Сайтқа кіру Тіркелу

Қан құрамы және қызметі

Қан (гр. haemo; лат. sanguis — қан) — организмдегі ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан организмнің инфекциядан қорғаныш реакциясын қамтамасыз етеді.

Қан жасушалары. Қан жасушаларына — эритроциттер (қанның қызыл түсті жасушалары), лейкоциттер (қанның түссіз жасушалары) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады Қызыл денешіктер — эритроциттер, ағы — лейкоциттер. Жасушалар арасында тромбоциттер бар. Эритроциттердің құрылысы. Эритроциттер (грекше «еrythros» — қызыл) қанның қызыл түсті ядросыз жасушалары. Жаңадан түзілген эритроциттерде ядро байқалады да, кейіннен жойылып кетеді. Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақтырақ болғандықтан, ыдыстың ең түбіне тұнады.

Эритроциттердің пішіні — ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсайды. Пішінінің мұндай болуы олардың беткі көлемін үлкейтеді. Эритроциттер өздігінен қозғалмайды, тек қан сұйықтығының ағынымен жылжиды. Адам эритроциттерінің диаметрі 7, 5 мкм, қалыңдығы 1 - 2 мкм. Қанның 1 мм3 - де — шамамен 4, 5 - 5 млн, жаңа туған нәрестенің 1 мм2 қанында 6 - 7 млн эритроцит бар.
3 айдан соң оның мөлшері азайып, қалыпты мөлшерге (5 млн) келеді. Эритроциттердің қызыл түсі гемоглобинге (грекше «гема» — қан) құрамында темір бар нәруызды қызыл пигментке байланысты. Оттекпен қосылған гемоглобинді оқ - сигемоглобин дейді. Оксигемоглобинмен қаныққан қан — алқызыл түсті артерия қаны, көмірқышқыл газымен қаныққан қан күңгірт қызыл түсті вена қаны. Молекулаларының осы қасиеті гемоглобин оттекті өкпеден дененің барлық ұлпаларына жеткізіп қана қоймай, көмірқышқыл газын ұлпадан өкпеге жеткізетінін анықтайды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жасуша, оның құрылысы

Жасуша, оның құрылысы

Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі болады. Олар сопақ, домалақ және тағы басқа пішіндерде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3 - 7 микроннан 200...
Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі (күнделікті сабақ жоспары)

Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі (күнделікті сабақ жоспары)

Тромбоциттер. Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2 - 5 мкм...
Қанның құрамы мен қасиеттері

Қанның құрамы мен қасиеттері

Ағзадағы қанның құрлысы мен қызметі туралы білімдерін арттыру. Өзінің денсаулығына дұрыс қарауға, гигиенаны сақтауға, дұрыс тамақ рационын...
Қанның ұюы. Тромбоциттер

Қанның ұюы. Тромбоциттер

Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу....
Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы

Сабақтың мақсаты: 1. Организмнің ішкі ортасы және оның маңызымен таныстыру. 2. Оқушылардың организмнің ішкі ортасы саласы бойынша білімдерін толықтыру...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×