Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Сарыкөл орта мектебінің
химия және биология пәні мұғалімі
Шерипова Молдир Казыбаевна
Пәні: Биология Класы: 6
Тақырыбы: Жемістер. Жемістер мен тұқымдардың таралуы.
Мақсаты:
Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдысы дамыту, ақпаратпен жұмыс жасауға ынталандыру, проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен көрсетуге, ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасай алуға, кластастарына меңгерілген ақпаратты түсінікті жеткізе алуға.
Күтілетін нәтиже Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасау дағдысы дамиды, ақпаратпен жұмыс жасауға ынталы болады, проблеманың қойылуын көрнекі сызбамен көрсете алады, ұсынылған проблема бойынша толыққанды түйіндеме жасай алады, кластастарына меңгерілген ақпаратты түсінікті жеткізе алады.
Түйінді идеялар (кілтті сөздер) «Дәрумендер – денсаулық кепілі».
Кіріспе
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) «Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру»
«Жүрек жылуы» тренингі Оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп көрейікші. «Жүректеріңнің соғысын сезесіздер ме? Біздің жүрегіміз не деп соғады екен? Менің жүрегім сіздерге деген мейірімділікке толы. Менің... ары қарай жалғастырады. Олай болса осы жылы да жұмсақ, батыл да ақылды жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық. (Алақандарын айналаға үрлейді)
ә) «Топқа бөлу»
Топқа бөлу үшін оқушыларға үш түрлі «Сабақ», «Жапырақ», «Гүл» сөздері таратылады. Оқушылар өздеріне түскен сөздер жазылып тұрған партаға барып отырады.
б) «Үй тапсырмасы»
Үйге берілген тақырыпты «Суретпен жұмыс» және «Орнына апар» әдісі арқылы тексеріледі. Яғни интерактивті тақтада көрсетіледі, оқушылар тездетіп үй тапсырмасы бойынша өз білгендерін жазып шығады. Дұрыс жауабын интерактивті тақта арқылы тексереді.
Тұсаукесер Мағынаны ашу.
«ЖИГСО» әдісі арқылы сабақты меңгереді, топта тақырыптың маңыздыларын талқылап, бір - біріне түсіндіреді.
Мұғалім сөзі: «Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің» «Жемістер» туралы қосымша материалдарды интерактивті тақтадағы слайдтарды пайдалана отырып түсіндірем.
Негізгі бөлім Сергіту сәті «Ғажайып өсімдіктер» (Оқушылар интерактивті тақтадан 3 минуттық бейнеролик тамашалайды)
а) «Көзбен көру ақиқаты»
Барлық топқа жемістерге байланысты суреттер беріледі. Сол суреттерді әр топ өзінше топтастырады және не себепті бұлай топтастырғанын келесі топтарға түсіндіріп, айтып береді.
Ә) Оқушыларға сәйкестендіру тапсырмасы беріледі. (Интерактивті тақтада орындалады)
Б) «Семантикалық карта» тапсырмасы
Қорытынды «Шығармашылық жұмыс»
Әр топқа тірек сөздер беріледі. Сол тірек сөздерді пайдаланып өлең шығару.
І топ
Шие, сүйекті шырынды, жануарлар арқылы.
ІІ топ
Қайың, қанатты жеміс, жел арқылы,.
ІІІ топ
Қызғалдақ, қауашақ, өздігінен таралу.
Қосымша оқу
Үйге тапсырма §23 - 24 оқу. 66, 67, 68 суретті салу.
87 бет, біліміңді тексер тапсырмасын орындау.
Бағалау: Үш шапалақ, от шашу әдісі арқылы, топ басшысының бағалауы.
Рефлексия: «Үміт ағашы» әдісі бойынша жүргізу.
Жемістер
- Молдир Шерипова
- 23 желтоқсан 2015
- 2953
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жемістер, биология пәні бойынша сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Генетика
Мақсаты: Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыта отырып, АКТ - ны қолдана отырып биология ғылымының генетика саласымен алғаш рет таныстыру...Жердің Күн жылуы мен жарықтың таралуы, жылулық белдеулері, жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Жердің өз осінен айналуы туралы түсінік алуға жағдай жасау....Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылындағы Абай атындағы №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Болатбек Динара Болатбекқызы...Жемістер мен көкөністер
Мақсаты: Білімділік:Жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс атай және ажырата алуға баулу. Тәрбиелік: Балалардың жеміс ағаштарын...Импульстің сақталу заңы
Ақтөбе қаласы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі Физика және информатика пәні мұғалімі Казымбетова Айгуль Тулеуовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.