Саулық кілті: Ашығу (жалғасы)
Ұлы адамдар ашығуды ерекше бағалап, қырық күн судан басқа дәм татпай, ораза ұстаған. Жүйелі түрде ашыққан адамның ақыл - ойы артып, ғылымға терең бойлап, тіршіліктің жасырын сырын ашу қабілетіне ие болады. Саналы түрде табандылықпен ашықсаң, рухани, ақыл - ойыңды жетілдіреді. Оқығаның есте қалып қана қоймай, кітапты қолыңа ұстап оқып отырғандай боласың. Үш күндік аштықтан кейін ой түбіндегі ақыл - ойдың пердесі ашылғандай сезінесің. Көңіл қоюды талап ететін маңызды мәселе қарапайым болып қалады. Есте сақтау қабілетің ұстараның жүзіндей өткірленеді. Бұдан көп жылдар бұрынғы оқиғаның қай жерде, қашан болғанын, адамдардың атын еске түсіре аласың.
Сөйтіп, ашығу денені тазарту, ойлау әрекетін жақсарту және рухани күшею сияқты үш бағытта әсер етеді.
Ми естігенін есте сақтап, жаңа білім, ғылыммен қарулана береді. Өмірдің тағы бір қызығы – тату - тәтті тыныштық орнап, ішкі сезімнің байсалдылығы артады. Асқазанның құлы болма. Қыдырыстап, қонаққа шақырылып, ішіп - жегенді есептемегенде, көпшілік адамдар таңертең, түсте, кешке үнемі бір мезгілде жүйелі түрде үш рет тамақтанады. Аш - тоқтығына қарамай, бейшара денесі артық жеген, ең қауіптісі жаман аспен тамақтанатындығында болып отыр. Сондықтан да денсаулық мәселесі туындай беретіндігіне таң қалудың қажеті жоқ.
«Адам пышағы мен шанышқысы арқылы тірісінде өз көрін өзі қазады» деген қанатты сөз тағы бар. Көпшілік адамдар асқазанына демалыс бермейді. Олар ас қорыту, сыртқа шығару жүйесіне үнемі салмақ салады. Осының салдарынан ас қорыту бездері, асқазан, бүйрек, қан айналымы, ішек құрылысы саптан шыға бастайды. Ақырында бүкіл дене қалыпты қызметінен айрылады. Ашығудан кейін бұрынғыдай үйреншікті артық тамақ жеу қажетсіз болып қалады.
Ашыққан кезде асқазаннның көлемі кішірейеді. Бұрынғыдан екі есе аз тамақтансаң да өзіңді артықша сезінесің, көрнекті көрінесің. Өзіңді - өзің осы қалыпта ұстауға ұмтыл. Ескі әдетпен сорпаланып, жүз грамдатып жатып алма. Күніне үш рет дәстүрлі тамақтану арасында аузыңа тіске басар салма. Оның орнына аптасына 3 - 4 тәулік, не жылына 7 - 10 күн тамақтан бас тартып, ашығып әдеттенсең сол пайдалы. Ал жылына 20, 30, 40 күн ашықсаң да еркің. Қарт адамдар үшін 1, 3, 4, 5 тәулік ашығу жеткілікті. Жасынан ашығып әдеттеніп үйренбеген қартқа ауыр болуы мүмкін. Ашығуды бірте - бірте жүйелі түрде дағдыға айналдыр. Сөйтіп сабырлылық, байсалдылық, қанағаттылық, имандылығың мен төзімділігің қаншалық дәрежеде екенін сынап көр. Ашығып жүргеніңді шамаң келсе басқа жанға білдірме. Олардың ішінде, адал жолдан тайдыратын үгітші көп. Ондай білімсіздердің сөзіне құлақ салма. Олар сені сынайды. Арақ та ұсынады, қорқытады да. Арамдық пен адалдықты ажырата біл. Азғырушылардың тіліне еріп азба. Ашығу әркімнің өз басының ісі. Өзіңе қажетті ісіңнің әділдігіне сенімді бола біл. Сенбесең жолама. Сенімсіз дүние бос.
Табиғаттың сыналған даналығы: тазартушы, жаңартушы, жасартушы күшіне сенім арт. Сонда ғана табиғат сені ауру - сырқаудан құтқара алады. Егер табысты ашыққың келсе, денеңді ақылмен басқара біл. Ақылы жоқтың қайрат - жігері де жоқ. Осы айтылған кеңестерді оқып шыққаннан кейін ашығу жоспары, өміріңе жаңа сапа береді. Немесе ақыл - ой ақылсыздықтан биік орынға шығады. Белгілі уақытта тамақтанып әдеттенген адамның ақыл - есі мықты. Тоғышар ұйқыдан ояна сала тамақтанады. Асқазан бастаушы, ақыл - ес оның тілегін қостаушы болып қалады. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Саулық кілті: Ашығу (жалғасы)
- ramuk_b
- 2 ақпан 2022
- 859
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ашығу, ашығу арқылы денсаулықты түзеу, денсаулыққа қарау
Ұқсас жаңалықтар:
Саулық кілті: Ашығу
Барлық аурудың 99 пайызы дұрыс емес, табиғи емес тамақтанудан шығатынына сенесіз. Адамдар өздерінің ауруын, мезгілсіз қартаюын не болса содан көреді,...Саулық кілті: Ашығу
24, 36, 42 сағат ашығуды дұрыс өткізу туралы. Бүгін таңертең (сағат 7 - 8 кезінде) үгілген сәбіз бен қырыққабаттың салатын жеп тамақтанғаннан кейін...Ашығу
Әлбетте, денсаулықтың негізі – салауатты өмір салты, ауру - сырқаудың алдын алу, дәрісіз дауалау, ішімдіксіз тамақтану. Шылым шегуден, әртүрлі...Ақыл туралы мақал-мәтелдер
Адамның жүзі ақылдың айнасы. Ақыл — арман, ой — өріс. Ақыл айнымас, алтын шірімес. Ақылды қыз — ауыл көркі....Бірінші байлық –денсаулық
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.