Сайтқа кіру Тіркелу

Акробатикалық жаттығулар

Сабақтың мақсаты: Акробатикалық жаттығулар орындауды жетілдіру және оқушыларды ептілікке икемдеу, денсаулығын нығайту, салауатты өмірді насихаттау
Білімділік: өмірлік маңызы зор істер мен дағдыларды қалыптастыру, ой санасын шынықтыру, жетілдіруді үйлестіре білу
Әдісі: түсіндірме, практикалық
Спорт құрал - жабдықтары: гимнастикалық матрас, секіртпе, ысқырық
Саптағы жаттығулар:
Бағыттаушының соңының оң иық алды залды айналып алға жүр!
Екі қол жоғарыда алақанды бір - біріне қаратып, аяқтың ұшымен бас!
Тапсырмасыз! (Жүруді сол аяқтан бастау керек.
Денені жоғары, кері созу, тік ұстау керек.)
Екі қол желкеде өкшемен жүр!
Тапсырмасыз!
Дене қыздыру жаттығулары:
Екі қол бүйірде оң қапталмен жүгір!
Бір қалыпты жүгіріспен!
Екі қол бүйірде сол қапталмен жүгір!
Бір қалыпты жүгіріспен!
Екі қол жоғарыда иықпен қоса ішке айналдыра оң қапталмен жүгір!
Бір қалыпты жүгіріспен!
Екі қол жоғарыда иықпен қоса сыртқа айналдыра сол қапталмен жүгір!
Бір қалыпты жүгіріспен! Екі қолды алға созып тізені 900 – та көтеріп тигізе жүгір!
Бір қалыпты жүгіріспен!
Тыныс алу жаттығулары:
Жалпы дамыту жаттығулары:
Сынып саппен шеңбер:
Сынып сол - ға бұрыл!
1 - Бастапқы қалып қол белде, аяқ арасы иық деңгейде, басты оңға 2 рет, солға 2 рет айналдыр!
Жаттығу басты оңға айналдырудан басталды. Тапсырмасыз!
2 - Бастапқы қалып қол иықта, аяқ арасы иық деңгейінде, 1, 2 - қолды ішке айналдыр, 3, 4 - қолды сыртқа айналдыр. Жаттығу қолды алға айналдырудан басталады.
Тапсырмасыз!
3 - жаттығу:
Аяқ арасы иық деңгейінде, 1 - екі қол жоғарыда, оң аяқты артқа созып шалқаямыз, 2 б. қ, 3 - екі қол жоғарыда, сол аяқты созып шалқаямыз. Жаттығу оң аяқты созудан басталады.
4 - жаттығу:
Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде 1 - 2 қол жоғарыда шалқаямыз, 2 - алға иілеміз, қол аяқ ұшында, 3 - отырамыз, 4 - тұрамыз б. қ.
5 - жаттығу:
Б. Қ оң қол белде, сол қол жоғарыда, аяқ арасы иық деңгейінен алшақ, 1, 2 - кеудені оң жаққа бұрамыз, 3, 4 - кеудені сол жаққа бұрамыз. Оң жаққа иілуден бастаймыз. (Қол ауыстыруды, денін дұрыс бұрылуға көңіл аудару керек.) Тапсырмасыз!
6 - жаттығу:
Б. қ қол белде, аяқ арасы иық деңгейінен алшақ, 1 - екі қолды оң аяқтың ұшына, 2 - ортаға, 3 - екі қолды сол аяқтың ұшына тигіземіз. Тапсырмасыз! (Тізе бүгілмеуі керек.)
7 - жаттығу: Б. қ қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ, 1 - қолды алға созып оң аяққа отыр, 2 - б. қ, 3 - қолды алға соз сол аяққа отыр, 4 - б. қ жаттығу оң аяққа отырудан басталады.
Тапсырмасыз! Кеуде тік, аяқ бүгілмеуі керек.
8 - жаттығу: Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, 1, 4 оң аяқпен секіреміз, 1, 4 сол аяқпен секіреміз, 1, 3 қос аяқпен, 4 - оң қапталмен, қос аяқпен 3600 айналып орнымызға келеміз.
Сол қапталмен қос аяқпен секіріп, 3600 – та айналып келеміз. Жаттығу аяқталды:
Класс оң - ға бұрыл! Алға қадам бас! (Арақашықтық аяқ ұшы, кеуде, бас көтеріңкі)
Бағыттаушы сол аяқпен бір орнында адымдап бас!
1 - сол аяқ, 2 - оң аяқ, 3 - сол аяқ
Класс сол - ға бұрыл!
Сап түзе!
Түзел! Тік тұр! Еркін тұр!
Бүгінгі сабағымыз акробатикалық жаттығуларға арналады. Соның ішінде төсеніште «Алға домалау, жауырынға тұру, көпірше жасау, қарлығаш(тепе - теңдік) жасау әдістерін және кіші ағаш аттан секіруге» арналаған. Қазір біз осы жаттығуларға тоқталып олардың негізгі әдістері мен элементтерін орындауымыз керек. Ол үшін «Алға домалау» әдісінен бастайық.
Төсеніште алға домалау әдісі
«Жауырынға тұру» әдісі
«Қарлығаш жасау» әдісі. Тепе - теңдікті ұстауға жаттығу. Бұл жаттығуда қарлығаштың бейнесін жасаймыз.
Жаттығу төрт кезеңнен тұрады:
1. Б. қ. тұру.
2. Қолды жанға созып, тура алға қарау.
3. Бір аяқты көтере алға не артқа(оң немесе сол аяқ) алға еңкейеміз.
4. Тепе - теңдікті сақтап іштей бес (секунд) санап тұру.
Бағалау. Үйде аяққа күш түсіретін отырып тұру жаттығуларын орындау. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Сынып оң - ға бұрыл! Бағыттаушының соңынан оң иық алда алға адымдап қадам бас! (Оқушыларды ұйымдасқан түрде қыздар бөлмесіне жіберу.)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Футбол. Допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу

Футбол. Допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу

Оқушыларға футболда допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу барысын, ұшып немесе домалап келе жатқан доптың түсетін жерін ұшып келе жатқан...
Таза ауадағы қимыл-қозғалыс ойындары

Таза ауадағы қимыл-қозғалыс ойындары

Жүру: Аяқтың үшімен, өкшемен, Аяқтың ішкі, сыртқы жағымен. Отырып, жартылай отырып жүру....
Гимнастикалық орындық

Гимнастикалық орындық

Гимнастикалық орындық үстінде аяқты аяқтың алдына қойып жүруді үйрету Он, сол аяқпен кезек, кезек секіруге жаттықтыру....
Гимнастикалық жаттығулар

Гимнастикалық жаттығулар

А) Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығуларды жетілдіру. Ә) Акробатикалық тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету....
Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру

Гимнастикалық төсеніште алға және артқа домалап, жауырынға тұру

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Файзуллин...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×