Лавр жапырағында шипа көп
Жапырағын жас бұтақтарымен қоса жылына екі рет – маусым - тамыз айларында қырқып алатын лаврдың жемісі қараша айында піседі. Оның дәнінен, тамырынан камфора иісті затын, эфир майын өндіреді. Қара теңіз жағалауы мен Жапонияда өсетін лаврдан бізге жететіні дәрілік заттары мен жапырақтары. Дегенмен осы кептірілген жапырақтың өзін емге қолдануға болады.
Суық тиіп, қатты жөтел қысқан кезде 2 тал лавр жапырағын бір стакан суға салып, үстінен 1 ас қасық ас содасын салады. 15 минут ақырын қайнатады. Осыған ас қасық мөлшерінде бал қосып жылыдай ішу кереК. Лавр жапырағын алып тастайды. Ішкен кзеде үнемі жылы болуы шарт. Бұдан жөтел тоқтап, қақырық шыға бастайды.
Көз былшықтанып, түйіліп аурыған кезде 4 тал жапырақты ұнтақтап, жарты стакан қайнап тұрған суға салып, бұқтырады. Осы сумен жылыдай көзді жуады. Тампон қояды.
Құлақтан ірің, су ақса лавр жапырағынан ұнтақталған 2 ас қасықты 1 стакан қайнап тұрған суға 2 сағат бұқтырады. Онымен құлақты жуады, аздап ішіне тамызады.
Геморрой мазалағанда 10 тал лавр жапырағын ұнтақтап, 1 стакан қайнап тұрған суға саплып, 1 сағат бұқтырады. Жылыдай дәкеге сіңдіріп, геморройға тампон етіп қою керек. Тампонды 2 сағат сайын ауыстырып тұрады.
Қан қысымын төмендету үшін 4 тал жапырағын 1 стакан қайнап тұрған суға жарты сағат бұқтырады. Таңертең - кешке ас алдында бөліп ішеді. Егер қан қысымы 160/90 болса жоғарыдағы мөлшерге 1 шай қасық аскөк (укроп) қосуға болады.
Лавр жапырағында шипа көп
- ramuk_b
- 24 қыркүйек 2024
- 173
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Лавр жапырағымен емделу, халық емі арқылы емделу, денсаулықты жақсарту
Ұқсас жаңалықтар:
Қан қысымы төмендегенде
Итмұрын, шетен, қара қарақат, тау алшасы жемістерін кептіріп, соның әрқайсысынан 2 ас қасықтан алып ұнтақтайды. Осы қосындыны 2 литр қайнаған суға...Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет....Саулық кілті: Ашығу
24, 36, 42 сағат ашығуды дұрыс өткізу туралы. Бүгін таңертең (сағат 7 - 8 кезінде) үгілген сәбіз бен қырыққабаттың салатын жеп тамақтанғаннан кейін...Ас содасының емдік қасиеттері
Күнделікті қолданыстағы ас содасы ауырғанда – дәрі, керек болса косметикалық құрал да бола алады....Бал араластырған су - шын мәнінде емдік құрал
Бал араластырған судың пайдасы: - Ас қорытуды қалыпқа келтіреді. Асқазан ішек жолдарының жұмысын жақсартады....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.