Сайтқа кіру Тіркелу

Ч. Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы (күнделікті сабақ жоспары)

36. Ч. Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі ұстанымдары. Эволюцияның синтетикалық теориясының шығуы.
37. Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері
38. Түр. Түрдің критерийлері. Популяция.
39. Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі. Мутациялық
40. Табиғи сұрыптау – эволюцияның бағыттаушы факторы.


Биология 9 сынып
Сабақ: 37
Сабақтың тақырыбы: §37 Ч. Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі ұстанымдары. Эволюцияның синтетикалық теориясының шығуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларға Дарвиннің ілімін түсіндіру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, гигиеналық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: араласа сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, нұсқаушы ойға түсіруші, сұрақ, жауап.
Сабақтың көрнекілігі: эволюция бағыттары, ғалымдар суреті

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
А
1. Жақын туыстастық буадандасытыру қандай мақсатта жүзеге асырылады?
2. Гетерозис деген не?
3. Гетерозиске мысалдар келтір?
4. Бағытты мутагенез деген не?
Б
1. Полиплоидия деген не?
2. Тозаң қрспасымен тозаңдандыру әдісі
3. Тәрбиелеу әдісі
4. Әріден будандастыру қаншаға бөлінеді
В
1. Карпеченко будандастыруға қандай әдістермен және қай зерзаттармен қол жеткізді?
2. Үйлестіру әдісі?
3. Алдын - ала өсімді жақындасу әдісі?
4. Өсімдік көпплоидтылығының айырмашылығы неде?

5. Есеп. Полиплоидия.
Қызылша өсімдігінің хромосома жиынтығының диплоидты саны 2n=18. Негізгі санды – х - ты қолданып, мынадай өсімдік түрлерінің: а) үшплоидты; ә) тетраплоидты; б) пентаплоидты, гексаплоидты хромосома жиынтығын анықтаңдар.

Шешуі: Егер қызылша өсімдігінің диплоидты саны 2n=18 - ге тең болса, ал гаплоидты жиынтығы, жыныс жасушаларының мейоздық жолмен бөлінуіне байланысты гаплоидты саны: n=9 - ға тең.
Жауабы: а) үшплоидты 3*х=3*9=27
ә) тетраплоидты 4*х=4*9=36
б) пентаплоидты 5*х=5*9=45
гексаплоидты 6*х=6*9=54
ІІІ Жаңа сабақ
Чарлз Дарвин ілімінің шығу себептері. XVIII ғасырдың соңында Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дами бастады. Жануарлардың колтұқымдары мен өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару үшін селекциялық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің жаңа қолтұқымдары шығарылды. Жеміс - жидек, бақша өсімдіктерінің жаңа іріктемелері алынды. XIX ғасырда жаратылыстану саласында геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті.
Ч. Дарвин ілімінің шығуы және оның алғышарттары. Ч. Дарвин ілімінің шығуына, негізінен, әлеуметтік жағдайлар және түрлі ғылым салаларының жетістіктері себеп болды.
Әлеуметтік - экономикалық алғышарттары:
1) XVIII ғ. Англияда өндірістің дамуы шикізат қорын ұлғайтуды талап етуі;
2) өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы; 3) XVIII ғасырдың соңында өнеркәсіптің машина өндірісіне ауыстырылуы;
4) қолтұқымдар мен іріктемелер шығару үшін шаруашылықта селекциялық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі;
5) Англияда ірі қара, жылқы, шошқа, кой, ит, кептерлердің қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелерінің шығарылуы.
XIX ғасырда жаратылыстану саласында — геология, физика, химия ғылымдары көптеген жетістіктерге жетті:
1) A. M. Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылысы туралы теориясының шығуы (1861 ж.);
2) Д. И. Менделеевтің элементтердің периодтың жүйесін жариялауы;
3) энергияның сақталу заңы, химиялық элементтердің атомдық құрылысының ашылуы;
4) ағылшын геологі Ч. Лайельдің ғаламшардағы геологиялық өзгерістер ерекше бір апаттың әсерінен емес, температура, жел, жаңбыр, өсімдіктер мен жануарлардың әсерінен үздіксіз өзгеріп отыратынын дәлелдеуі;
5) неміс ғалымдары М. Шлейден мен Т. Шванның барлық тірі организмдердің құрылым бірлігі — жасуша (клетка) екендігін дәлелдеп, жасуша теориясын ашуы;
6) омыртқалы жануарлар ұрығының дамуын зерттеу нәтижесінде балықтар, құстар мен сүтқоректілердің ұрығында желбезек саңылаулары болатыны, олардың туыстық жақын екендігінің дәлелденуі және т. б.
Жаратылыстанудың әр саласынан (геология, палеонтология, биогеография, эмбриология, салыстырмалы - анатомия, цитология, т. б.) жиналған деректер "табиғат өзгермейді" деген көзқарасты жоққа шығарды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Толық нұсқасын қарау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімд ...

Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімд ...

Жануарлар селекциясында қолданатын жалпы әдістер, өсімдіктер селекциясына ұқсас болғанмен, олардың өз табиғатына байланысты ерекшеліктері бар. Ауыл...
Жалпы биология негіздері пәнінің жаратылыстану - ғылыми пәндер жүйесіндегі  ...

Жалпы биология негіздері пәнінің жаратылыстану - ғылыми пәндер жүйесіндегі ...

Биология грекше (bios - өмір, және logos - ғылым деген мағынаны береді) жаратылыстану ғылымының салаларының бірі. Тірі оргонизмдерді және олардың...
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары, маңызы, қолдан сұрыптау туралы түсінік қалыптастыру...

"Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Абай атындағы орта мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі Жанханова Тілекші Саясатқызы...
Биология

Биология

“Биология” терминін ғылымға алғаш 1797 ж. неміс ғалымы Т. Руз енгізген. Биология Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) 6 — 1...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×