боташым, мен саған жақсы достан басқаның бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын әрі қызық емес дейді.
Бота өзіне ұқсайтын жалт - жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп жолға шығады.
Жайылып жүрген құлынды көріп:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп бота боздайды.
- Иһ - һ - һі, кел екеуміз дос болайық, - деп құлын кісінейді.
- Жоқ, сен сияқты дос емес, - дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін, бұзау болар, - деп құлын ботаны шығарып салады.
Бота бұзауға келіп:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп бота боздайды.
- Мө - ө - ө, кел екеуміз дос болайық, - деп бұзау мөңірейді.
- Жоқ, сен сияқты дос емес, - дейді бота.
- Мүмкін, қодық болар, - деп бұзау ботаны шығарып салады.
Бота қодыққа келіп:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп бота боздайды.
- И - а - и - а, кел екеуміз дос болайық, - деп қодық ақырады.
- Жоқ, сен сияқты дос емес, - дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін, қозы болар, - деп қодық ботаны шығарып салады.
Бота қозыға келіп:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп бота боздайды.
- Мә - ә - ә, кел екеуміз дос болайық, - деп қозы маңырайды.
- Жоқ, сен сияқты дос емес, - дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін күшік болар, деп қозы ботаны шығарып салады.
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп бота боздайды.
Әуп - әуп, кел екеуміз дос болайық, - деп күшік үреді.
- Жоқ, сен сияқты дос емес, - дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін, мысық болар, - деп күшік ботаны шығарып салады.
Бота мысыққа келіп:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды.
- Ми - яу, ми - яу, кел, екеуміз дос болайық, - деп мысық мияулайды.
- Жоқ, сен сияқты дос емес, - дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін, әтеш болар, - деп мысық ботаны шығарып салады.
Бота әтешке келіп:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды.
- Ку - ка - ре - ку! Кел, екеуміз дос болайық, - деп әтеш айғайлайды.
- Жоқ, сен сияқты дос емес, - дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін, қарға болар, - деп әтеш ботаны шығарып салады.
Бота қарғаға келіп:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды.
- Қа - а - рр, қа - а - рр, кел екеуміз дос болайық, деп қарға қарқылдайды.
- Жоқ, сен сияқты дос емес, - дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін, бақа болар, - деп қарға ботаны шығарып салады.
Бота бақаға келіп:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды.
- Бақ - бақ, кел екеуміз дос болайық, деп қарға бақылдайды.
- Жоқ, сен сияқты дос емес, - дейді бота күлімдеп.
- Мүмкін, ара болар, - деп бақа ботаны шығарып салады.
Бота араға келіп:
- Бө - ө - ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды.
- З - з - з - зз, кел екеуміз дос болайық, - деп ара ызылдап қуа жөнеледі.
Бота арадан зорға қашып құтылады.
Басы салбырап, ерні салпиып бота анасына келеді. анасы:
- Дос таптың ба, ботам? - деп сұрайды.
- Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен, - дейді.
Анасы жымиып:
- Өзің сияқты дегенім – адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек, - дейді.
Дос іздеген Бота
- aiboll
- 15 наурыз 2019
- 3173
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дос іздеген Бота, ертегілер, жануарлар туралы ертегі, дос іздеген бота ертегісі
Ұқсас жаңалықтар:
Еділ, Жайық - екі өзен
Еділ, Жайық - екі өзен, Талсыз болар деймісің. Көкшетаудың көп көлі Елсіз болар деймісің....Гүл туралы мақал-мәтелдер
Тікенексіз болса, Әтіргүл болар ма. Гүлдің орны – бұта, Төлдің гүлі – бота...."Дос іздеген бота"ертегісі (жаңа түрі)
Бұл ертегінің мән - мағынасы өте зор. Достық, бейбітшілікті ту еткен Қазақстан Республикамызда қаншама ұлт өкілдері өмір сүреді. Олардың бар мақсат -...Алгоритм түрлері. Сызықтық алгоритм
Сабақтың мақсаты: Білімділік: • Оқушыларға алгоритм түрлері туралы түсінік беру; • Сызықтық алгоритм туралы;...Тұрмыс салт жырлары тест
Қазақ әдебиеті 5 сынып 1 тоқсан. Тұрмыс салт жырлары тест 1. Фольклор дегеніміз - не ? а) халық даналығы б) ауыз әдебиеті в) жазба әдебиеті...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.