Бізге өз қоғамызды құра отырып, біздің азаматтарымыздың өмір бойында дені сау болуы және оларды таза табиғи ортаның қоршап тұруы үшін кең өріс ала түсетін күш - жігерлерді қолдану қажет. Осы мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз келесі бөліктерден тұрады: аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Біздің мемлекетімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру саясатының ауқымында балалардың әл - ауқаты мен денсаулығына басым көңіл бөлінуде.
Балалардың, жасөспірімдердің және жастардың білімін, мінез - құлқын әрі олардың денсаулығын сақтау проблемасына көз қарасты жақсарту, білім және денсаулық сақтау саласын қоса алғанда, бүкіл қоғам үшін аса зор маңызды міндет болып табылады.
Салауатты өмір салты зиянды әдеттермен қатар тұра алмайды. Ішімдік ішу, есірткі заттарды қолдану, темекі шегу бос уақытын тиімді өткізуге белсенділік танытуына, дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтының басқа да жақтарына әсерін тигізеді.
Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкелетін маңызды факторлар болып табылады. Біздің республикамызда балалар мен жастар арасында ішімдік ішу, темекі тарту, есірткі заттарды қолданудың өршуі, ас қорыту жүйесі, жүйке ауруы, жақыннан көрмеушілік және қозғалыс - тірек аппаратының аурулары көбеюде. Сондықтан балалардың салауатты өмір сүруіне мектептің ролі жоғары.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасы негізінде оқушылар қоғамдық және жеке бас гигиенасы, күн тәртібі, дене шынықтыру, зиянды әдеттер туралы, адамгершілік және жыныстық тәрбиенің гигиеналық аспектілері туралы оқып біледі.
Мектепте 1 - 11 сынып оқушыларының бағдарлама бойынша алған білімдерін бағалау үшін тестілер мен білім стандартын қолдану арқылы бастауыш, негізгі және жоғарғы сыныптарда жеке мониторингтер жасалуы тиіс.
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене қуаты дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс шеберлігі мен дағдысының қалыптасуына яғни салауатты өмір салтын қалыптастыруына дене тәрбиесінің маңызды өте зор.
Осы кезеңде оқушылар дене тәрбиесі және спорттық қимыл әрекеттермен белсенді шұғылданбаса, олардың денесі жан - жақты толық дамымайды. Ғалымдардың пайымдауынша мектеп жасындағы оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 14 - 21 сағат болуы қажет. Қимыл әрекет белсенділігінің аздығы баланың денсаулығын нашарлатады, ағзаның қорғаныш күшін әлсіздендіреді, толық дене дамуын қанағаттандырмайды.
Бала ағзасының табиғи даму шыңы жоғарғы сынып жасына келетіндіктен негізгі дене қуаты қабілеттілігін мектеп жасында жетілдіру қажет. Барлық дене қуаты қасиеттерін дамыту және тәрбиелеуге ең қолайлы, тиімді кезең мектеп жанындағы уақыт. Онан кейінгі кезеңдерде оларды дамыту өте қиынға соғады.
Бала кезінде әртүрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл әрекеттер адамға оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді, жаңа күрделі қимыл әрекеттерді жылдам үйреніп алуға жол ашады. Ал, мектеп жасын босқа, әрекетсіз өткізіп алған адамдардан ебедейсіз, орашалақ қимыл әрекетін көреміз.
Дене тәрбиесі сабақтары және спорттық жаттықтырулармен айналысқан оқушылардың бос уақыттары аз болады, олар әр минуттарын санап, қадірлеп өмір сүреді. Спортпен шұғылданатын балалар темекі тартпайды, ішімдік ішпейді, нашақор болмайды, бос уақыттарын үнемді пайдаланады. Адам ағзасына зиянды нәрселерді біледі, ондай әрекеттерге барса денсаулық нашарлайтынын, спортта жоғарғы нәтижеге жете алмайтындықтарын түсінеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда біздің мектепте дене тәрбиесі сабақтары жоғарғы дәрежеде өтеді. Сыныптан тыс уақытта әртүрлі спорт секциялары жұмыс істейді. Денсаулық күні өткізіліп, апталықтарда сынып аралық жарыстар ұйымдастырылады. Соның нәтижесінде көптеген оқушыларым аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жүлдегер атанып жүр.
