Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан суды қайнаттырып қойып:
— Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін, – деген шарт қойыпты.
Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе де қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты.
Ең соңында қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:
— Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін, – деп жан-жағына қарайды.
— Ендеше, іше ғой, – дейді аңдар аңтарылып.
Қоян ұзыннан-ұзақ қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:
— Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен көріңдер! – деп, бас-басына көрсетіп шығады.
Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шыққанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына бір-ақ көтеріп, сіміріп салады. Шошынған аңдар ауыздарын ашып, көздерін жұмысады.
Ал алданған арыстан патша қоянға көп-көп сыйлықтар бергізіп:
— Міне, нағыз ер! – деп мақтапты.
Тапқыр қоян
- ramuk_b
- 13 қыркүйек 2018
- 3763
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тапқыр қоян ертегісі, ертегі, ертегі кейіпкерлері
Ұқсас жаңалықтар:

Ұзын құлақ сұр қоян
Мақсаты: Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып ақ қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра білуге үйрету. Балалардың үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме...
Залым түлкі
Арыстан аға, сонау қарлы таудың ар жағында балбырап тұрған бау бар. Бұдан шыға берісте, көкорай шалғын сай бар. Сол сайдың бойында мыңғырып жайылып...
Қоян туралы мақал-мәтелдер
Асықпаған арбамен қоянға жетеді. Көптен қоян қашып құтылмас....
Жұмбақ
Һәр түрлі бір түбекті аң жайлаған, Арыстанды бастық қып хан сайлаған. Айдаһар, жолбарыстан уәзірі бар, Батырдың ғайратына жан таң қалған. Дос болған...
Жабайы аңдар
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Тажібаева Клара Шайханқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.