Әжімді азайтудың амалы көп
1. Банан. Бананды езіп, оған жарты қасық зәйтүн майын қосып, біркелкі араластырып, бетке жақса әжімді кетіреді.
2. Күріш. Бұқтырылып піскен күрішті ыстықтай сүзіп алып, онымен бетті күріш майланып, қарайғанша ысқыласа тері көздеріндегі май мен кірді тартып алады. Соңынан таза сумен жуып тастаса тері көзі ашылып, жақсы тыныстап, әжім азаяды.
3. Мандарин. Оны қабығымен жаншып, спиртке шылап, тең мөлшерде бал қосып, бір апта тұндырып қою керек. Осы қоспаны бетке жақса теріні жұмсартуға және әжімды кетіруде көмегі көп.
4. Қызанақ. Оны ұсақтап турап, жаншып, шырынына азырақ бал араластырып бетке жақса әжімді жақсы кетіреді. Құрамындағы С витамині теріні құрғап кетуден, жарылудан сақтайды. Ондағы мол А витамині терінің серпінділігін сақтап, тері клеткаларының семіп, мүйізгектенуінің алдын алады.
5. Сүт. Бет жуған соң сиыр сүтін жағып, иектен жоғары өрлей массаж жасап, теріге толық сіңірсеңіз беттің қан айналымын тездетіп, терінің қоректенуін жақсартып, оттегімен қамдау мөлшерін жоғарылатады. Сонда тері әуелгідей серпімді қалыпқа келеді, жүзіңіз нұрланып, әжіміңіз азаяды.
6. Жұмыртқа. Азырақ жұмыртқа ағына жаңа сауылған сүт, бал және ұн қосып араластырып, қоймалжың ботқа жасап, бетке тегіс жағады. 15 минут өткен соң жуып тастаса теріні жұмсартады, жияды, әжімін кетіреді.
7. Талшын. Талшын (каштан) жемісінің дәнін ұнтақтап алып, балға араластырып, бетке жақса теріні үлбіретіп, бетті жылтыратады.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Әжімді азайтудың амалы көп
- ramuk_b
- 14 қазан 2024
- 231
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әжімді азайту, әжімді кетіру, маска жасау, бет күтімі
Ұқсас жаңалықтар:
Күйген жерге картоп басыңыз
Картоп шырынының біз біле бермейтін пайдалы тұстары көп. Оны асқазан гастритін емдеу үшін ішетіні көпшілікке мәлім. Ал күйген жер мен жараны тезірек...Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет....Теміреткіні қалай тез кетіруге болады?
Мен көп жылдардан бері денсаулыққа қажетті ем - дом түрлерін жинақтаумен айналысамын. Оны кітап жазу немесе адам емдеу үшін емес, өмірде түрлі...Бас ауруы, емдеу жолдары
Бас ауырғанда ауырсынуды жоятын дәрілер ішу міндетті емес. Халық емінің бас ауырғанда көмектесетін көптеген әдістері бар, бірақ алдымен дәрігерге...Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларға тері, оның құрылысы, маңызы, гигиенасы туралы түсінік қалыптастыру; тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.