Сайтқа кіру Тіркелу

Тыныс алу жолдарының аурулары

Сабақ тақырыбы: Тыныс жолдарының аурулары
Оқу мақсаты: Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдарын түсіндіру
Сабақ мақсаты: Оқушылар:
Тыныс алу мүшелерінің ауруларының себептері мен алдын алу жолдарын түсіндіре алады
Бағалау критерийі: Сурет бойынша тыныс мүшенің қоздырғышын анықтайды.
Жұқтыру жолын сипаттайды.
Тыныс алу мүшесін анықтайды
Құндылықтарды дамыту Академиялық сауаттылық, сыни тұрғысынан ойлау, адамгершілік.
АКТ қолдану Дереккөздермен жұмыс істеу
Сабақ барысы мерзімі Іс - әрекеттер Ресурстар
Психологиялық ахуал. Оқушылар ең бірінші сабақты бастамас бұрын, бір - бірімізге тілек айтайық. Мысалы, мен барлықтарыңызға сәтті күн, сабаққа белсенді қатысуларыңызды тілеймін.
Топқа бөліну.
1 топ: Жүйелеу;
2 топ: Ұлпалар;
3 топ: Адамның тыныс алуы;
4 топ Жануардың тыныс алуы.
Әр топ өзіне топ басшысын таңдайды.
Үй тапсырмасын сұрау үшін: «Доп лақтыру» әдісін қолданамын. Яғни орындарыңда отыра бересіздер. Мен кез келген оқушыға доп лақтыру арқылы сұрақтар қоямын.
1 Ауаға толы өкпе көпіршіктері – альвеолалар
Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын тыныс алу қызметін атқаратын мүше – диафрагма
Балықтардың тыныс алу мүшесі – желбезек;
Қос мекенділердің тыныс алу мүшесі – тері
Адамның негізгі тыныс алу мүшесі – өкпе
Құрлықта тіршілік ететін жануарлар қалай тыныс алады – өкпе, демтүтік арқылы
Өсімдіктің тыныс алу мүшесі – жапырақтары (лептесік)
Егерде өсімдік суда тіршілік етсе қалай тыныс алады? – үстінде Бейнебаян.
Түсіну.
Енді оқушылар сабақтың тақырыбын анықтау үшін алдарыңызда видеоролик қосылады. Сабақтың тақырыбын бірге анықтайық.
Дұрыс айтасыздар оқушылар сабақтың тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің аурулары.
Енді сабақтың тақырыбы белгілі енді бізге сабақты ары қарай өткізу үшін мақсат құрастырайық. Қандай мақсат қойық алдымызға?
Оқушылар сендер осы уақытқа дейін тыныс алу жолдарының қандай ауруларын білдіңдер? Ендеше оқушылар кітаптарымыздың 132 бетіндегі §32 ашайық.
«Түртіп алу» әдісі. Кітабымыздағы ең керек дейтін жерлерді түртіп алайық.
Сергіту сәті: Видеоролик
Оқушылар біз сабаққа мақсат қойдық енді сол мақсатқа байланысты «Фишкоун» әдісі арқылы қарайық.
1 топ – тұмау
2 топ – пневмония
3 топ - бронхит
4 топ - туберкулез
Осы аурулардың яғни пайда болу себептерін, алдын алу шараларын, белгілерін, қалай емделуге болатынын жазасыздар.
Әр топтың жұмысы аяқталған соң бір - бірлеріңізге «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалаймыз.
Жаңа тақырыпты қалай түсінгендеріңді бақылау мақсатында «Достарыңа хат» жазасыздар. Аталған аурулардың атын, биологиялық сөздерді ағылшынша жазыңыздар.
Өкпе – Lung
Тұмау – Flu
Туберкулез - Tuberculosis
Бронхит Bronchitis
Өкпе обыры - Lungs carner
Мұрын - Nose
Адам - Human
Енді қорытындылау мақсатында «Бұл жауап болса, сұрақ қалай болар еді» әдісін алдым. Яғни мен сіздерге жауап лақтырам, сіздер сұрағын табасыздар.
ВидеороликА3
Фламастер
Парақтар
Презентация
карточкалар
5 минут Бағалау. Топ басшылары өте жақсы және жақсы қатысқан оқушыларды айтып шығыңыздар.
Үй тапсырмасы: Рефлексия:
Сабақ қызық болды;
Сабақта үйрендім;
Сабақта қиын болды. Бағалау парағы
стикерлер
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
Барлық оқушылар:
Ауру белгілерні сипаттай алады
Көпшілік оқушылар:
Ауру себептерін анықтай алады сипаттайды.
Кейбір оқушылар:
Аурулар ерекшеліктерін алдын алу ережелерін біледі. емдеу жолын талдайды Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді
Бағалау жоспарланған бағалау критерийлері және қалыптастыру бағалау жұмысы арқылы жүргізіледі. Сабақ соңында өз - өзін бағалауы тиімді болады. Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Интерактивті тақтаны қажет уақытында қосып отыру.
Дереккөздермен жұмысты дағдылану
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма?
Оқушылар бүгін нені үйренді?
Сыныпта қандай атмосфера болды?
Мен жүргізген дифференциация іске асты ма?
Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе?
Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды және неліктен?
Бұл бөлімді рефлексия үшін пайдаланыңыз (сабақ туралы ой қозғау).
Сол бұрышта тұрған Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)?
1:
2:
Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім?
1.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Наурыз мейрамы. Ақ мол болсын! Ұлыс оң болсын!

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формалары туралы түсінігі болады; Наурыз мейрамына қатысты құттықтау - тілек...
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы  ...

Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы ...

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7. 1. 5. 2 - өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу...
Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы  ...

Өсімдіктердегі бөліп шығару өнімдері: тыныс алу мен фотосинтездің бастапқы ...

Сабақ негізделген оқу мақсаттары: 7.1.5.2 - өсімдіктердегі бөліп шығару ерекшеліктерін зерттеу...
Өзен шаяны

Өзен шаяны

Жалпы мақсаты: Сабақта сын – тұрғысынан ойлау әдістерін пайдалана отырып, оқушылар буынаяқтылар типі, шаянтәрізділер класының негізгі өкілі өзен...
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте.

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте.

СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×