Психологтар ұрыстан кейін күйеуінен бөлек ұйықтайтын әйелдер бұл әрекетімен ажырасуға бір қадам жақындай түседі деген пікірді ұстанады.
Қандай жанжал болмасын, сүйіктіңіздің қасына жатып ұйықтау маңыздылығының өз себептері де бар:
1. Бірге ұйықтау қауіпсіздік пен қорғаныс сезімдерін күшейте түспек. Олар өз кезегінде күйзеліс гормонын азайтады.
2. Ұрыстан кейін ортақ мәмілеге келудің ыңғайлы уақытын күтпей - ақ, ұйықтар алдында мәселенің шешімін тауып алуға оңтайлы тәсіл - бір төсекте түнеу.
3. Адам организмі үлкен әсерге берілгендіктен оның нашарлауы әбден мүмкін. Организм ішіндегі ісу үрдістерін болдырмас үшін үлкен даудан кейін бірге жату арқылы иммунитетті қуаттандыруға мүмкіндік туады.
4. Бірге ұйықтау - махаббат гормонын күшейтіп, алаңдаушылық сезімін жойып тастауға қауқарлы. Тіпті үлкен ұрыстан кейін де таңертең бақытты болып оянуға әбден болады.
5. Келіспеушіліктен кейін де сүйіктіңіздің қасына келіп жатсаңыз, онымен жыныстық қатынасқа түсуге қарсы еместігіңізді білдіртесіз. Тіпті махаббатпен айналыспасаңыз да, күйеуіңіз таңертең өзі - ақ құшақтап оятқанына таңғалып қаласыз.
6. Зерттеу нәтижесінде ұзақ уақыттық қарым - қатынастағы әйелдер басы бостарға қарағанда тез ұйықтап әрі сергек жүреді. Демек, сүйіктіңіздің қасында ұйықтау - жақсы түстің кепілі болса керек.
7. Түн жарымда балалар ата - аналарының қасына келіп жататын жағдайлар көптеп кездеседі. Олар әке - шешесінің ортасына жатып өзіндік қауіпсіздікті сезінеді. Ал егер де сондай сәтте келіп жатпақ болған бала әкесінің жоқтығын көрсе бірден қорғаныс пен қауіпсіздік тапшылығын сезінеді.
Күйеуіңізбен ұрысып қалдыңыз ба?
- ramuk_b
- 13 мам 2018
- 2787
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күйеуіммен ұрысып қалдым, не істеймін, психологиялық кеңес
Ұқсас жаңалықтар:
Бал араластырған су - шын мәнінде емдік құрал
Бал араластырған судың пайдасы: - Ас қорытуды қалыпқа келтіреді. Асқазан ішек жолдарының жұмысын жақсартады....Қан қысымының төмендеуі
Қан қысымының төмендеуін медицинада «гипотония» деп атайды....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №13
Он шақты күннен бері Абай Семейде Каталашкада (түрмеге дейінгі жазалау орны) отыр. Кошкин барып Абай үстінен үлкен акт жазған болатын. Абайдың...Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма?
Жүктілік кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма? Əрине, болады, болғанда қандай! Жыныстық қатынас еркек үшін де, əйел үшін де табиғи тұрақтылықты...Өзіңе деген сенімділік, күш - қуаттың артуы үшін не істеу қажет
Күндізгі жарық миға серотониннің көптеп келуіне түрткі болады. Сондықтан ғалымдар күн сайын 15 - 20 минуттық серуендеуді әдетке айналдыруға кеңес...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.