Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әр оқушының сабақтан тыс уақытта айналысатын іс – әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкінділіктерін ашу;
Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін ортаға салу, байқату, олардың ой – өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың ата – ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, гүлдер, Жалмауыз апай.
Мұғалім: Құрметті жиналған барша қауым, ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі қуанышты күн – «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінде саналы оқушы болып, білім бастауы, бар ғылымның атасы «Әліппені» аяқтап отыр. Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен «Қош бол, құтты әліппем!» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
1. 2 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты әкелер мен аруана аналар.
Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
1 - жүргізуші
Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болған сірә баршаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
1 «Ә» сынып оқушыларын ортамызға.
Музыка әуенімен оқушылар ортаға шығады.
І бөлім. 1 - жүргізуші
Осы біздер қандаймыз?
Б 1 – оқушы:
Мың бұралған бишіміз
2 – оқушы:
Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз.
А. 3 - оқушы:
Біз шеберміз
Ақылдымыз
4 - оқушы:
Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз
5 - оқушы:
Көп оқимыз
Терең оқимыз
6 - оқушы:
Өнерліміз
7 - оқушы:
Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз
8 - оқушы:
Елімізді өркендетін
9 - оқушы:
Қазақ тілін көркемдететін
10 - оқушы:
Бабаларға тағзым ететін
11 - оқушы:
Аналарға бас иетін.
12 - оқушы:
Елтаңбасымен еңселі
13 - оқушы:
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»
10 - оқушы:
- Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
11 - оқушы:
- Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.
12 - оқушы:
- Біз көп нәрсені - кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.
2. 2 - жүргізуші:
- Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен:
Болашаққа жол ашар,
Ол - сүйікті Әліппе,
Ол - сүйікті Әліппе!
1 - жүргізуші
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе
Музыка фоны қосылады: күн күркіреп, найзағай соғады сол кезде бір оқушы сахнаның аржағынан жүгіріп келіп
оқушы: мұғалім, мұғалім көмектесіңіз ана жақта жалмауыз кемпір Әліппе мен Ана тілін ұстап алып, жібермей жатыр.
Мұғалім: Мәссаған олай болса, мінеки сен мына шақыруды бер де біздің кешімізге қонаққа шақыр. (осы кезде оқушы жүгіріп сахнаның ар жағына кетеді, бала кетіп қалғанда қайтадан күн күркіреп, найзағай соққан кезде сахнаға түрі қорқынышты жалмауыз кемпір шығады, оқушылар қорыққандарынан көздерін қатты жұмып, ашпай тұрып алады)
Жалмауыз кемпір: Әй оңбағандар, сұмырайлар сендер неге мені шақырмайсыңдар, қане ашыңдар көздеріңді, ашыңдар әйтпесе бастарына найзағай түсірем.
оқушы: Жалмауыз апай сіз соңдай әдемісіз, көйлегіңіз қандай әдемі.(жалмауыз кемпір майысып, рас па, шын айтасың ба деп сұрайды)
Жалмауыз: Қарай гөр өздерін алдамаңдар мен бәрібір де әліппе мен ана тілін жібермеймін.
Жүргізушілер: Сіз ашуланбаңыз ана жерге жайғасып, біздің оқушылардың өнерлері мен білімдерін тамашалаңыз. Негізі сізге әдейі орын дайындағанбыз.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.