Кептірілген жемісті көбірек жеңіз
Жемістердің пайдасы бәрімізге белгілі. Дегенмен қыс маусымында оларды табу қиын. Бірақ бұл мәселенің шешімі бар: оны кептірілген түрлерімен алмастыру керек. Сонда ағза өзіне қажетті минералдардан тарықпайды.
Бұл жемістің балғын жеміс - жидектерден айырмашылығы – сусыз болуы. Кептіру кезінде ондағы пайдалы витаминдер мен минералды заттардың жартысы жоғалады. Әйткенмен натрий, магний, калий, кальций, темір және пектин сынды микроэлементтер мен жасұнықтар сол күйінде сақталады.
Кептірілген жеміс - жидектердің құрамындағы пайдалы элементтер қан қысымын қалпына келтіріп, шаштың түсуін тоқтатады, тырнақты қатайтады, жүрек жұмысын жақсартып, жүйкені тыныштандырады және ағзадағы артық суды шығарады. Сонымен қатар қандағы гемоглобинді бір қалыпта ұстап, барлық клеткаларды оттегімен қоректендіреді. Асқазан және ішек жұмыстарын бір қалыпқа түсіреді. Ал олардың жеке - дара пайдасы мынадай:
Кептірілген алмұрт. Құрамындағы биологиялық белсенділігі өте күшті заттар иммунитетті көтеріп, ағзадағы зиянды токсиндерді шығарады. 100 грамм кептірілген алмұрт құрамында 2, 3 грамм ақуыз, 62, 12 грамм көмірсу, 257 ккал бар.
Кептірілген інжір. Жемістің құрамындағы ерекше ферменттер ас қорытуды жақсартып, ағзаны темірге байытады. Ал басқа жемістермен салыстырғанда калийге өте бай. 100 грамм кептірілген інжірде 4, 5 грамм ақуыз, 54, 6 грамм көмірсу, 298 ккал болады.
Ананас. Оның құрамында витаминдер өте көп. Әсіресе А, С, көмірсу, жасұнық, магний, йод және беромелин ферментіне өте бай. Осы элементтердің арқасында ас қорытуды жақсартады. 100 грамм кептірілген түрінде 0, 8 грамм ақуыз, 82, 6 грамм көмірсу, 339 ккал болады.
Кептірілген банан. Құрамында көп мөлшерде қант болатындықтан адамға мол қуат береді. 100 грамм кептірілген банан құрамында 4, 5 грамм ақуыз, 54, 6 грамм көмірсу, 295 ккал бар.
Кептірілген манго. Бұл жеміс ағзаны қажетті барлық минералдармен қоректендіріп, қандағы қант құрамын төмендетеді. Теріні жасартатын қасиеті де бар. 100 грамында 9, 5 грамм ақуыз, 57, 6 грамм көмірсу, 640 ккал болады.
Ежелгі Қытай елінде үйлену тойына кептірілген жеміс - жидек беріледі екен. Тас ғасырынан бері жалғасып келе жатқан бұл үрдіс әлі де сақталған. Орта ғасырда кептірілген жемістер жеңсік ас (деликатес) саналған. Қазір оның түр - түрін сауда нүктелерінен қиналмай - ақ табуға болады.
Кептірілген жемісті көбірек жеңіз
- ramuk_b
- 20 қараша 2024
- 197
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кептірілген жемістер, денсаулыққа пайдалы, асқазан және ішек жұмыстарына пайдасы
Ұқсас жаңалықтар:
Жазылмайтын жараға ем
100 грамм жаңғақ дәнін бір литр зығыр майына салып, жақсылап араластырады. Екі апта бойы жабық ыдыста, қараңғы жерде сақтайды....Ағзадағы тұзды қуатын амал
Ақжелкекте алты түрлі қасиет бар. Медицинада одан гормондық препараттар жасалады. Оның адамның жүрек - қан тамырларын қорғау қасиеті бар....Қанды тазартатын төрт тұнба
2 литр суға 30 грамм кептірілген қырмызыгүл (календула) мен бүрген (калина) ұнтағын салып, отқа қоясыз. Қақпағын мықтап жауып, баяу отта 3 минут...Бүйректегі тасты шалқанмен түсірген
Үлкендеу екі қызыл, екі қара шалқанды (репа) еттартқыштан өткізіп, сығып, шырынын 300 грамм араққа араластырады....Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасы
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.