Сайтқа кіру Тіркелу

Ойна да ойлан

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті.
Дене шынықтыру жетекшісі: Исмамбетов Берік

Тақырыбы: «Ойна да ойлан» тапқырлар ойын сауығы
Білім саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене тәрбиесі
Мақсаты: 1. Балалардың танымдық білімдерін және спорттық қимыл қозғалыстарын тиянақтау. Жан – жақты сауатты, дарынды, озық, қабілетті бала тәрбиелеу. Ойын арқылы логикалық қабілетін, танымын дамыту. Жылдамдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп. стакан, қап, газет, шығыршық.

Барысы: 1. Кіріспе сөз:
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, тәрбиешілер және бүлдіршіндер! Бүгінгі «Ойна да ойлан»тапқырлар ойын сауығы атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін зерек топ балалары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Балабақша меңгерушісі
2. Балабақша әдіскері
3. Балабақша психологі
Спорттық сайысымыздың әр кезеңі 5 балдық жүйемен бағаланады.
Жарысқа қатысып, бақ сынамақшы «Жауқазын» және «Балапан»ортаңғы топ балалары «Жас қыран» «Жұлдыз» деген екі топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.
Екі топ ортағы шығып өздерін таныстырады.

«Жас қыран» тобы оң иықпен оңға бұрыл! Алға бас.
«Жұлдыз» тобы сол иықпен солға бұрыл! Алға бас.
Бүгін балалар 2топқа бөлініп бақ сынайды. Қай топтың балаларының күші басым, епті жылдам екенін жарыс барысында байқайтын боламыз.
Ал ендеше сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттары:
1. Кедергі жолақтар.
2. «Сылдыр, сылдыр, сылдыр су».
3. Кенгуру
4. «Кім жылдам».
5. «Тәтті жұптар».
6. «Газетпен жүгіру».
7. Арқан тартыс.
Ал, балалар сайыс шарттарымен таныс болдық, енді әрі қарай ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші:
Денсаулық – шексіз бақыт,
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда,
«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп, келесі ойынымызға көшейік.
1. «Кедергі жолақтары» эстафетасы.
Шарты: Гимнастикалық орындық үстімен ішімен еңбектеу, сақинадан өтіп, жалауға жүгіру.

«Артық болмас білгенің»таным саласы бойынша сұрақ:
1. Қыс мезгілінде неше ай бар? (үш)
2. Төрт бұрышта неше бұрыш бар? (төрт)
3. Бір аптада неше күн бар? (жеті)
4. Бір жылда қанша мезгіл бар? (Төрт)
5. 8 бен 10 арасында қандай сан бар? (Тоғыз)
6. 5 пен 7 арасында қандай сан бар? (алты)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×