Қан тамырын тазалайтын тұнбалар
Таза бал мен даршын (корица) ұнтағын тең мөлшерде араластырып, емдік тосап әзірлеңіз. Оны күнделікті таңертең нанға жағып жеуді әдетке айналдырсаңыз, қан тамырлары бойындағы қақты кетіріп, инфаркт қаупін азайтады. Бұрындары инфаркт алған адамда қайтарма соққыны болдырмайды. Бұл ботқа қан құрамындағы холестеринді азайтады.
* * *
Бүрген (калина) қан тамырларының кеңіп, қанның жақсы жүруіне, сөйтіп қан қысымының төмен түсуіне әсер етеді. Ол үшін 1 кило бүргенді еттартқыштан өткізіп, оған 1 кило бал қосады. Екеуінің үстіне 0, 5 литр коньяк құйып, 1 апта тұндырады. Күнде қозғап тұру керек. Оны ас үстінде күніне 3 рет, 1 ас қасықтан ішеді. Бұл тұнба бүйректегі тасты да түсіреді.
* * *
Термосқа 1 ас қасық балғын қалақай (крапива) жапырағын, 2 - 3 дана қарақарақат жапырағын, 2 дана таңқурай жапырағын, 1 дана грек жаңғағының жапырағын саласыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, 30 минутқа бетін жауып қойыңыз. Сосын тұнбаны сүзіп алып, қалауыңызға қарай бал қосыңыз. Оны күніне 2 - 3 рет 0, 5 стаканнан ішеді. Емдік курсы – 21 күн.
* * *
Қан тазартудағы ерекше және ең ұтымды тәсіл – сәбіз шырынын ішу. Күніне бұл шырынды 0, 5 стаканнан 3 рет ішуге тырысқан жөн. Әрине, шырынды өзіңіз даярлағаныңыз дұрыс. Сәбіз шырыны иммунитетті көтереді, ішектерді де тазартады, бауырдың жұмысын жақсартады.
* * *
Қызылша шырыны да қанды жақсы тазалайды. Тек оны өңеште дерті бар адамдардың қолдануына болмайды. Ал басқалай сәбіз немесе алма шырынымен тең мөлшерде араластырып, күнделікті 2 рет – таңертең және кешке 0, 5 стаканнан ішкен дұрыс. Емделу мерізімі бір ай. Жылына бір рет жасауға болады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қан тамырын тазалайтын тұнбалар
- ramuk_b
- 9 қараша 2024
- 263
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қанды тазалау, дәрілік түнбалар, халық емін қолдану, қызылша шырыны
Ұқсас жаңалықтар:
Қанды тазартатын төрт тұнба
2 литр суға 30 грамм кептірілген қырмызыгүл (календула) мен бүрген (калина) ұнтағын салып, отқа қоясыз. Қақпағын мықтап жауып, баяу отта 3 минут...Қан қысымы төмендегенде
Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға...Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет....Ас содасының емдік қасиеттері
Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады....Бас ауруы, емдеу жолдары
Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.