Сайтқа кіру Тіркелу

Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі

Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі.

Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.
Қазіргі кездегі қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын негізгі талап – оқытылатын материалдың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне, ал оқыту әдістері – дидактиканың ең жаңа жетістіктері дәрежесіне сәйкес болуы.
Қазақстан Республикасы 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Орта білім берудің мақсаты – қарқынды өзгертіп отырған дүние жағдайында игерілген терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлама алуға, өзінің іс - әрекеттерін жұмылдыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» екендігі атап көрсетілген. Бұдан оқытудың мазмұны мен құралдарына, әдіс – тәсілдеріне ұйымдастыру формасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Ол үшін тиянақты, әрекетті және берік білім алуға мүмкіндік беретін тиімді оқыту құралдарының мазмұны қайта ой елегінен өткізілуі тиіс. Себебі, олар қоғамдағы ақпараттар ағымының жедел қарқынмен артуы жағдайында оқушының аз уақыт ішінде берік, әрі әрекетті сапалы біліммен қарулануына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстардың білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңа педагогикалық технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу - әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Бес бағытқа бағдарланған елуге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ беру үрдісінде қолдану өте тиімді жолдардың бірі. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық роль берілсе, ал қазіргі технологияларда оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оқушыны оқытпайды, ол өздігінен оқып білім алуы керек. арқылы оқушы өз қажеттігін біліп, өз жолын таңдап, жетістікке жетуге мүмкіндігі бар. Ал, мұғалім әрбір оқушыны жеке қызығуын және қабілеттерін ашуға көмектеседі.

Оқушының іс - әрекеті көптеген мінез - құлық параметрлерімен (іс - әрекет сипаты, жеке интеллектуалды дамуы, сөйлеу мәдениеті, өз бетінше жұмыс істеуі, жауапкершілігі, еркімен ұсыныс жасауы, т. б ) бағаланады. Әрбір оқушы басқа оқушымен салыстырылмайды, керісінше дамуына қарай өзімен - өзі салыстырылады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығуы мен қажетін көтермелеу құралына айналады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының түпкі мақсаты: білімге құштар, ой өрісі еркін дамыған, ашық қоғам азаматын тәрбиелеу.

Ұстанатын қағида:
Оқушымен оқытушы арасындағы тепе - теңдік жағдай, екі тұлға да үйренушілер, үйретушілер;
Оқушымен оқытушы арасындағы өзара сыйластық,, бір - бірінің үйренудегі
және үйретудегі көмегінің маңыздылығы;
Оқушыны өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін құрметтеу;
Оқушының ойлау, талдау, іздену қабілеттерін арттыру;
Сабақта шешуші роль атқаратын оқытушы емес, керісінше оқушы екені туралы пікір қалыптастыру;
Әрбір оқушыны білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін, бүгінгі және ертеңгі нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикасына мониторинг құру.

Сабақ кезеңдерінде қолданылатын стратегия:
Оқушылардың таным белсенділігін «іске қосып», одан туындаған ойды шешуге бағыттау үшін, сол ойдың белгілі бір жақтары болуы керек және шығармашылық іздестіруге, ойлануға итермелейтін бастапқы мәліметтер болуы тиіс.
Топтастыру (кластер) стратегиясында мәтіннің мәнін білдіретін бірліктерін жекелеп, белгілі бір ретпен сатылаған түрде сызбанұсқалық бейнелеу. әртүрлі жазулар арқылы оларды категорияларға біріктіріп, ерекше бөлініп орналастыру арқылы кез – келген нәрсені есімізде сақтаймыз.
Мысалы: «Металл» сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді?