Мектеп жасындағы балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруды дұрыс насихаттап, ағзаларына әсер ететін дене тәрбиесі жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса, ол оқушының дене қуаты және ақылдылық жұмысқа қабілеттілік деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Осыған жетер жол дұрыс жоспарлануы, оқушылар белгілі білім негіздерін, әртүрлі ақпараттарды дұрыс алуы, меңгеруі, түсінуі керек.
Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі жұмыстары оқушылармен жүргізілетін басқа өнегелілік, эстетикалық, еңбек, ақыл - ой тәрбиелерінің міндеттерін орындауды оңайлатады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асырудағы дене тәрбиесінің сауықтыру міндеттері
1. Денсаулық нығайту, дұрыс мүсін қалыптастыру, ағзаның барлық жүйелері мен функциялары дамыту, жүрек - қан айналу, тыныс алу, нерв - жүйке жүйесін нығайту, зат алмасу үрдістерін белсендіру.
2. Сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне ағзаның қарсылық күшін жоғарлату. Мүмкіншілік болғанынша дене тәрбиесі жаттығуларын, сабақтарын таза ауада өткізу қажет. Күн қызуы, ауа температурасы, ылғалдылығы бала ағзасын шынықтырады.
3. Ағзаның жалпы жұмысқа қабілеттілігін жоғарлату және гигиена дағдыларын қалыптастыру. Ол міндеттерді орындау үшін оқушылар күнделікті дене тәрбиесі жаттығуларын орындауы, оқу, демалыс, ұйқы, тамақтану тәртіптерін сақтауы қажет.
4. Жынысына, мектептегі жас кезеңдеріне байланысты дене қуаты қасиеттерін дамыту. Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың барлық дене қуаты қасиеттерін үйлесімді дамыту керек. Бірақ негізінен жылдамдық және қимыл үйлесімділігі, ептілікке басты назар аудару қажет болады. Орта сынып жасындағы балалардың жылдамдық қабілеттігін және күш жылдамдығын дамытуға баса көңіл бөлу қажет болады. Бірақ өте ширығып, ұзақ уақыт күш салатын жаттығуларды беруге болмайды. жоғарғы сыныптарда оқушылардың күш жылдамдығы және өз күш жылдамдығы қасиетін дамытуға көп көңіл бөлген дұрыс.
Балалардың денсаулығын жоғалтпай білім беру үшін ата - ана, мұғалім, дәрігер үш жақты байланыс орнатып, жұмыла қызмет атқару керек деп ойлаймын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру отбасынан басталып, бала - бақшада, мектепте жалғасын тапса, тәрбиелік мәні зор іс — шаралар өткізу бір - біріне жалғасып, бірін - бірі толықтырып отырса, баланы жаман әдеттен жирендіріп, күнделікті жақсыны айтып отырсақ келешек ұрпағымыздың дені сау болады. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген емес пе.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Е. Уанбаев, Ф. Ж. Уанбаева «Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі»
2. Мектептегі дене шынықтыру журналдары.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
- Нығмет Смагулов
- 21 қазан 2014
- 10953
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дене шынықтырудың маңызы, спортпен шұғылдану
Ұқсас жаңалықтар:
Дені саудың - жаны сау
Заттармен жалпы дамыту жаттығуында үйлесетін қабілетін дамыту төрт тағандап жүруді. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза...«Салауатты өмір салтын қалыптастыру»
Баяандама: Мектептегі «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»...Президенттік сынамалар
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің мұғалімі Идрисов Самат Қаржаубайұлы...Денсаулық - зор байлық
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың танымдық...Жастар арасында салауатты өмір салтын дене тәрбиесінің тәсілдері арқылы қал ...
Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.