Сабақтың тақырыбы: Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары
Сабақтың мақсаты: 1. ғылым ретіндегі экология, оның бағыттары, пайда болу кезеңдері туралы білім дәрежесін тексеру, ағзалардың тіршілік орталары, олардың ерекшеліктері, ағзалардың тіршілік ортасына бейімделуі туралы білімді жүйелеу;
2. базалық білімге жұмылдыра білуге үйрету; талдай, қорыта білуді одан әрі дамыту.
3. оқушыларды білімділікке, парасаттылыққа, ұжымдасып жұмыс істеуге, ынтымақтыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Сөздік
Түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: әр түрлі тіршілік ортасы бар кестелер, әр алуан тіршілік ортасында мекендейтін жануарлар әлемі өкілдерінің бейнелері, электронды оқулық.
Түйінді сөздер: тіршілік ортасы, биотоп, гидробионттар, аэробионттар, эндобионттар.
Барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ой толғаныс кезеңі
1. Географиялық заңдылықтарға не жатады?
2. Б. Комманердің заңдарының бүгінгі күні маңызы бар ма?
3. Географиялық қабықтың жалпы сипаттамасы?
4. Экожүйелердің типтері қандай?
5. Ландшафт типтері және функциясын атаңдар?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Кез келген организмнің өніп - өсіп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруына қолайлы табиғи – тарихи қалыптасқан ортаны тіршілік ортасы дейміз. Қазіргі кезде жер шарында негізгі төрт тіршілік ортасы бар. Олар: су, құрлық - ауа, топырақ және организмдердің өзі.
Тіршілік ортасының саны бойынша сыныпты 4 топқа бөліп, жаңа тақырып топтық түрде өткізіледі. Топтардың әрқайсысы белгілі сұрақтарға жауап беруге дайындалып, оны 15 минутта негіздеуі қажет. Ол сұрақтар шамамен мынадай:
1. Орта немен сипатталады?
2. Ортаның жағымды және жағымсыз факторлары.
3. Осы ортада қай ағзалар өмір сүреді?
4. Бұл ағзалардың қандай бейімділіктері бар?
5. Тіршілік ортасы өзгерсе, ағзалар қандай күйде болады?
Су – тіршілік ортасы
Су көптеген организмдер үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т. б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық қосылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0, 5г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35 - 40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір организмдер тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады. Суда тіршілік етуге бейімделген организмдер тобы – гидробионттар (грекше «hydоr» - су, «biontos» - тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген.
Құрлық – ауа тіршілік ортасы
Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін организмдер – аэробионттар (грекше “aer” – ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық – ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада организмдердің тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін организмдердің орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерді террабионттар (латынша “terra”- жер) деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін организмдер денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай организмдерде арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес организмдерде қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер қалыптасқан.
Топырақ – тіршілік ортасы
Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен ірі организмдердің шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше «podos»- аяқ) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі қабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер тіршілік етеді. Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақта көмірқышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ерітінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген организмдердің тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін организмдер – педобионттар деп аталады.
ІV. Бекіту сұрағы
Толықтыру тесті. Берілген сөйлемге тиісті сөздерді қойып, толықтыру:
1. Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда......
2. Су түбінде тіршілік ететін организмдер........
3. Судың беткі қабатында тіршілік ететін организмдер........
4. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдер........
5. Ауа да тіршілік ететін организмдер.............
6. Топырақта тіршілік ететін организмдер..........
7. Организмді тіршілік ортасы ретінде пайдаланатын организмдер........
2. Сәйкестендіру тесті.
1. Жеке дараларды---------------------Шоқан Уәлиханов
2. Популяцияларды---------------------1972 ж
3. Табиғи бірлестіктерді---------------Экологиялық зерттеулер
4. Адам және биосфера жайлы бағдарлама ---------------Қаныш Сәтпаев
5. Стокгольде қоршаған ортаны қорғау туралы конференция.----Аутэкология
6. Адамның экологиялық ұғымдарды түсін ----------------------------Экологиялық этика
7. Табиғатта адамның өзін - өзі ұстай білуі, мінез - құлық дағдыларын қатаң сақтауы.----Экологиялық мәдениет
8. «Табиғат, адам – олардан құпия не бар?»------------Демэкология
9. Туған жердің тағдыры толғантпаған, ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз?----Синэкология
10. Далалық, зертханалық, эксперименттік - тәжірибелік.--------1970 ж
3. Ой қорытындысын жасау.
Барлық табиғи орта өздерінде тіршілік ететін организмдерді қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіп отырады.
Әрбір түрдің тіршілік ететін тұрақты ортасы болады. Ол орта түр үшін табиғи - тарихи мекені және өсіп - өніп көбейетін орны. Түр сол жерде ғана ұрпақ беріп еркін тіршілік етеді. Организмдер өздері тіршілік ететін табиғи ортадан тіршілігіне қажетті заттарды алып және оған зат алмасуы кезінде пайда болған қажетсіз ыдырау өнімдерін бөледі. Тірі организмдер өздері тіршілік ететін орта факторларына бейімделуі арқылы ғана үнемі қалыпты тіршілік әрекеттерін жалғастырып отырады.
V. Қорытынды.
Үй тапсырмасы: § 39.
«Орта жағдайларына аздап немесе кеңірек бейімделгіш ағзалар» хабарлама дайындау.
Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары
- Гүлнар
- 19 наурыз 2013
- 36307
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ашық сабақ, биология, Организмдердің әртүрлілігі және тіршілік орталары
Ұқсас жаңалықтар:
Биосфера – тіршілік қабаты
Биосфера туралы төменгі сыныптарда алған білімдерін кеңейте отырып, биосфера құрылымы туралы түсініктерін қалыптастыру....Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын ...
Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе...Орта факторлары, оған бейімделу және тіршілік формалары
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №35 орта мектебінің биология пән мұғалімі: Тилегенова Қамар Жайлаубайқызы...Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік: Оқушыларға биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері: фотосинтездің жүруі, эукариоттардың, жынысты көбеюдің және...Тіршілік ету ортасы. Экологиялық факторлар
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, №8 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Егизбаева Гулсара Қожабаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.