Алдымен әр оқушы өз ойымен дәптерге жазады, жұппен, топпен талдайды. Әр топпен бірнеше сөздерді тақтаға жазып, соңынан оны топтайды.
Жигсо стратегиасын қолдануда мәтіннің көлемі үлкен, күрделі, ғылыми тұрғыда болуы керек. Себебі қарапайым мәтін болса, оқушылар тәжірибелік топсыз ақ өздері оқып тіпті жаттап алып айтып береді
Түртіп алу жүйесі (инсерт) - оқушыларға дайын мәтін беріледі, оқып отырып “білетінім сәйкес келмеді”,” мен үшін жаңа” деген бөліктері бар кестені оқушылар толтырады. Кестені толтырып болған соң оқушылар топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз жерін мұғалім түсіндіреді немесе кітапханадан, ақпарат құралдарынан іздеуге үйге тапсырма береді. Оған адамға аз таныс, әрбіреуін қызықтыратын академиялық мәтіндер, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар жайлы мәліметтер алуға болады.

Педагогикалық теория тек қана мұғалімнің әдістемелік шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесімен амалдары әр оқытушының оларды іс жүзінде асыруын, игеруін және оған сай болатын іскерлікті керек етеді.

Мұғалім ретінде сын тұрғысынан ойлау жобасы бойынша берілген сабақты оқушының өз бетімен білім алып, алған білімді іс жүзінде дәлелдей алатын және «үндемейтін», «енжар» оқушының қызығушылығын оятып, оны «сөйлетуге» болатындығын өз тәжірибемнен байқадым. 6 - сыныпта биология пәнінен Сто технологиясының әдістерін қолданып бірнеше сабақтар өткіздім. Онда ЖИГСО, белгілер әдісі, венн диаграммасы, бес жолды өлең, топтастыру әдістерін қолдандым және жеке, топтық, рольдік ойын жұмыстар жүргізілді. Үй тапсырмасын «үндемей қалмау» ойыны түрінде ұйымдастырып, қай топта сұраққа жауап бермеген оқушы саны көп сол жеңіледі. Сабақты жарыс түрінде ұйымдастырып «үндемей» қалған баланы назардан тыс қалдырмай, қайта оның есебін алып, оны сол бала үшін топтың артта қалғанын түйсігіне жаймен жеткізсе, ол оқушы да басқа оқушылардан қалмай жауап беруге тырысатынын және оған топтағы басқа оқушылар міндетті түрде көмектесетініне көз жеткіздім. Осының нәтижесінде 6 -«Б» сыныбында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, білім деңгейінің 43, 3 % дан 66, 6 % ға артқандығын мына көрсеткіштен көруге болады.

І тоқсан «5»- 5 оқушы ІІ тоқсан «5»- 5 оқушы
«4»- 8 оқушы «4»- 10 оқушы
«3»- 17 оқушы «3»- 15 оқушы
ІІІ тоқсан «5»- 7 оқушы VI тоқсан «5» - 8 оқушы
«4»- 11 оқушы «4» - 12 оқушы
«3»- 12 оқушы «3» - 10 оқушы

Сол сияқты СТО технологиясының әдіс тәсілдерін 7 - 11 сыныптарда да пайдаланып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Жоғары сыныптар үшін көбіне ЖИГСО стратегиясын қолданамын. ЖИГСО стратегиясын қолдануда мәтіннің көлемі үлкен, күрделі, ғылыми тұрғыда болуы керек. Себебі, қарапайым мәтін болса, оқушылар тәжірибелі топсыз - ақ өздері оқып, тіпті жаттап алып айтып береді. Мысалы: «Химиялық байланыс типтері», «Химиялық реакциялар жылдамдығы, оған әсер ететін факторлар», «ЖМҚ химиясы», биология пәні бойынша генетика тарауының тақырыптары әрі күрделі, әрі оқушыны қызықтыратын тақырыптар. Осы әдістерді пайдалана отырып 10 -«А» сыныбында «Сілтілік металдар» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткіздім. ЖИГСО - ІІ, топтастыру, араласып кеткен оқиғалар әдісі, миға шабуыл әдістерін қолдандым. Оқушыларды топқа бөлінді, оларға еркіндік беріліп өз пікірлерін топтарында талқылады және ұжымда жариялады.

