Сайтқа кіру Тіркелу

Құстар әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты: Құстар туралы білімдерін тереңдету, алған білімдерін жинақтау, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Құстарды қорғауға, сақтауға тәрбиелеу. Табиғатты аялап қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ жоспары.
1. Ой Маржан.
2. Бұл қандай құс?
3. Сен білесің бе?
4. Ең... ең... ең...(минивикторина)
5. Қанаттыларды сақтайық!(Құстарды қорғау ақын - жазушылардың шығармашылығында)
1) Ой Маржан.
Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты қандай топтарға бөледі?
2) Қыртөссіздерге қандай құстар жатады?
3) Қыртөстілерге қандай құстар жатады?
4) Жүзетін құстарға қандай құстар жатады?

Берілген сипаттамалардың қайсысы дұрыс?
«Сұңқар» тобының сұрақтары:
1. Денесі бас, мойын, тұлғаға бөлінген.
2. Құстардың терісі қалың, бездері өте көп.
3. құстардың қаңқасы жеңіл әрі берік.
4. Құстардың терісі жұқа әрі құрғақ, бездері өте аз.
5. Құстар сырттай ұрықтанады.
«Ұлар» тобының сұрақтары:
6. Ұшуға бейімделуіне сәйкес құстарда қуық болады.
7. құстардың тыныс алу ерекшелігін қосарлы тыныс алу дейді.
8. Құстардың жүрегі төрт қуысқа бөлінген.
9. оң жақ қарыншадан өкпе артерия қантамыры түрінде үлкен шеңбер басталады.
10. Құс қауырсындары бүкіл денесін жауып тұрады.
«Аққу» тобының сұрақтары:
11. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі – сояуы деп аталады.
12. Қаңқасын бассүйек, омыртқа жотасы, йық белдеуі мен қанаттары, жамбас белдеуі мен аяқтары, кеуде қуысы деп бөледі.
13. Дене температурасы – тұрақты, жылықанды, әрі жоғары +41, +43ºС.
14. Қазақстанда құстардың 500 - ден аса түрі мекендейді.
15. Құстарды зерттейтін ғылым – орнитология деп аталады.

« Бұл қандай құс?» жұмбақ ойыны.
Сұрақтар:
1 - сұрақ: Көлдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап сақтаған.
Бұл қандай құс? (Аққу)
2 - сұрақ: Ұшады, қалықтайды,
Сайраудан бір жалықпайды.
Ақы алмайды әніне,
Сонда да еш тарықпайды.
Бұл қандай құс? ( Бұл - бұл)
3 - сұрақ: Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй салады.
Бұл қандай құс? (Қарлығаш)
4 - сұрақ: Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім.
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш енгенім.
Бұл қандай құс? (Қыран)

«Сен білесің бе?»
Деңгейлік тест тапсырмалары. I - нұсқа
«А»- деңгейіне: Ұша алмайтын құсты көрсет:
а) құр ә) пингвин б) бүркіт
2. Ең кішкентай құсты көрсет:
а) қарлығаш ә) колибри б) наурыз торғай
3. Құстардың жүрегі неше қуысты?
а) 3 ә) 4 б) 2
4.
Құстарда құйымшақ бездері қандай қызмет атқарады?
а) Денесін қызып кетуден сақтайды
ә) жылуды реттейді
б) қауырсындарын майлайды
5. Құстарда өңештің кеңейген бөлігі қалай аталады?
а) қарын ә) жемсау б) ішек
«В» - деңгейіне.
1. Қандай құстың еті көптеген ауруларға ем ретінде пайдаланылады?
а) тауық ә) көгершін б) қырғауыл
2. Құстардың мойын омыртқасының саны?
а) 11 - 25 ә) 4 - 5 б) 9 - 12
3. Құстардың зәр шығару мүшесін көрсет:
а) екі бүйрек ә) қуық б) аналь тесігі
4. Құстардың омыртқа жотасы неше бөліктен тұрады?
а) 4 ә) 5 б) 6
5. Құстардың тыныс алу мүшесі?
а) терісі ә) өкпесі б) дем түтігі
«С»- деңгейіне:
1. Қорегінің құрамына байланыста түсін өзгертетін Қазақстанда мекендейтін құсты көрсет:
а) қоқиқаз(фламинго) ә) шағала б) құмай
2. «Ақүрпек» деп қандай құстың балапанын атайды?
а) ұлар ә) үкі б) қыран
3. «Тепкі» деп нені атайды?
а) құстардың доғал тұмсығы
ә) өткір тырнағы
б) жіліншігінің артқы жағындағы мүйізді өскін
4. Құстардың үлкен қанайналым шеңбері басталады?
а) сол жақ қарыншадан
ә) сол жақ құлақша
б) оң жақ қарынша
5. Бұдан 150 мың жыл бұрын тіршілік еткен құсты көрсет
а) ілкі құс ә) тазқара б) көнеқұс
II - нұсқа
«А»- деңгейіне
1. Құстар – жылықанды жануарлар, себебі:
а) денесі қауырсынмен қапталған
ә) терісі құрғақ болғандықтан
б) оттегіне қаныққан салатамыр қаны болғандықтан
2. Құстардың қандай сезім мүшесі дамыған?
а) сипап сезу ә) дәм сезу б) есту
3. Ұшатын құсты көрсет.
а) пингвин ә) түйеқұс б) тырна
4. Тауық жұмыртқасынан неше күнде балапан шығады?
а) 18 тәулік ә) 20 тәулік б) 21 тәулік
5. Қыртөсі жоқ құсты көрсет:
а) үйрек ә) пингвин б) киви
«В»- деңгейіне:
1. Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар саны
а) 51 ә( 59 б) 56
2. Қазақ халқы киелі деп қастерлейтін құс?
а) дуадақ ә) шағала б) аққу
3. Қысқа, иіліп келген тұмсық қандай құстарға тән?
а) орман құстарына
ә) суда жүзетін құстарға
б) жыртқыш құстарға
4. өз өңірімізде қыстап шығатын құсты ата?
а) тырна ә) қараторғай б) сауысқан
5. Фараон қай құстың қолтұқымы?
а) күркетауық ә) тауыс б) бөдене
«С»- деңгейіне
1. «көгілдір» деп қандай құстың балапанын айтады?
а) қыранның ә) тырнаның б) аққудың
2. «Бройлер» деген ұғым нені білдіреді?
а) суға пісіру ә) бұқтыру б) отқа қақтау
3. Құс жұмыртқасындағы нәруыз қабаты қандай қызмет атқарады?
а) сарыуызды қоршап, қорғап тұрады.
ә) тыныс алуға қатысады
б) ұрықтың дамуына қажетті су қоры
4. Асыранды тауықтың ата тегі қай құс?
а) қырғауыл ә) күркетауық б) банкив тауығы
5. Құстардың зәр шығару мүшелерінің қандай ерекшелігі бар?
а) бір ғана несепағар түтігі болады
ә) несепағар аналь тесігіне жалғасады
б) қуық болмайды.

«Ең... ең... ең» Минивикторина
Сұңқар тобына сұрақтар:
1. Ең кішкентай құс( колибри – тропикалық ормандарда тіршілік етеді)
2. Ең терең жүзе алатын құс ( Император пингвині – Антарктидада өмір сүреді)
3. Ең жыртқыш тотықұс ( кеа – тропикалық ормандарда тіршілік етеді)
4. Жер бетінде ең көп таралған құстар( Тауықтар)
5. Ең тілі ұзын құс ( Тоқылдақ 15 см)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×