9 «А» сынып оқушысы Байзақов Нұртас Әбенұлы
№10 орта мектебінің
Ғылыми жетекшісі: Тасмұрзаева Шынар Нұрланқызы
Жезқазған қаласы № 10 орта мектебі
МӘДЕНИ – ЭСТЕТИКАЛЫҚ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ
Қазіргі заманғы ғылыми- техникалық прогрестің ғарыштап алға басуы адамзат өмірін жақсартуға тікелей игі ықпал етумен қатар, қоршаған ортаның өзгеруіне алып келді. Осыған байланысты жалпы дүние жүзі бойынша оның алдын алу шаралары жүргізілуде.
Ғылыми жобада мәдени- эстетикалық ареналардың маңыздылығы жан-жақты көрсетілген. Бұл «Мәдени-сауықтыру орталығы» атты ғылыми жоба жаратылыстану бағыты бойынша жұмыс істейтін мамандарға және барша адамзат қауымына арналған.
В настоящее время в эпоху НТР усовершенствования улучшилась экономико-социальные условия людей, одновременно с этим антропогенное воздействие человека на природу обострилось. В связи с этим на всей территории Земли различные ассоциации ведут борьбу за сохранение природы Земли. Данная научная работа имеет культурно- эстетическую роль. Данный проект относится к естественно- математическому циклу и предназначен для разнообразного слушателя.
Nowadays at the time of scientific – teehnical proqress people' s economic-social condition have teen improved. That is why different assosiations struqqle for Earth' s nature preservation. This scientific project has a cultural-aesthetic importance. It concerns natural – mathematic cycle and presented for different readers.
«...Әрбір нақты елді мекендегі жергілікті мәндегі нысандар. Бұл жергілікті биліктің шешуі бойынша жолдарды, клубтарды немесе басқа нысандарды абаттандыру мен көгалдандыру, жөндеу.
Қазіргі кезден бастап әр ауылдың кем-кетігін қалпына келтіріп, көгалдандырып, жолдарымызды жөндеп, үйлеріміздің іші-сыртын әрлесек, елдің де көңілі көтеріле түседі.»
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауынан.
«Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» 2009 жыл.
Мәселе: Адамзат баласы мәдени- эстетикалық және экологиялық мәдениетін қалыптастыруда қандай іс-шара қажет?
Мақсаты: Мәдени- эстетикалық және экологиялық мәдениетті қалыптастыруда гүлзарларды орнату
Міндеттері:
• Табиғат пен адам түсінігі біртұтас екендігін айқындау
• Мәдени- эстетикалық сауықтыру орталығын салу үрдісі
• Орталықтың жалпы адамзат қауымына оң әсері
Нысаны: Жезқазған қаласының мәдени- эстетикалық сауықтандыру орталықтары
Пәні: № 10 орта мектеп алаңы
Болжамы:
Егер мәдени-эстетикалық сауықтыру орталығын орнататын болсақ, онда адамзат баласының бойында табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады, өйткені бұл орталық адамзат қауымы үшін маңызды болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
• Табиғатты қорғау
• Көгалдандыру үрдісін жүзеге асыру
• Адамның бойындағы экологиялық және эстетикалық мәдениет
«Жақсы әдіспен онша талантты емес
адамның өзі көп жұмыс тындыра алады»
В.Павлов
Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми жетістіктердің барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына, денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін адам экологиясы.
Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерін ендігі жерде табиғи отаны, адам баласының болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек. Себебі, адам мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс ХХ ғасырдың ортасына дейін ғылымды қарастырылмаған. Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін қоршаған ортаның табиғатының бұзылуы, адам баласының денсаулығына зиян әкелгендігі анықталды. Адам- табиғаттығ туындысы, онсыз өмір сүре алмайды.
Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен әсер еткен ХХ ғасырда өмірге келген «Қоршаған орта түсінігі». Соның нәтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты, таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін.
Табиғат- адамзаттың тіршілік ететін ортасы, сондықтан оның көптеген сұраныстарын қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады. Қоршаған ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды.
Сонымен қатар қоршаған орта адам денсаулығына да әсерін тигізеді. Ауаның тазалығы, қоршаған ортаның басқа құрам бөліктеріндегі теп- теңдіктің сақталуы адамның жұмыс қабілетіне, ұзақ өмір сүруіне жағдай жасайды. Тамаша табиғат көріністері адамның күш- қуатының қалпына келіп, тынығуына көмектеседі. Қазіргі кезеңде ғылым мен техниканың өркендеуінің нәтижесінде адамның қоршаған ортаға ықпалы артты. Мұндай ықпалдың зиянды жақтарының бірі- адам денсаулығына әсері.
Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халық арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі қалаларда автокөліктерден шыққан улы газдардың молаюы байқалады.Ал Жезқазған қаласының атмосфералық ауасы да өнеркәсіптің улы зиянды газдарымен ластанаған.
Жалпы экологиялық мәселелерді топтастырсақ:
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады.
Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізінің қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану: трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады.
Жергілікті экологиялық проблемалар ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік тотенше жағдайларды жатқызуға болады.
Көгалдандыру
Мектеп маңындағы учаскені көгалдандыру. Мектеп маңындағы учаскені көгалдандырғанда табиғи және қолдан егілетін өсімдіктерді ұштастыра білу қажет.
Учаскені дайындау. Учаскені көгалдандырмас бұрын оны дайындап алу керек: төмпешіктерді тегістеп, шұңқырларға топырақ төгеді, ойлы жерге құрғататын жыра жасайды, ағаштар мен бұталар егілетін жерді анықтайды, гүлзарлардың шекарасын белгілейді, жерді 1-1,5 күрек бойы қазып, арамшөптерді тамырымен жұлып алып, топырақтың құрылымы мен құнарын арттырудың қамын істейді.
Саз топыраққа шымтезек, құм, сабан аралас көң, ағаш ұнтағын қосып қопсыту керек; құм топыраққа саз, шымтезек аралас топырақ көң, тоған тұнбасын қосады; батпақты жерді құрғатып, әк араластырады. Топырақтың құнарын арттыру үшін органикалық және минералдық тыңайтқыштар пайдаланылады. Көң өте жақсы тыңайтқыш болып табылады, өткені оның құрамында өсімдікке қажетті элементтер ( азот, калий, фосфор) бар. Көңді әр шаршы метрге 4-5 кг есебімен енгізу керек. Құс ( тауық немесе кептер) саңғырығы және фекалия- күшті әсер ететін тыңайтқыштар, оларды топараққа күзде ( 1 шаршы метрге 0,5 кг есебімен) енгізу қажет. Көктемде өсімдіктерді отырғызу алдында шірінді еңгізуге болады. Көңді жақсы ыдыраған шымтезекпен ( ағаш күлімен), ағаштың түсіп шіріген жапырақтарымен және қылқандарымен, малдың жайылымы мен жатқан жерінен алынған шыммен, тоған тұнбасымен, әдетте шөп қалдықтары үйінділерімен асхана жуындысынан әзірленетін компостпен т.б алмастыруға болады. Компотқа оның массасының 2-3%-і фосфор және 0,5-1,0%-і калий тыңайтқышы болатындай етіп минералдық тыңайтқыштар қосу керек. Сортаң топырақтың 1 шаршы метріне 250-500 г сөндірілмеген әк немесе ұнталған әк тас енгізіп тыңайту ұсынылады; оның мөлшері саз топырақтар үшін 800 грамға дейін арттырылып, құм топырақтарға 200 грамға дейін азайтылады.
1.2.Өсімдіктерді отырғызу үрдісі
Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу. Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады. Сондықтан оларды әлсін- әлсін алмастырып , жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп- өнбей жапырағы солғанда немесе тамырлар топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмап алғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында (суккуленттерден басқа) кесек топырақ жібігенше су құю керек. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны ең алдымен, кең орынға отырғызып, жаңа топырақ салып, қайта отырғызады. Топырағын алмастырып отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек. Өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп- өсуіне зиян келмейді. Көшеттеп отырғызу жұмысын әдетте көктемде (наурыз, сәуір) айларында жүргізіледі. Ауруға шалдыққан және гүлденген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда, оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлап отырғызғанды топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырғаннан кейін сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орнын қалдыру керек.
1.3.Гүлзар және бұрқақ
Гүлзарлар түрлеше болуы мүмкін: клумбалар, рабаткалар, ландшафтық гүлзарлар- миксобордерлер, партерлер. Гүлзарлар үшін өсімдіктерді таңдап алғанды олардың биологиялық ерекшеліктерін ғана емес, сондай-ақ бояуларының ұштасып, үйлесіп келуін де ескеру керек. Түстің көп болуы ұтымды емес. Күңгірт түстер ашық түстермен жақсы ұштасады, ашық қызғылт ақшыл көкпен, қызыл ақпен, т.с.с. жақсы үйлесім табады.
