Сайтқа кіру Тіркелу

Тәуелсіз елдің ұландарымыз

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұландарымыз»

Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Тәуелсіздікті бағалай білу керектігін жете ұғындыру.
2. Ой - өрісін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру
3. Оқушыларды Отанды елді жерді сүюге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә.Назарбаевтың портреті.
2. слайд,. бейне ролик.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Тәрбие сағатының барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі
Құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елдің ұландарымыз» атты ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі тәрбие сағатымызға арнайы шақырылған қонағымызбен таныс
болыңыздар. Қайрат ағай желтоқсан оқиғасы кезінде Алматыда студент
Желтоқсан оқиғасының куәгері.

1. Бейне ролик Әнұран

Мұғалім сөзі:
Оқушыларым қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған
мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар, білім алуға сендер үшін мүмкіндік мол. Сендер көп уақыттарыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесіңдер, көңілді мерекелерді асыға күтесіңдер. Сіздерге қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине, барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын – қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.
Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған.

- Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қандай батырларды білесіңдер?

Слайд
- Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі батырлар кімдер
- Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар,

Слайд
- Ұлы Отан соғысында өздерінің туған елін жерін қорғаған батырлар кімдер
- Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
- Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жерлестеріміз кімдер
- М. Бегенов Ж. Қалдығараев Б. Қалиев.

Слайд
- Иә балалар биыл ғана Ұлы Жеңістің 70жылдығын атап өтіп батырлар рухына басымызды иіп ардагер аталарымызды мақтан еткенбіз. Олар мәңгі жадымызда сақталады.

2. Бейне ролик 1986жыл Желтоқсан оқиғасы

Слайд
- Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Сөз кезегі Қайрат ағайға беріледі.

Оқушылар сұрақ қояды.

3. Бейне ролик Қара бауыр қасқалдақ әнінің шығу тарихы авторлары
Әнді автордың орындауында тыңдау

Міне содан бері Желтоқсан оқиғасына 29жыл ал Тәуелсіздік алғанымызға 24жыл толып отыр

4. Бейне ролик Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда...

Ән Көк тудың желбірегені Дулыға мен Баубектің орындауында

Слайд \Топқа бөліну

1 - топ Желтоқсан 2 - ток Тәуелсіздік 3 - топ Қазақстан

Слайд 1 - кезең Талаптыға нұр жауар

1 - топ ----- Тәуелсіздік жасасын Сурет салу
2 - топ ----- Тәуелсіз елдің ұланымын Шығарма жазу
3 - топ ---- Тәуелсіздікті жырлаймын Мәнерлеп оқу

Ән Желтоқсан желі ---------------------

Слайд 2 - кезең « Жүзден жүйрік» (викториналық сұрақтар)

1 - топ
1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев қай жылы сайланды.
2. 1992 жылы қазан айында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Т. Әубәкіров)
3. Қазақстан Республикасының Рәміздерін ата? (Елтаңба, Ту, Әнұран)
4. Қазақстанның жаңа Конституциясы қай жылы қабылданды? (1995 жыл 30 тамыз)
5. 1998 жылы Ақмола қаласына қандай ат берілді? (Астана)

2 - топ
1. Біздің еліміз қашан Тәуелсіздігін алды? (1991 жыл 16 желтоқсан)
2. Ең бірінші Тәуелсіздікті мойындаған ел? (Түркия)
3. Қазақстанның Тәуелсіздіктен кейінгі тұңғыш Президенті? (Н. Ә. Назарбаев)
4. Тәуелсіздікке қанша жыл болды? (24 жыл)
5. Сен өз қалай қорғайсың?

3 - топ
1. 1986 жылы көтеріліске шыққандар кім? (студенттер)
2. Қандай мақсатпен шықты? (тәуелсіздік күні)
3. Көтеріліс қай жақта болды? (Алматы, Желтоқсан алаңы)
4. 1986 жылы көтеріліске шыққан батырлардан кімді білесіздер?
5. Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар - деп өз өмірін құрбандыққа шалған батыр кім?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×