Сайтқа кіру Тіркелу

Витамидердің пайдасын білесіз бе?

Витамидердің пайдасын білесіз бе?
Жүктілік кезінде әйелдерге ерекше күтім керек екендігі белгілі. Оның ең бастысы – жақсы көңіл - күй мен дұрыс тамақтану. Ананың қажетті витаминдермен уақтылы тамақтануы бала денсаулығының кепілі. Сондықтан болашақ аналар білуге тиісті мына мәселелерге тоқтала кетейік.
Баланың денсаулығы дұрыс болуы үшін оның ағзасында темір, йод, мырыш жеткілікті болуы керек. Бұл маңызды микроэлементтердің жеткіліксіздігі мезгілінен бұрын босануға әкеп соғады. Сондықтан ол анаға да, балаға да қауіп тудыруы әбден мүмкін.
Темір жетіспеушілігі қаназдыққа әкеліп соғады. Мұндай жағдайда бала әлсіз болып туылады. Және еңбекке деген құлшынысы төмен әрі ұмытшақ келеді. Мамандар үш жасқа дейін қаназдыққа ұшыраған бала кел - келген аурумен күресуге дәрменсіз және интеллектуалы төмен болады деп есептейді.
Йод жетіспеушілігі ас қорыту мүшелеріне, бауыр, өтке әсер етеді. Ал дұрыс тамақтанбаған немесе дұрыс ас қорытпаған жағдайда адам ағзасында түрлі аурулар асқынады. Ағзадағы йод тапшылығы атеросклерозға әкеп соғады. Балалы болу бақытынан айырылған әрбір үшінші әйелде йод тапшылығы байқалады екен.
Мырыш жетіспеушілігінен бала салмағы аз және бойы кішкентай болып туады. Болашақта оның өз қатарластарымен тең өсіп кетуі күмәнді нәрсе. Ұл балаларда мырыш жетіспеушілігі ұрық әлсіздігіне, яғни ұрпақсыздыққа ұшыратады. Тіпті баланың ақыл - есі дұрыс дамымай қалуы да мүмкін. Мұндайда дәрігер кеңесіне құлақ түріп, дұрыс тамақтану қажет - ақ. Жүкті кезінде сымбатымды сақтап қаламын деп арықтаудың керегі жоқ. Аяғы ауыр ананың 9 - 12 кило салмақ қосуы заңды нәрсе. Болашақ ана жеміс - жидек, көкөніс, сүт тағамдарын көп мөлшерде пайдаланғаны дұрыс.
Картоп С витаминіне бай, адамдар оны күніне 75 мг. жеуі керек болса, жүктілік кезінде мөлшерін 100 мг - ге дейін көбейткен пайдалы. Одан адам семірмейді, есесіне картоп көп энергия береді. Тұздалған қияр мен жаңа піскен көкөністер де С витаминіне бай. Ол бала ағзасының ауруға қарсы күресу қабілетін арттырып, тіс еттерін қатайтады.
Капуста бактерияларды өлтіреді. Онда Н витамині көп. Ол шаш түсуден, таздықтан, тері аллергияларынан сақтайды. Оған сәбіз бен лимон қышқылын қосып жесе, аса пайдалы.
Кәдімгі нанда В1 витамині көп. Жүктілік кезінде нанды әдеттегіден 20 пайыз көп жеу заңды. Ол балаға күш беріп, туа бітті аурулардан сақтайды, ішек ауруларының алдын алады.
Банан – пайдалы тропикалық жеміс. Ондағы В6 витамині жүкті әйелдердің жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, мезгілсіз босанудан сақтайды. Ал сүт тағамдары ағзадағы кальций жетіспеушілігінің орнын толтырады. Ересек адамдар күніне 2 стакан сүт (йогурт, айран) ішулері керек. Онда 600 мг. кальций бар. Бұл – бір күндік норма. Ал жүктілік кезінде кальций қажеттілігі 1000 мг - ге дейін артады.
Көкөністегі А витамині адам ағзасының дамуында өте маңызды роль атқарады. Сары өрік, помидор, сәбіз, жалпы қызыл, сары түсті көкөністер тері ауруларынан сақтайды, ішкі құрылыс ауруларының алдын алады, көздің көруін жақсартып, жүрек соғысын реттейді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Халық емі: Сізге қандай витамин жетіспейді?

Халық емі: Сізге қандай витамин жетіспейді?

Сізге қандай витамин жетіспейді? Витаминдердің адам өмірінде маңызы зор екені белгілі. Ал олардың жетіспеушілігі ағзада қалай сезіледі? Бұл тапшылық...
Асқабақ – дәрумендер мен минералдарға бай өсімдік

Асқабақ – дәрумендер мен минералдарға бай өсімдік

Асқабақ – адамзатқа ежелден белгілі әрі аса пайдалы көкөністердің бірі. Ол өзінің бай дәрумендік құрамы мен емдік қасиеттерімен ерекшеленеді. Асқабақ...
Сәбіздің адам организміне пайдасы

Сәбіздің адам организміне пайдасы

Сәбіз – денсаулыққа аса пайдалы көкөністердің бірі. Оның құрамында адам ағзасына қажетті көптеген дәрумендер мен минералдар бар...
Көк шайдың пайдасы мен зияны

Көк шайдың пайдасы мен зияны

Көк шай (немесе жасыл шай) — әлемдегі ең танымал және пайдалы сусындардың бірі. Оның пайдасы туралы көптеген зерттеулер жүргізілген және ол...
Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?

Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма? Əрине, болады, болғанда қандай! Жыныстық қатынас еркек үшін де, əйел үшін де табиғи тұрақтылықты...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×