Колумбалардың формасы әртүрлі (төрт бұрышты, сопақ, дөңгелек) болуы мүмкін. Шеттері 10см, ал ортасы 30-40см биіктікте болады. Клумбаның шетіне газоннан шағын (10-20 см) жиек жасалуы тиіс. Клумба жасау үшін алдымен оның шекарасын сызып алып, топырақты бір күрек бойы қазып, құнарлы топырақ төсеу керек. 10-15 күннен кейін (топырақ нығыздалған соң) ортасынан бастап өсімдіктерді отырғыза бастуға болады.
Бедерінің тым кішкентай және күрделі болмағаны дұрыс және клумбаны тым үлкен жасаудың керегі жоқ. Өсімдіктерді таңдап алғанда оның түстерінің үйлесімділігіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ жекелеген өсімдіктердің өсу сипаты мен биіктігін ескеру қажет. Өсімдік неғұрлым биік болған сайын ол ортасына таман орналасуы тиіс. Аласа өсетін өсімдіктерді тығыз отырғызып клумба жасаудың қажеті жоқ.
Осындай әсем гүлзарды бұрқақтың жанына шеңбер жасап орнату адамның бойында табиғаттың әсемділігіне сүйсінетін ерекше сезім тудырады, сонымен қатар адамның шаршағанын басатын тамаша бір дем алатын, яғни рекреациялық орны болады. Бұрқақты кез келген жерге орнатудың түк қиындығы жоқ. Өйткені бұрқақты салу құрылысында негізінен физика заңына сүйенеді, яғни су айналым жүйесін білу шарт. Бұрқаққа негізінен әр түрлі насостарды қолдануға болады. Алайда арнайы бұрқақ насосын қолданған жөн. Себебі біріншіден, ол аз энергияны қажет метеді, екінщіден, үлкен моторесурсты болып келеді, үшіншіден, бұл насос дірілсз және шусыз жұмыс істейді. Аппарат бөгеннің астына бетонды немесе металды лауатқа бекітіліп, бұрқақтың бір ұшы су деңгейінің үстіңгі жағына орнатылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Туған өлкенің табиғатын аялау, қорғау- озық қоғамның алғы шарты. Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаған орта мен адамның жекедара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Қоршаған ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланаған бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарасты қалыптастыру үшін туған өлкеге туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен танысудың маңызы зор.
Жалпы мектеп алаңында осындай мәдени- эстетикалық сауықтыру орталығының құрылысы жүзеге асатын болса, ертеңгі үкіліген үмітіміз- болашақ ұрпақтың бала кезінен бастап экологиялық мәдениет, оның ішінде туған өлкенің табиғаты, жалпы табиғат деген кең ұғымды дүниені аялау, оны қорғау сынды алдын алу шараларымен таныстыру – бүгінігі күннен бастау керек. Гүлзар және бұрқақ – бұл адам дем алатын, өзінің бойында эстетикалық мәдениетті қалыптастыратын табиғаттың ғажайыбы іспетті.
Негізінен № 10 орта мектептің ауласын көгалдандыру ісінің бір көрінісі- гүлзарлармен қатар мектепті айналдыра жасыл қоршау жасау да тиімді. Жасыл қоршауды кәдімгі қарағаштан, арша және жайыла өсетін қылқанды биотадан жасауға болады. Жасыл қоршау шаңды, желді, шуды тоқтады және мектептер үшін пайдалы, әрі сәнді.
ӘДЕБИЕТ
1.А.А.Ивашенко «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» Сурет инциклопедиясы- Алматы кітап 2004
2. Шаңырақ үй- тұрмыс энциклопедиясы. Қазақ совет энциклопедиясының Бас редакциясы: Алматы, 1989 жыл- 457 бет
3.Гүлстан «Республикалық ғылыми - танымдық көпшілік журнал » қаңтар 2008 № 1/35 12-13-бет
4.Новиков Ю.А. Экология, окружающая среда и человек: Уч. Пособие для вузов.- М.: ГРАНД-ФАИР, 2001.- 320 с.
5. А.Жақбасова. Г.Ә.Саинова.Экология. Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. «Бастау» баспасы: Алматы, 2003 жыл- 38-39 бет
6.Моя прекрасная дача. № 4 апрель-май 2009. В саду у фонтана. 44-45 стр.
Жоба: Мәдени сауықтыру орталығы
- Шынар Т
- 13 сәуір 2012
- 6613
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мәдени, эстетикалық, сауықтыру, орталық
Ұқсас жаңалықтар:
Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспа ...
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның...Жер тағдыры – Ел тағдыры
Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше...Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары
Білімділік мақсаты: Қоршаған орта, климаттың өзгеруі, ғаламдық көкейтесті мәселелер, Қазақстанның өзекті экологиялық проблемалары туралы білім беру....Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру. - Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. -...Топырақ экологиясы
Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті №176 орта мектеп Игембаева Гүлнар Ыдырысқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.