Сайтқа кіру Тіркелу

Я дыбысы және әрпі

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: Сауат ашуға және жазуға үйретуге дайындық

Тақырыбы: «Я дыбысы және әрпі»
Мақсаты: Я дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдау жасату. Оқуға жазуға дағдыландыру. Балалардың сөздік қорын тілін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Жазу дағдысына қолын жаттықтыру
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру
Көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер, текшелер
Билингвизм:

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі: Амандасу.
Армысың, Ару күн!
Үлкенге - Сіз
Кішіге - Сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпен біз!

Өткен іс - әрекетімізде қандай дыбыстарды талдадық?
Дыбыстар туралы кім айтып береді?

Текшемен жазу: - үй, - гүл, - гүлзар, өс.
Кім ана туралы тақпақ біледі?
Сөздерді буынға бөлейік: - гүлзар, Гүлжан – тігінші, шегінші, тақта, терезе, доп.
Ойын «суретке буын қос!» Гүл - нұр, Гүл - сім, Ай - гүл.

Сергіту.
А) «Біздер тату баламыз!»

Ә) «Терезеден қарадым!»
Қимылмен орындайды.
Терезеден қарадым
Тары жеген шүпірлеп.
Тауықтарды санадым
1, 2, 3, 4, 5.
Кептер ұшып барады Оларға да қарадым, келсе дағы санағым санай алмай қаламын. 6,7,8,9,10.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай - ақ.

Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру.
Я дыбысы туралы айту.
Тақия Пияз, - қиярды көрсету.
Топтастырып, төрт орталыққа бөлу.
а) «Таным» орталығы.

ә) «Ертегілер әлемі» орталығы..

б) «Ойын» орталығы.

в) «Тіл дамыту»Тіл дамыту орталығы.
Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру.
Әліппе дәптерге үлгімен жазу

Іс - әрекеттің бағалау кезеңі Я дауысты ма, дауыссыз ба?
Қо-ян, ша-ян, А-ян, Ба-ян.
Қандай текшемен белгілейміз?
Сөздерді буынға бөліңдер

Күтілетін нәтиже:
Білім: Я дыбысымен танысты, сөз, сөйлем құрауға дағдыланды
Білік: Дұрыс сөйлеу, грамматикалық құзіреттіліктерін дамытты
Дағды: Я әрпін таза, әдемі, сауатты жазуды үйренді

БҚО, Жаңақала ауданы, №3 ЖОББҚМ
Мектепалды даярлық тәрбиешісі:
Сағынғалиева Нағиша Тұрарбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Р р дыбысы және әрпі

Р р дыбысы және әрпі

Мақсаты: өткен әріптерді еске түсіре отырып, ойлау қабілетін дамыту. Р дыбысымен таныстыру, р дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру. Дыбыстық...
І дыбысы және әрпі

І дыбысы және әрпі

І дыбысы мен әрпін таныстыру. І әрпі және і әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйрету, сонымен қатар, өз тілінің қадыр - қасиетін ұға білуге үйрету...
Қ дыбысы және әрпі

Қ дыбысы және әрпі

Қ дыбысы және әрпімен таныстыру. Қ дыбысына сөз, сөйлем құрау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тілдерін, ойлау қабілеттерін арттыру. Таза,...
Ұ дыбысы мен әрпі

Ұ дыбысы мен әрпі

1. Ұ дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген оқу мен жазуды үйрету, Ұ дыбысы келетін жаңа сөздерді үйрету арқылы оқушылардың білімін, тілін...
Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Ө дыбысы мен әрпін қайталау

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исмаилова Ляззат Нуржанқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×