Өсімдіктердің «Қызыл кітабы»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өсімдіктердің өсіп – өнуі, жетілуі жайлы ұғым беру. «Қызыл кітаптың» маңызы, адамның тіршілік етіп, өмір сүруге табиғатпен тығыз байланысты екенін түсіндіру.
2. Оқушылардың білімділік дағдыларын дамыту.
3. Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Өсімдіктердің өніп өсуі, жетілуі жайлы, олардың түрлері, таралу жолдары туралы түсінеді, шығармашылықпен жұмыс жасап, өз ойын жүйелі айта алады, табиғатқа қамқор болады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ – жауап, салыстыру, «Мен сізден сұрақ күтемін», «Венн диаграммасы», топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Жоспар бойынша тірек сызбалар мен суреттерді пайдалана отырып жасалған слайдтар, СТОТ технологиясының сызбалары, өсімдіктердің түрлері, қима қағаздар, өсімдіктердің суреттері, бүктемелер..
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері
Сабақ барысы:
I. Мотивациялық ұйымдастырушылық кезең
Мақсаты: Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты жағдайды қамтамасыз ету.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз топ басшыларын сайлайды.
I топ« Бәйшешек»III топ «Қызғалдақ»
II топ «Бұйра лалагүл»IV топ «Ақ тұңғиық»
Мұғалім: Қайырлы күн, оқушылар!
Оқушылар жауабы: Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге, құрметпенен біз!
Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, мына тақтадағы ағашқа қарайықшы. Жапырғынан айырылып ұсқынсыз боп тұр екен. Қазір мына шашылып жатқан жапырақтардың артындағы сұрақтарға жауап беріп, ағашқа әсемдік сыйлайықшы. Жапырақ артындағы сұрақтар үй тапсырмасы бойынша.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы:
- Өсімдік мүшелерін ата
- Жапырақтар неліктен сарғаяды?
- Қураған өсімдік қалдықтарының қандай пайдасы бар?
- Мәдени өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?
- Бір жылдық өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?
- Екі жылдық өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?
- Міне, көрдіңдер ме, балалар, ағаштың көркі жапырақ екен. Сендердің білімдеріңнің арқасында ағашымыз қандай әдемі болды ия.
II. Операциялық орындаушылық кезең
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады.
Адамдар нені қолдан жасағаның білу үшін мына ребусты шешуіміз керек.
Ребус: Ол - Қызыл кітап...
Қысқаша мәлімет беру:
Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс?
Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз - ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді. Және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып - қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді "Қызыл кітап" деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.
Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. Қызыл кітап өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты істетті.
Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді.
Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап бар. Немесе қара тізім. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.
- Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Өсімдіктердің «Қызыл кітабы» деп аталады.
Ой шақыру
- Қане, балалар, сендер жалпы осы уақытқа дейін жеміс туралы не білесіңдер екен. Соны әр топ мына алдарыңда жатқан «Білемін, білдім, білгім келеді» деген кестеге толтырып берсеңдер.
Оқулықпен жұмыс.
«Мен сізден сұрақ күтемін» әдісі арқылы әр топ мүшелері өздері оқиды. Топта талқылайды.
Практикалық жұмыс
Дарынды оқушымен жұмыс
- Балалар, мен осыдан бірнеше күн бұрын дарынды оқушым Бериков Диасқа тапсырма берген болатынмын. Қазір ол өзінің Риддер қаласында қандай өсімдіктер «Қызыл кітапқа» енгендігі туралы мәлімет жинапты соны бізбен бөліспекші.
Әр топқа тапсырма:
I топ « Бәйшешек»
- Өсімдіктерді қандай топтарға бөлуге болады?
II топ « Бұйра лалагүл»
- «Өсімдіктердің көбеюі» деген тақырыпқа сызба құрастыру.
III топ « Қызғалдақ»
- Қатесін тап.
Қыста ---------- жапырақтар түседі;
Күзде ---------- өсімдіктер көктеп шығады;
Көктемде ----- өсімдіктер пісіп жетіледі;
Жазда --------- өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды;
IV топ « Ақ тұңғиық»
- Өз жеріндегі өсімдіктерді қорғау үшін қандай шаралар жасар едің?
Сұрақтарға жауап бергеннен соң, әр топ келесі топтың жауабы бас бармақпен бағалап отырады.
Сергіту сәті «Көңіл күй» жаттығуы
Оқушыларды сергітіп билетіп алу.
Ойын «Кім көп біледі?»
I, II топтарға арналған тапсырма:
Өсімдіктерге байланысты тыйым сөздерді жинау.
II, IV топтарға арналған тапсырма:
«Қызыл кітапқа»енген өсімдіктерді жинау.
Дәптермен жұмыс: Өсімдіктерді қорғау ережелерін жазу.
«Синквейн» әдісі
1. Не? өсімдік
2. Қандай? әдемі, биік, аласа, бұйра.
3. Не істеді? өседі, піседі, қурайды
4. Төрт сөзден тұратын сөйлем құра. Өсімдік денсаулыққа өте пайдалы.
III. Рефлексиялық бағалау кезеңі
Сабақты бекіту. Өсімдіктер адамға не сыйлайды?
Мысалы: Мақта
ВЕН Диаграммасы бойынша: Адам мен өсімдікке ортақ нәрселер.
Сабақты қорытындылау
- Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар. Сол Заңның
38 бабында Табиғатты қорғау, оны таза ұстау – әр адамның міндеті делінген. Демек, оқушылар, келешекті көркейтетін сендерсіңдер! Олай болса, айналамызды көгалдандыруға қатысайық. Табиғатты қорғаңдар! Өсімдіктерді көбірек өсіріңдер!
Қане, қандай уәде бересіңдер?
Таза болса – табиғат, аман болар - адамзат!
Үйге тапсырма
Тест тарату, үйде орындау.
Кері байланыс
- Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, алдарыңда жатқан гүлді қызыл түске боя.
- Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, жемісті сары түске боя.
- Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, жемісті көк түске боя.
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы,
«№14 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі:
Маметкалиева Асимгул Кадылхановна
Өсімдіктердің «Қызыл кітабы»
- Mika
- 5 желтоқсан 2016
- 10109
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өсімдіктердің қызыл кітабы, ашық сабақ, бастауыш сыныптарына арналған
Ұқсас жаңалықтар:
Ботаникадан толықтыру тапсырмалар жинағы
Ботаникадан толықтыру тапсырмалар жинағы Қазақстанда “Қызыл кітап” тұңғыш........ жылы жарық көрді. Елімізде өсімдіктер мен жануарлары арнайы...Жануарлар әлемінің қызыл кітабы
Міндеті: Балаларды өз бетімен білім табу, дәлелдеу және түсіндіруге үйрету. Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін жануарларды қорғау шараларын...Өсімдіктердің тіршілігі туралы білімдерін бекіту
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы...Тұқым және жеміс
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс. Сабақтың мақсаты: Білімділік:...Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді? Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігі туралы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.