Сайтқа кіру Тіркелу

Қанды тазартатын төрт тұнба

Қанды тазартатын төрт тұнба
Қырмызыгүл мен бүрген тұнбасы
2 литр суға 30 грамм кептірілген қырмызыгүл (календула) мен бүрген (калина) ұнтағын салып, отқа қоясыз. Қақпағын мықтап жауып, баяу отта 3 минут қайнатады. Сосын қақпағын ашпаған күйі оттан алады. Салқындаған кезде қабатталған дәкемен (бинтпен) сүзіп алып, балмен араластырыңыз. Дайын болған емдік тұнбаны бірнеше сағат тоңазытқышқа қою керек. Ем ретінде 300 мг. тұнбаны таңертең таңғы астың алдында ішесіз.
Ақтал тұнбасы
400 мг. суға үш қасық кептірілген ақтал (ива серебристая) ұнтағын саласыз. Баяу отта 10 - 12 минут қайнатады. Салқандаған кезде сүзіп алып, тағы да 4 сағат тұндырып қойыңыз. Дайын болған емдік тұнбаны 100 грамнан, тамақ алдында қабылдаңыз. Емді күніне 3 рет жүргізуіңіз керек. Мұны 1 айға дейін жалғастыруға болады.
Ақжелкен тұнбасы
50 грамм ұнтақталған ақжелкен (петрушка) тамырын 500 мг. суға салып, отқа қоясыз. Бір қайнаған соң оттан алып, 2 - 3 сағатқа тұндырыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, тамақпен бірге қабылдайсыз. Емді 1 стаканнан, күніне 3 - 4 рет жүргізуге болады.
Қайың шырыны
Бір апта бойы қайың шырынын үзбей ішсеңіз, қаныңыз тазарып, қан айналымы жақсара түседі. Нәтижесінде бойыңызды дендеген дерттен арыласыз. Өзіңізді жайлы сезініп, саулығыңыз жақсарады. Күніне 1 литр қайың шырынын ішуді әдет етсеңіз, өзіңізді ұзақ өмір сүрушілер қатарына жатқызуыңызға болады.
Халықтық әдістен бөлек, күнделікті тұтынатын кейбір тағамдар да қанды тазалауға қабілетті келеді екен. Нақтырақ айтқанда, лимон, сәбіз, брокколи, қызылша, алма және куркуманы жиірек тұтыну керек. Денсауылғыңыз мықты болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×