Сайтқа кіру Тіркелу

Зат есім

Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың зат есім жайлы білімдерін кеңейте түсу, дұрыс сұрақ қоя білу, зат есімді таба білуге үйрету.
2. Зат есімдерге мысалдар келтіре білу, жаттығулар, тапсырмалар орындау барысында ойлауын, есте сақтауын дамыту.
3. Шапшаңдыққа, шығармашылыққа, ойын жеткізе білуге, ұқыптылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызба, үлестірмелі қағаз, суреттер, ребустар, электрондық оқулық т. б.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі /мұғалім/ Сабақты мына өлең жолдарымен бастағым келіп тұр:
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба, сабаққа?
Білімді, еңбекқор, өнерлі,
Сай келейік талапқа.
Бар ма, үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасақ уайым жеп,
Тығылмаймыз қуысқа.
Ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық.
Мына отырған ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.

Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Олардың әрқайсысы өзінің бойындағы жақсы қасиетті айтады. Келесі оқушы «Тамаша» деп өзінің қасиетін айтып жалғастырады.

Үй тапсырмасын тексеру
324 - жаттығу. Өлеңнен зат есімдерді табу.
Терме диктант
Бала, жинады, алты, сиыр, ойнады, тәтті, ұстаз.

Бұл сөздер заттың несін білдіріп тұр?
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейді. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап береді. Мысал келтіру. (Электрондық оқулықтағы ереже)

Өткенді пысықтау
Балалар, бізге Алпамыстан хат келіпті. Қане, бәріміз тынышталып, осы хатта не жазылғанын тыңдайық. "Құрметті менің достарым! Мен сендерден көмек сұрай, хат жазып отырмын. Апам биыл мені мектепке баруға дайындап, маған дүкеннен оқу құралдарын сатып әкелді. Олар өте көп. Бірақ мен бәрінің аттарын біле бермеймін. Мен сендерге оларды сөмкеме салып жіберіп отырмын. Сендер мектепте оқисыңдар ғой, маған осы заттардың атын білдіретін сөздерді жазып жіберіңдерші. Сәлеммен Алпамыс,"- деп хатын аяқтапты.
Олай болса, балалар, мен Алпамыстың жіберген заттарын бip - бірден көрсетемін, сендер ол заттардың атын атап, тақтаға жазып отырасыңдар. (дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш, Алпамыс)
Мұғалім әр затты көрсеткен сайын, "бұл не?" деген сұрақ қойып отырады. Ең соңынан Алпамыстың суреті шығады, оған "бұл кім?" деген сұрак қояды.
Оқушылар барлық суреттегі заттардың атын жазып болған соң, мұғалім оқушылардың ойын жинақтап, қорытады.
Ендеше, балалар, бүгін зат есім тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.

Дәптермен жұмыс
328 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, зат есімдерді табу.
Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Ол халықты оқуға, білім, өнер үйренуге шақырды.

Абай Құнанбаев кім? Қандай өлеңдерін білесіңдер?
Абай атамыз қандай нәрселерден аулақ бол дейді?

330 - жаттығу. Суреттегі аң - құстардың аттарын қатыстырып сөйлемдер құра.
Үкі, түлкі, бұғы

Электрондық оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау, топпен жұмыс
1) Сөйлемнен кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
2) Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтастыру
3) Өлеңнен зат есімдерді тауып, сұрақ қой.

Сергіту сәті
Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңін әнге салып айту.

Кім жылдам?
Оқушыларға "кім?" деген сұраққа жауап беретін сөздерді бір сызықпен, "не?" деген сұраққа жауап беретін сөздерді екі сызықпен сызу тапсырылады.

Ребус шешу
Ребустың шешуіндегі сөздерге сұрақ қою. (Балықшы, домбырашы сөздерін сөз құрамына талдау)

Кім көп тауып айтады?
«Бағдаршам» сөзіндегі әріптерден сөздер тауып жазу.(баға, шам, ара, шар аға, ағаш т. б.)

«Балық сүйегі» ойыны
Кім?
Не?
«Қатесін тап» ойыны
Кім? ------- Не?
тігінші ----- бала
қайшы ---- сиыр
ата --------- ұстаз

Деңгейлік тапсырма
1 - деңгей. Сөздерге сұрақтар қою.
2 - деңгей. Өлең құрастыру
Біз бақытты -----
Шырқап -----
Білім алып әрқашан,
----- болып ----
3 - деңгей.
«Қыста» тақырыбына шағын шығарма жазу.

Рефлексия
Мен бүгін ----------- білдім.
-------- қызықты болды.
Мен мына тапсырмаларды орындадым ---------------
Мен енді білемін -----------
---------- қиын болды.

Қорытынды
«Топтастыру» стратегиясы
Үйге тапсырма 332 - жаттығу
Бағалау

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
"Т. Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Сыздықова Гульшат Асхатовна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×