Сайтқа кіру Тіркелу

Он екі мүшең сау болса

Адамның сергек те көңілді жүріп, жұмыс істеу қабілетінің жоғары деңгейде болуына дене шынықтыру мен спорттың тигізер әсері мол екені баршамызға белгілі нәрсе. Дене шынықтыру мен спорт адам бойындағы тапқырлық, батылдық, жігерлілік, тәртіп пен ұжымдық қасиеттерді шыңдайды.

Дене жаттығуымен ұдайы айналысқан адамның жүрегі жақсы жұмыс істейді. Ағзамыздың оттегімен қамтамасыз етілуі күшейеді.

Қандағы эритроциттер мен гемоглобиннің мөлшері арта түседі. Дене жаттығулары адамның көңіл - күйін ғана көтеріп қоймайды, қанайналым жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек - қан тамырлары ауруларының алдын алады. Адам денесінде 600 ге жуық бұлшық ет бар. Бұлшық еттер тұрақты жаттықтыруды талап етеді. Бұлшық еттер жаттыққан сайын ми жұмысы да жақсарып, жүйке импульстерінің тасымалдағыш қызметі артады.

Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған қарсы күрес жүргізе бастайды. Ағзадан эндорфин гормоны (қуаныш пен ләззәт алу гормоны) мен пайдалы ақуыздар бөлініп, жүйке жүйелері мен миға тарайды. Сол арқылы адам ойы ұшқыр әрі есте сақтау қабілеті жақсара түсіп, көңіл - күйге әсер етеді екен. Дене шынықтыру мен спорт адамның қимыл - қозғалысына, сүйекке, буынға, дәнекерлеуші мүшелерге орасан зор пайдасын тигізеді. Сүйекті ірілендіріп, салмағын арттырып, оның мықтылығын күшейтумен қатар кальциймен байытатындығы ғылыми тұрғыда өз дәлелін тапқан.

Халқымыздың біртуар ұлы, ақын Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітабында тәрбие туралы мынандай пікір келтірілген:
«Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі және мінез - құлық тәрбиесі. Адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны»

Денсаулық адам баласының бақытты болуының ажырамас негізгі бөлігі. «Он екі мүшең сау болса, жарлымын деме»- деген халқымыздың қанатты мәтелі денсаулықтың адам өміріндегі айырықша маңызды орны бар екендігін айғақтап тұр. Егер жастары әлсіз, бос белбеу, денсаулығы нашар болса осылармен қатар зиянды әдеттерге әуес, жалқау әрі тәрбиесіз болса – ол мемлекетіміздің соры. Ондай жағдайда мемлекет те әлсіз және қорғансыз болмақ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық, әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілген.
Мықты экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз дұрыс. Әсіресе, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің азаматтық парызымыз.
Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат - шадыман, бақытты ғұмыр кешуге жетелейді екен. Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер айтпағаны анық.

Тән саулығы – жан саулығы. Баланың жан - жақты дамуы тәрбие түрлерінің нақты үлесіне байланысты. Соның ішінде дене тәрбиесі, баланың бойында тәндік және рухани жетілудің өзара байланысын қалыптастыруға әсер ететін бірден бір күш болып табылады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×