Сайтқа кіру Тіркелу

Сабақ жоспарлары

Орта мерзімді жоспар
Тіл дамыту пәні бойынша
Тақырыбы: Құстар
Мақсаты: Балалар құстар туралы ақпарат алады, құстардың түрлерін ажыратады, құстардың пайдасын біледі. Құстардың табиғаттың ажырамас бір бөлігі екенін түсінеді. Құстарға қамқор болуды үйренеді. Сөйлеу тілі дамиды.

№ Тақырыбы, мақсаты және оқытудың нәтижесі
Жұмыстың белсенді формалары (топтық, жұптық, жеке)
Бағалау Барлық оқушыларды дифференциалды оқуға тарту
Негізгі ресурстар
1 сабақ Тақырыбы: Құстардың түрлері
Мақсаты:
- құстардың түрлері туралы түсінік беру
- құстардың түрлерін ажырату
- сөздік қорларын дамыту
- фонематикалық есту қабілетін қалыптастыру
Күтілетін нәтиже:
- құстардың түрін ажырата алады;
- Құстардың атауларын анық айта алады;
- Байланыстыра сөйлей алады;
1. Шаттық шеңбері әдісі: балалар дөңгелене тұрып, бір - біріне жақсы тілек айтады.
2. «Ассосация» әдісі бойынша балалардан құстар туралы не білетіні туралы балалардың айтқан ойларын мұғалім тақтаға жазады және балалардың түсінігін толықтыру мақсатында
бейнежазба көрсетеді.
Бейнежазба «Құстар».
Балалар бейнежазбадағы көргеннен кейін диалог түрінде жұптық талқылау ұйымдастырылады.
4. «Ойлан. Бірік. Бөліс» стратегиясы бойынша балаларға құстардың түрлерін ажыратуға уақыт беріледі (ойлан).
Одан кейін әр бала өз идеясын әріптестерінің идеясымен біріктіреді (Бірік).
Соңында мұғалім барлық балалардың идеясын талқылауды бастайды. (Бөліс).
Мұғалім балалардың айтқан идеяларын қорытып, негізгі түйін шығарады.
Өзара бағалау.
5. «Суреттер банкасы» стратегиясы. Балаларға 2 банка ұсынылады. Бір банкада құстардың және жануарлардың суреті болады. Балалар екінші банкаға өздеріне таныс құстардың суретін салады, атауын айтады, ажыратады және сөйлем құрайды.
Өзара бағалау.
Мұғалім құстардың атауын атап, сабақты бекітеді. «Ассосация» стратегиясы бойынша балаларды қалыптастырушы түрде бағалайды. Тапсырманы жақсы орындаған балаларға кәмпит беріледі.

«Ойлан. Бірік. Бөліс» стратегиясы бойынша балалар өздерін бағалап, білген білімін басқа балаларға түсіндіреді. Бір - бірін стикер арқылы бағалайды.

«Суреттегі банкалар»
Стратегиясы бойынша балалар өздерін бағалайды. Топтағы өз - өздерін бағалау жұмысы критерийлерге сәйкес жүргізіледі. «Жеткілікті дәрежеде меңгерді» - 2 балл
«дұрыс меңгермеген – 1балл»
«меңгермеген – 0 балл»

Графикалық схема бойынша мұғалім тексереді. Ассосация стратегиясы бойынша жүргізілген топтық жұмыс кезінде ақпарат жинау барысында әр бала өз деңгейін көрсетеді.

Топтық жұмыс барысында барлық бала араласады, бір - бірімен қарым - қатынас жасайды, бір - бірімен ақпарат бөліседі. Балалардың бір - бірін бағалауы әрбір баланың белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Жеке жұмыс кезінде барлық бала қатысады, қиын тапсырмалар жоғары деңгейдегі балаларға беріледі. АКТ - ны пайдалану
Ватман, маркер.

А4 форматтағы қағаздар, қаламдар, стикерлер, бағалау парақтары.
Банкалар, жануарлардың суреттері.

2 сабақ Тақырыбы: Дала құстары
Мақсаты:
- Дала құстары туралы түсінік беру.
- Дала құстарының түрлерін ажырату.
- Сөздік қорларын дамыту.

Күтілетін нәтиже:
- Дала құстарының түрлерін біледі.
- Дала құстарының атауларын анық айтады.
- Дыбыстарды анық айтады.
- Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

1. Шаттық шеңбері:
Балалар өздері білетін, құстардың дыбысын салады.

2. «Қар кесегі» стратегиясы бойынша әр бала жеке өзі білетін құстардың атын айтады, содан кейін балалар жұптасып құстардың атауларын толықтырады. Содан соң басқа жұптармен бірігіп білетін құстардың ішінен дала құстарының атауларын теріп айтады. бірігіп, дала құстарының аттарын атайды.

3. Уақыт шеңбері стратегиясы бойынша барлығы дөңгеленіп отырады. Қолдарына доп алып, алма кезек өздері білетін бір құстың атын атап, оны ажыратып, дыбысын салады. Сол құс туралы білетінін айтады.

«Бағдаршам»
стратегиясы бойынша сабаққа қатысқан оқушыларды бағалайды. Белсенді қатысқан бала - қызылмен, орташа қатысқан бала - сарымен, нашар қатысқан бала - жасыл түспен бағаланады.

