Сайтқа кіру Тіркелу

Балдырлар туралы жалпы шолу

Балдырлар туралы жалпы шолу.
Балдырлар теңіз, көл, өзендерде және тоқтау суларда, топырақта тіршілік етеді.

Балдырлардың түрлері

• Біржасушалы
• Шоғырлы
• Көпжасушалы

Көпжасушалы өкілдерінің денесін таллом (қатпаршақ) деп атайды. Денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөлінбейтін өсімді бөлігі таллом деп аталады.

Таллом – грекше «таллос» - өсінді, қатпаршақ. Балдырдың жасуша қабықшасы жақсы жетілген. Жасушасы көбіне бір ядролы. Цитоплазмасында органоидтары және вакуолі болады. Жасушасында балдырға түс беріп тұратын хроматофорлары біреу, екеу, кейде одан да көп болады. Балдыр жасушасындағы хлоропластарды – хроматофор (грекше «хромос» - бояу, бояулы) дейді. Хроматофордың түстері әр түрлі. Соған байланысты табиғатта жасыл, қызыл, қоңыр балдырлар кездеседі.

Балдырлар талшықты немесе талшықсыз жеке жасушалар және шоғырлар күйінде де кездеседі. Балдыр жасушасы қабықшасының сыртын сілемейлі қабық қаптайды. Ол суда жеңіл қозғалуына, төсемікке жеңіл бекінуіне көмектеседі. Балдырлар өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбею кезінде біржасушалы балдырдың жасушалары екіге бөлінеді. Шоғырлы балдырлар жеке шоғырлар түзеді.(домаланғылар). Жіп тәрізді балдырлардың талломы бірнеше бөлшекке бөлінеді. Балдырлар жыныссыз көбейгенде талломындағы арнайы қалтадан біржасушалы талшығы бар зооспоралар түзіледі. Кейде талшығы болмайды. Зооспоралар төсемікке бекініп өніп, балдырға айналады. Балдырлар жынысты көбейгенде аталық жыныстық жасушасы мен аналық жыныстық жасушасы өзара қосылады. Жыныс жасушаларын гаметалар деп атайды. Бір талломда түзілген гаметалар немесе әр түрлі талломның бойында пайда болған гаметаларға қосылады. Жыныс жасушаларының қосылуының нәтижесінде зигота пайда болады. Балдырлар – теңіз, мұхиттар жағалауындағы тіршіліктің көзі, жан - жануарлардың мекені. Теңіздің, мұхиттың түбінде тіршілік ететіндеріне қарағанда суда қалқып тіршілік ететіндер саны жүздеген есе артық. Сондықтан олар судағы тіршіліктің маңызды бір бөлігі болып саналады. Балдырлар түсіне қарай жасыл, қоңыр, қызыл балдырға топтастырылады. Жасыл балдырлардың жасушасы – бір ядролы, кейде көп ядролы болады. Хроматофорында фотосинтездің нәтижесінде түзілген крахмал жиналады. Хроматофорларының пішіні тақта, білезік, жұлдыз, астауша, дән, таспа тәрізді болып келеді. Жасыл балдырларды жіктеу кезінде хроматофорларының пішіні ескеріледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×