Сайтқа кіру Тіркелу

Сеңкібай Батыр

Сеңкібай Батыр

Қанша ғасырды артқа тастаған Сарыарқа өлкесі табиғаты сұлу, тарихы бай, шежірелі өңір. Балалық шағым Сарыарқа төрінде, киелі Талды ауылында өтті. Бұл өлкеден жауырыны қақпақтай батырлар да, орақ ауызды ақындар да шыққан. Ауылыма барғанда бір марқайып қалатыным бар. Киелі жер дейтін себебім, ауылымда тарихи ескерткіш Сеңкібай батыр кесенесі орналасқан.
Сеңкібай батыр – жоңғар шапқыншылығына қарсы Алакөл, Бұланты, Аңырақай, шайқастарына қатысып, ерлігімен ереше көзге түсген, азуын айға білеген батырларымыздың бірі.

Сеңкібай Батыр

Сеңкібайды Абылай хан «ақиық сұңқарым» десе, Бөгенбай батыр әрдайым жорықтарына өзімен бірге алып жүрген.
Тарихи шежіреде 1726 жылы Бөгенбай батыр он мың жасағымен, Алакөл шайқасына бара жатып, жолшыбай Қарқаралының Жарлы өзенінің бойына тоқтайды. Жасағын дем алдырып, жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, әр түрлі ұрыс тәсілдерімен жаттығулар жүргізіп, соғысқа дайындалып жатады. Қожас батырдың ауылы жайлауда отыр дегенді естіген Бөгенбай, әкесінің досына сәлем беріп, бата алайын деп арнайы іздеп барады. Бөгенбай батырдың келгеніне Қожас әулеті өте риза болып, үлкен қошеметпен қарсы алып, ерекше сый көрсетеді. Әсіресе, Қожастың үлкен немересі Сеңкібай қонақты күтуде өте бір ілтипат, тапқырлық көрсетеді. Бөгенбай жас Сеңкібайдың ақылдылығына разы болады.
Сеңкібай батыр жастайынан қарт атасы Қожастың тәрбиесінде болып, жас күнінен садақ атып, найзаласуға, жекпе - жекке шығуға машықтанады. Ат құлағында ойнап өседі. Он бес жасынан ауыл арасында, ағайын ішіндегі реніш - қуаныштарына ортақ болып, даулы мәселелерде билік айтып, әділдігі, ақыл - парасатымен дараланып, жас кезінен көзге ерте түсе бастайды.
Қожас батыр осы жолы Бөгенбайға немересі Сеңкібайдан зор үміт күтетінін айтады. Бөгенбай батыр жорыққа аттанар алдында Сеңкібайдың
түр - тұлғасына, жүріс - тұрысына, даналығына қызығып, оны өзімен бірге ала кетеді. Бұл кезде Бөгенбай қырық бес жаста болса, Сеңкібай не бәрі он жеті жаста ғана екен.
Сеңкібайдың ең алғашқы адуынды жеңісі 1728 жылы Шұбартеңіз жағасында болады. Бұл соғыста он тоғыз жасар Сеңкібай қонтайшының немересі Әмірсананың басқаруындағы, он мыңдық жасақтың батыры ноян Көренге бетпе - бет келеді. Ноян Көрен жасы үлкен, ірі денелі, қара дәу, аттандай жуан, білектей ұзын айдарлы, қабағынан қар жауған сұсты еді. Ішінен ол Сеңкібайды менсіңкіремей:
- Ал, қазақ батыры, арманда кетерсің, ағашқы кезекті сен ал, - деп айқай салады.
Көкдауыл ерекше тұлпар. Сеңкібай бұл тұлпарын қатты жақсы көреді. Тұқымы асыл, жаратылысы сирек, мың жылда бір - ақ рет туатын, төрт аяқтының үздік пырағы.
Сеңкібай майдан ортасына тұрып, Көкдауыл тұлпарын тік шаншылатып жау батырына көз тігеді. «Жауды жеңбей қоймаймын. Батаңды бер, қайрат бер, құшағыңды жай маған туған жерім», - дейді ішінен Сеңкібай.
Сол сәтте батыр көңілін халқының болашағына деген алаңдаушылықтан басқа ешнәрсе селт еткізбеді. «Өз туған жерімді, туған - туыстарым мен жақындарымды жауыз дұшпаннан қорғауға міндеттімін» - деп, тұлпарына қамшы басады. Көкдауыл тастұғырда бауырын кеңінен жазып, көсіле жауға қарсы шабады.
Жас бозбаланың өзіне қарай шауып келе жатқанын көрген қалмақ батыры Сеңкібайға мысқылдап бір қарайды. Одан аса қауіптенбей күпірлене, менсініңкіремей, жайбарақаттау тұра береді.
Сол қолында найзасы, оң қолында Қожас атасының тұмар қылып ұстап жүрген жеті бүктемелі ақ семсерімен, жаудан көзін алмастан Сеңкібай қолындағы емен сапты найзасын ноян Көренге қатты кезейді. Екеуі бір - бірімен найзамен қақтығысып өткенде қалмақ батыры жас қазақ батырының қауқарын бірден сезіп, сасып қалады. Сеңкібай шапшаң қимылдап жаудың найза көтерген білегінен салып жібереді. Бірақ жау батыры оған мойымайды. Енді сәл кешіксе жаудың батыры күш алып кететінін сезген Сеңкібай найзаны қағып жіберіп, көз ілеспес шапшаңдықпен ақ семсерін жаудың мойын тұсынан салып өтеді. Тегеурінді күшпен сілтенген ақ семсер жау батырының мойнын қиып, басын жерге бірақ домалатып түсіреді.
Сеңкібай жеңісін сезіп, атасының семсерін аспанға көтеріп, «Ақжол» деп ұрандап, жауға қарсы ұйытқи жөнеледі. Қазақ жасағы Сеңкібай артынан жауға қарсы шабады.
Сол түні қазақтар жауды ойсырата жеңеді, қалмақтар жөңкіле қашады.
Қазіргі уақытта көбіміз батырларымыздың сіңірген еңбегін толық білмей, кейде «батырдың» ұрпақтарын таба алмай жатамыз. Ханнан да қастерлі батырларымыз болды, ал енді соның ұрпақтары қазір қайда? Не істеп жүр? деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа ұзақ ізденісте болып, қазіргі Сеңкібай батыр ұрпақтарына: қазақтың тұңғыш ғарышкері, Совет одағының батыры Тоқтар Әубәкіров пен дарынды, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловты атап кетуге болады.
Тарихын құрметтей білген ұрпақ - келер ұрпаққа өз дəуірін сыйлата білетін ұрпақ демекші, біз қазақ халқы жеті атасын жатқа айтатын, ру шежіремізді кітап қылып жазып сақтайтын, патшаларымызды, әулиелерімізді, билерімізді, батырларымызды жыр - дастан қылып, мақтап айтып жүретін халықпыз. Ел мен жер тағдыры талқыға түскен тұста, басын тәуекелге байлап, «егеулі найзасын» қолына алып, жауға қарсы шапқан батырларымыз мәңгі ел есінде.
Біз - бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік. Тәуелсіз Қазақстан елі мәңгі жасай берсін. Еліміз гүлденіп, көркейе берсін!

Авторы: Жанна ИБРАЕВА, жас жазушы
Нұр - Сұлтан қаласы
тел: 8 - 702 - 153 - 22 - 08
эл. пошта: zhanna_ibraeva_o@mail. ru
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×