Балаларды басбармақтарын көрсету арқылы бір бірін бағалайды.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
«Шаттық шеңбері» стратегиясы бойынша жүргізілген топтық жұмыс кезінде ақпарат жинау барысында әр бала өз деңгейін көрсетеді.
Топтық жұмыс барысында барлық бала араласады, бір - бірімен қарым - қатынас жасайды, бір - бірімен ақпарат бөліседі.
Топтық жұмыс кезінде барлық бала қатысады. АКТ - ны пайдалану, Суреттер
Бағалау парақтары, стикерлер, қаламдар, А4 қағаздар

3 сабақ Тақырыбы: Әдемі құстар «Аққу»
Мақсаты: Балалар әдемі құстар туралы түсінік алады. Балалар құстардың суретін салуды үйренеді. Балаларды ептілікке, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Балалардың танымдық, шығармашылық әрекеттерін біріктіріп дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Балалар дала құстары мен жыл құстарын ажырата біледі.
Құстардың ерекшеліктері мен пайдасын біледі. 1. Балалармен амандасамын. Шаттық шеңберіне тұрып өлең айтады.
2. «Броундық қозғалыс» стратегиясы бойынша балаларды конфеттің түсіне байланысты екі топқа бөледі. Әр топтың балалары бір – біріне барып, сыныпты аралап, берілген тапсырма бойынша ақпарат жинап, «Әдемі құстар»туралы, оның ерекшеліктері туралы айтып, өзара пікірлеседі. Үй құстары мен дала құстарының айырмашылығын айтады.
Сергіту сәті.
3. «Ойлан. Бірік. Бөліс» стратегиясы бойынша оқушыларға үй құстары мен дала құстарын ажыратуға уақыт беріледі. (Ойлан)
Одан кейін әр бала өз идеясын әріптестерімен біріктіреді. (Бірік)
Соңында мұғалім барлық балалардың идеясын талқылауды бастайды.
Мұғалім барлық оқушылардың айтқан идеяларын қорытып, негізгі түйін шығарады.
4. Өзара бағалау.
«Сандар банкасы» стратегиясы. Оқушыларға екі банка ұсынылады. Бір банкада «Әдемі құстар» және әр түрлі суреттер болады. Балалар екінші банкаға өздеріне таныс әдемі құстарды салады, атауын айтады. Мұғалім барлық балалардың айтқанын қорытып, бекітеді.
Смайликтер арқылы балалар өзін – өзі және өзара бір – біріне смайликтерді тарату арқылы бағалайды. Күлімдеп тұрса
– Мен түсінемін.
Қалыпты түрде тұрса – Мен түсінгендеймін.
Көңіл – күйі жоқ болса – Мен түсінбедім.
Мұғалім сандарды, олардың құрамын айтып, оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақты бекітеді. Смайликтер арқылы балалардың сабаққа қатысымын анықтауда қолданылады. Бұл стратегияда әр бала өз деңгейін көрсетеді.

Топтық жұмыс барысында балалар өзара қарым – қатынаста болады. Балалардың бір – бірін бағалауы әрбір баланың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Тақта, ватман, маркер, қаламдар, смайликтер.
4 сабақ Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты: Үй құстарымен танысады олардың атауын айтады.
- Жан - жақты ойлау қабілетін дамыту.
-. Ептілікке, аңғарымпаздыққа
Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Үй құстары туралы біледі.
Үй құстарының атауларын анық айтады.
1. Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Класс іші тып - тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Біз сабақты бастаймыз

2.«Мозайка» стратегиясы. Әрбір оқушыға үй құсының суреті беріледі.
3. Үй құстарының суреті құрастырылғаннан кейін, Үй құстары туралы бейнежазба көрсету. Диалог түрінде топтық талқылау ұйымдастырылады.
4. «Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім» стратегиясын қолдану арқылы балаларға кесте бойынша жұмыс жүргізу.
5.«Джигсо» стратегиясы. Мұғалім балаларды «Молекула» әдісімен 2 топқа бөледі. 1 - ші топқа Үй құстары мен Дала құстарының кездесуі, 2 - ші топқа Әдемі құстар бойынша түсінікке дайындалу.
«Мозайка»стратегиясы бойынша балаларға қалыптастырушы түрде баға беру. Бірінші болып құрастырған балаға жұлдызша беру.
«Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім?» стратегиясы бойынша кестенің үшінші бөлігін толтыру.
Екі топ балалары бір бірін бағалайды. Осы әдіс бойынша мұғалім сабақты бекітеді.
«Джигсо» стратегиясы бойынша балалар өздерін бағалайды, әңгіме бойынша өз ойларын білдіреді. Қай баланың түсіндіргені ұнаса сол балаға алдын ала мұғалім тарапынан дайындалған жүрекше береді.
«Мозайка» статегиясы бойынша әр баланың шапшаңдық, икемділік деңгейін анықтауға болады.
«Джигсо» стратегиясы бойынша топтық жұмыс кезінде әр бала бір бірімен жақын араласып, өз пікірлерін білдіреді.
Бір бірін бағалауда ойларын ашық білдіруге мүмкіндік алады.

АКТ - ны пайдалану, Суреттер
Бағалау парақтары, стикерлер, қаламдар, А4 қағаздар
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×