Сайтқа кіру Тіркелу

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Сабақтың тақырыбы: Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері

Сабақтың мақсаты:
1. Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері туралы ақпарат алу
2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Сабақтың пәнаралық байланысы: химия, география.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,
Көрнекілік: жануар және өсімдік клеткасының құрылысы.
Сабақ барысы:

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
ІV. Тірек сөздер
V. Қарама - қарсы сұрақтар
VІ. Сыни сұрақтар
VІІ. Үйге тапсырма беру.
VІІІ. Оқушыларды бағалау
І Ұйымдастыру бөлімі
А) амандасу
Б) түгендеу
В) үй тапсырмасы
1. Ішкі секреция бездерінің қызметтерін ата?
2. Акромегалия ауруы қалай пайда болады?
3. Қалқанша безі қайда орналасқан?
4. Қандай без жүрек қан тамыры жүйесіне түрткі болады?

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos — қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер безпаренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К - жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің,

көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.
Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30 - 40%- ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30 - 50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.
Бүйрек үсті безі (glandulae suprarenales) — екі бүйректің үстінде орналасқан, организмде белоктың көмірсуға айналуын және минералдық тұздардың алмасуын реттейтін жұп орган. Салм. 15 г, сыртқы және ішкі қабаттан тұрады. Бүйрек үсті безі 50 - дей гормон (мыс., адреналин, альдостерон, кортикостерон, кортизон, т. б.) бөліп шығарады. Оның жұмысын орталық жүйке жүйесі басқарады. Бүйрек үсті безінің сыртқы қабаты зақымданса, адам аддисон ауруына шалдығады. Адам мен жануарларда ішкі және сыртқы секреция бездерінің қызметін қоса атқаратын ұйқы безі болады. Ұйқы безі (pancreas) — организмде көмірсу, май, белок алмасуына, яғни, ас қорытуға қатысатын орган. Омыртқасыздарда ұйқы Б - і тек моллюскілерде ғана болады. Адамда қарынның артқы жағында 1 -, 2 - бел омыртқа тұсында орналасқан. Ұзындығы 15 — 25 см, ені 3 — 9 см, қалыңдығы 2 — 3 см., салмағы 70 — 80 г. Ол тәулігіне 1, 5 — 2 л сөл бөледі.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.

ІV. Тірек сөздер
1. Тироксин
2. Микседема
3. Эндемиялық зоб
4. Кретинизм
5. Тимус
6. Тимозин
7. Бүйрек үсті безі
8. Судороги
9. Йод
10. Йодомарин
11. Базедов ауруы
12. Адреналин
13. Қырысты қабат
14. Ми қабаты
15. Гормон
16. Қалқанша маңы безі
17. Антидене
18. Стимул
19. Гипофиз
20. Ламинария
21. Иммунитет

V. Қарама - қарсы сұрақтар
1. Қалқанша без қызметінің бұзылуы организмде қандай өзгерістер туғызуы мүмкін?
2. Микседема ауруының белгілері қандай?
3. Эндемиялық зоб белгілерін ата
4. Кретинизмді емдеуге, алдын алуға бола ма?
5. Қандай без гормондары жүрек - қан тамырлары жүйесінің іс - әрекетіне түрткі (стимул) болады?
6. Организм қызметіне қалқанша маңы бездерінің гормондары қалай әсер етеді?
7. Бүйрек үсті бездерінің құрылысы қандай?
8. Бүйрек үсті бездері гормондары организм қызметін реттеудегі маңызы қандай?
9. Организм қызметіне адреналин гормоны қалай әсер етеді?
10. Қалқанша без қайда орналасқан?
11. Оның массасы қанша?
12. Тироксин деген не?
13. Тироксин құрамына не кіреді?
14. Зоб ауруы қандай аймақта кездеседі?
15. Кретинизмнің белгілерін ата.
16. Қалқанша бездің қызметі жоғарыласа, гормондар артық мөлшеорде болса қандай өзгеріс болады?
17. Базедов ауруының белгілері қандай?
18. Қалқаншамаңы безі қайда орналасқан?
19. Оның жалпы мөлшері қандай?
20. Бұл гормондар жетіспесе не болады?
21. Тимусты қалай атайды?
22. Тимуста қандай гормон түзіледі?
23. Бүйрек үсті бездерінің пішіні қандай?
24. Бүйрек үсті бездерінің құрылысын ата.
25. Бүйрек үсті бездерінің қыртысында қандай гормондар бөлінеді?
26. Гормондары неге әсер етеді?
27. Бүйрек үсті безінің милы затында қандай гормон түзіледі?
28. Адреналин түзілуі қалай бақыланады?
29. Қай кезде адреналин көп бөлінеді?
30. А. Невский әскерінде қорқақтар болмауы үшін қандай әдіс қолданған?

