Алматы облысы, Райымбек ауданы,
«Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Сарыжаз орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және
Ақбейіт бастауыш мектебімен» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Иманбаев Айдос Жайынбаевич
Тақырыбы: Баскетбол добын алып жүруді үйрету
Сыныбы: 5 сынып
Мақсаты
Білімділік: Баскетбол добын алып жүру түрлерін үйрету
Дамытушылық: Спорттық ойындармен айналысуды жалғастыру, олардың ережесімен, түрлерімен танысуды, меңгертуді жалғастыру, баскетбол ойынын оқушылардың денесін шынықтыру мақсатында қолдануды арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бағыттылыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Түрі: теория - практикалық сабақ
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, топтық жарыс
Көрнекі құралдар: слайд, баскетбол добы, плакат, үлестірмелі карточка
Сыныбы: 5 сынып
І. Кіріспе бөлім (15 мин)
1. 1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа назарын аударту
1. 2. Жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
1. 3. Жалпы дайындық жаттығулары (жүру жаттығулары)
Жүріп орындалатын жаттығулар
А) Қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру
Ә) Қол жанда, аяқтың ұшымен жүру
Б) Қол белде, өкшемен жүру
В) Қол белде, аяқтың сыртымен жүру
Г) Қол белде, аяқтың ішімен жүру
Д) Қол алда, жартылай отырып жүр
Е) Қол тізеде қазша жүру
Ж) Жай жүгіру, шапшаң жүгіру, жеңіл жүгіру
Жалпы дамыту жаттығулары:
1) Аяқ иық деңгейінде, қол белде, мойынды 4есепке оңға, 4 есепке солға айналдыру
2) Аяқ иық деңгейінде, қол белде, мойынды 4есепке алға, 4 есепке артқа айналдыру
3) БҚ - қол иықта 1 - 2 алға айналдыру, 3 - 4 артқа айналдыру
4) Аяқ иық деңгейінде, оң қол жоғары, сол қол төменде 1 - 2 есепке артқа, 3 - 4 есепке келесі бағытқа сермеу
5) БҚ - қол кеуде алдында 1 - 2 бүгілген қолды артқа апару, 3 - 4 дәл солай жазылған қолды артқа апару.
6) БҚ - аяқ қосылған, бір есепке қолымызды көтереміз, екі есепке қолымызды жерге тигізе еңкейеміз, үш есепке қолымызды алға созып, толық отырамыз, төртінші есепке БҚ
7) БҚ - аяқ иық деңгейінде, қол желкеде, екі есепке сол жаққа, екі есепке оң жаққа серпілеміз
8) Қос аяқпен сағат тілімен төрт есепке айналамыз
Демді қалпына келтіру.
ІІ. Негізгі бөлім (25 мин)
2. 1. Слайд арқылы қысқаша баскетбол және баскетбол добын алып жүру туралы ақпарат беру
2. 2. Плакаттар мен слайдта көрген жаттығуларды жасап көрсету
А) Оң қолмен кедергілер арқылы допты алып жүру
Ә) Сол қолмен кедергілер арқылы допты алып жүру
Б) Допты кедергілер арқылы алма-кезек алып жүру
В) Тосқауыл арқылы допты алып жүру
Г) Қарсыласын алдап допты алып жүру
Д) Екі қадам аттап себетке допты лақтыру
Е) Себеттің түбінен доп лақтыру
ІІІ. Сабақты бекіту (3 мин)
3. 1. Қысқаша сұрақтар қою арқылы, баскетбол туралы негізгі ұғымдарын бекіте түсу
Баскетбол дегеніміз не?
Баскетбол алаңы қандай болады?
Баскетбол ойынын қанша адам ойнайды?
Ойыншы допты қолында қанша секунд ұстап тұруға болады?
3. 2. Допты алып жүрудің негізгі ережесі жазылған үлестірмелі карточканы оқушыларға тарату (карточка баскетбол добы үлгісімен жасалған)
IV. Қорытынды (2 мин)
Оқушыларды бағалау
Қоштасу
Баскетбол добын алып жүруді үйрету
- aidosiman
- 7 ақпан 2017
- 4926
- 0
- 0
Ілмек сөздер: дене шынықтыру пәні бойынша сабақ, баскетбол ойыны
Ұқсас жаңалықтар:
Футбол. Допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу
Оқушыларға футболда допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу барысын, ұшып немесе домалап келе жатқан доптың түсетін жерін ұшып келе жатқан...Баскетбол ойыны
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға баскетбол ойынының әдіс тәсілдерін үйрету 2. Ептілік, жылдамдық, шыдамдылық қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке, ақыл...Эстафеталық жарыс
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ешманов Нұрлыбек...Бір адым жасап, екі қолмен кеудесінен доп беру
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ауылы Жаңабұлақ ОЖББМ - ің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Құбашев Данияр Болатұлы...Игерілген әдіспен баскетбол ойыны
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп мұғалімі. «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.