Оларға жоғары деңгейдегі тапсырмалар, проблемалық сұрақтар қою арқылы тапсырма беріп отырдым. Бұл топтың оқушылары жан жақты ізденіп интернет ақпараттары, қосымша әдебиеттер пайдалану арқылы менің сабағымның жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті. Осы сыныпта “ЖЫНЫС ГЕНЕТИКАСЫ” тақырыбы бойынша шығармашылық топ оқушыларды “спид ауруы тұқым қуалай ма?, СПИД ауруын түбегейлі жоюға болама?, деген проблемалық сұрақтың көлемінде үлкен тартысқа түсіп, өздерінің жоғары деңгейдегі Бұл сабақта да оқушылар белсенділік танытып барлығына дерлік жарыса жауап берді. Олардың сабаққа деген ынтасын байқадым. Нәтижесінде 14 оқушы бағаланды. «5»- бесеу, «4» - тоғыз.

Осының нәтижесінде жаңаны тез игеріп, дұрыс түсінетін, даулы мәселелерді шеше алатын, істің мағынасын терең және нақты игеріп, оны практикада жүзеге асыратын, болжам жасай алатын оқушылар қалыптасты. Сыныпта мұндай оқушылардың болуы менің жұмысыма оң әсер етті. Бұл сыныптағы оқушылардан «Шығармашылық топ» бөлініп ойлау қабілеттерін, өз пікірін қорғай алатын, шығармашылық іс - әрекеттерін көрсетті және оқушылардың сөйлеу интонациясы қалыптасты.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
СТО технологиясын оқу үрдісінде қолдану нәтижесінде ҰБТ көрсеткіші бойынша білім сапасы 2003 жылы 75%- дан 2007 жылы 88%- ға, 2010 жылы 100%- ға көтерілді.

Оқушылардың барлығы жұмыс жасайды.

Ойын ашық айтуға, жеке пікір айтуға дағдыланады.

Оқушы өзін еркін сезініп, жеке тұлға ретінде ізденеді, ой түйеді.

Оқушы өзін - өзі тексереді және бағалайды.

Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстар жүргізеді.

Оқушылар арасында достық, ұжымдық қарым – қатынас орнатады.

Бәсекеге түсу қабілеті дамиды.

Пән аралық байланыс болады.

Ауқымды материалдан қажетті ақпаратты тауып, шешім
қабылдауға дағдыланады, сөздік қоры дамиды.

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім – түйсіктеріне әсер ете білген ізденістердің пайдасы өте көп. Ақыл - парасаттан көрі сезім түйсігі ұшқыр балаларға көп жағдайда бағдарламалық тақырыптарды тосын тәсілдер арқылы түсіндіру пайдалы.
Жаңа педагогикалық технологияларды енгізу – оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады.
Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын, танымдық, ойлау қабілеттерін арттырудың бірден - бір көзі.

Сонымен, жаңа педагогикалық технологияның әдістерін тиімді пайдалану арқылы «Білімді адам» прадигмасын, «өзін - өзі дамытатын және әрекетшіл адам» парадигмасына өзгертуге болады.

Ұсыныстар:
1. Әдістемелік оқулықтар көптеп шығарылса
2. Түрлі педагогикалық технологияны оқуға жағдай жасалынса.
Әдебиеттер тізімі:

1. «Білім беру мекемелері қызметкерлерін ақпараттық – коммуникацикалық технология саласы бойынша біліктілігін көтерудің ғылыми - әдістемелік негіздері» Алматы – 2006
2. Химия мектепте» ғылым педагогикалық журналы
3. 12 жылдық білім.
Республикалық ғылыми - әдістемелік журнал.
4. Мектептегі психология.
Ғылыми - әдістемелік журнал №4 2007 ж

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Бекарыстан би кеңшары
Ү. Түктібаев атындағы №24 орта мектептің
биология пәні мұғалімі Сансызбаева Роза Мұхтарқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Ақпараттық компьютерлік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану қазірг ...

Ақпараттық компьютерлік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану қазірг ...

Семей қаласы, №10 «ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амренова Гульдана Сапаргалиевна...
Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру

Бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Бекарыстан би кеңшары Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің биология пәні мұғалімі Сансызбаева...
Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми - ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×