VІ. Сыни сұрақтар
1. Мойында пішіні шар тәрізді, 4 бөліктен тұратын қалқанша без орналасқан (таға тәрізді, 2 бөлік)
2. Оның массасы 20 - 40 г (15 - 30 г)
3. Тироксин заттарды тасымалдауға қатысады (даму, өсу процестерін реттеуге, зат алмасуды реттеуге қатысады)
4. Тироксин құрамына йод кіреді (иә)
5. Қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, кретинизм ауруы пайда болады
6. Бұл кезде дене температурасы, жүрек іс - әрекеті жоғарылайды (төмендейді)
7. Тамақта йод жетіспесе, эндемиялық зоб пайда болады (иә)
8. Бұл ауру сулы мен топырақты йоды көп аймақта кездеседі (йод жетіспейтін)
9. Адам тәулігіне 0, 35 - 0, 40 мг йод алуы керек (0, 15 - 0, 20)
10. Зобтың белгісі – бездің кішірейіп кетуі (ұлғаюы)
11. Оқушылар йодомарин ішуі керек (иә)
12. Қалқанша бездің қызметі шамадан тыс жоғарыласа жүйке жүйесінің қозуы төмендейді (жоғарылайды)
13. Базедов ауруын кертинизм деп те атайды (бадырақ көз)
14. Тироксин бөлінуі мен синтезін гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының бірі реттейді (иә)
15. Егер тироксин жеткілікті болса, гипофиз гормонының мөлшері артады (кемиді)
16. Қалқанша маңы бездері қалқанша бездің алдыңғы бөлігінде орналасқан (артқы)
17. Оның жалпы массасы 0, 5 - 0, 6 г (0, 1 - 0, 13 г)
18. Бүл бездердің құрылысы мен қызметі бірдей (әр түрлі)
19. Гормондар жетіспесе сүйек, тістің өсуі бұзылады, кальций мөлшері кемиді (иә)
20. Кальций асқазанда, ішекте, өкпеде жинақталады (қанда, бүйрек, бауыр, мида)
21. Тимусты үлкендер безі деді (жасөспірім безі)
22. Тимуста адреналин гормоны түзіледі (тимозин)
23. Бүйрек үстінде жұп қалқанша безі орналасқан (бүйрек үсті безі)
24. Бүйрек үсті бездерінің пішіні әр түрлі – дөңгелек, шар, таға тәрізді (үшбұрышты, жарты ай тәрізді)
25. Бүйрек үсті бездерінің 3 қабаты бар (2)
26. Без зат алмасуын реттейді (хлор, калий, натрий алмасуын)
27. Бүйрек үсті безінің милы затында адреналин түзіледі (иә)
28. Адреналин түзілуі бұлшық ет арқылы бақыланады (жүйке жүйесі)
29. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда ойлау процесі баяулайды
30. Гормондар су - тұз алмасуын, қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий, хлор алмасуын реттейді (иә)

VІІ. Үйге тапсырма беру. § 12
VІІІ. Оқушыларды бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×