Батыс Қазақстан облысы,Бөрлі ауданы,
Григорьев орта мектебінің
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі
Тастайбекова Г. Л.
Мақсаты: Балалардың үйренген дене жаттығуларының түрлерін ата - аналарымен бірге және өз бетінше орындауға үйрету. Эстафеталық ойындар арқылы дененің ептілік, икемділік, жылдамдық қасиеттерін қалыптастыру.
Бала денсаулығын сақтауда, спортқа қызығушылығын қалыптастыруда отбасының жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір сүруге, дене сымбатын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: топтардың төсбелгісі, доптар, кеглилер, үлкен доп, құм салынған кішкене қаптар, секіргіштер.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Босқа қарап тұрмаңыздар
Көргендер де арманда
Көрмеген де арманда
Қызықтан тыс қалмаңдар
Шынықтырар баланы
Су мен ауа, күн дейді
Шыныға да білмеген,
Тыныға да білмейді.
Мектепте бүгін басталған
Дайын болған жарысқа
Жүгір, секір ойнағын
Біріңнен бірің қалыспа.
І «Толағай» отбасылық спорт сайысына қатысушы 4 отбасы ортаға шығады.
Ал, сайыскер топтар
Ешкімің жоқ алалар
Жеңімпаз болу үлкен сын
Оны әділқазы бағалар
Ашық жарқын жүзді
Әділқазылар біздің
Тыңдап баға беруге
Шақырайық төрге
(Әділқазылармен таныстыру)
Жарыстың шарттарымен таныстыру
Гүл көңілдер қуаныштан өрілді
Жанарлардан үміт оты төгілді
Жарысатын сайыскерлер кәнекей
Таныстыратын сәті келді өзіңді.
Әр топ өзінің атымен, ұранымен таныстырады.
Әділқазылар бағасын береді
Би: «Буратино»
ІІ Эстафеталық ойындар
Қызықты спорттық сайысқа
Қуанышты бар бала
Бар күшіңді сал да
Жеңіске жет алға!
1 - тур. «Кім жылдам?» сайысы.
Балалар жалаушаны ұстап кедергілерден өтіп келеді. Ата - аналар доппен кедергілердін арасынан өтіп келеді.
2 - тур. «Баскетболшылар» сайысы.
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш
Жарысайық, бой жазайық
Кел, жарысқа түс.
Допты жетелеп заттардың арасымен ирелендеп, жүгіріп өтеді, допты торға дәл лақтырады.
3 - тур. «Ептілер» сайысы
Үшінші кедергі қасық
Қасықта бар азық
Жүгіруге болмайды,
Түсіруге болмайды
Тез барып, тез қайтуға асық
Қасықтағы картопты түсірмей алып өту.
4 - тур. «Кенгуру» сайысы
Австралиялық жануар
Аты оның кенгуру
Ата - аналар қолдарыңды айқастырып,
Белдеріңді мықтап бу
Ата - аналары қолдарын айқастырып ұстап, баласын отырғызып көтереді.
Кедергілерден өтіп айналып келеді.
5 - тур. «Пингвиндер» сайысы.
Мұздың үсті мекені
Құрлықтар тарлық етеді
Тізеге допты қысып ап
Балпан басып кетеді.
Допты екі тізесімен ұстап жүру.
6 - тур. «Таяқшамен тасы» сайысы.
Балалар шарды таяқпен қысып әкеледі. Ата - анасы шарды екі жағынан бастарымен қысып ұстап әкеледі.
7 - тур. «Гимнасттар» сайысы.
Балшыққа тап болдық
Бірақ, батқым келмейді
Шығыршықтан секіріп
Шығуды кім білмейді.
Шығыршықтардан аттап жүру.
8 - тур. «Мергендер» сайысы.
Әкелері жақсы көреді ұлын
Еркетайын, бұзығын
Ойнатар да күлдірер
Мойнына да мінгізер.
Кішкентай доптармен кеглиді көздеп ату.
9 - тур. « Айдаһар» сайысы Тізбек жүгіру
10 - тур. «Тазалықшылар» сайысы
Аналары шашылған қағазды тез сыпырады, әкелері қалақпен жинап қапқа салады, балалары оны тасиды.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің бірліктері кәміл мықты
Спортшы отбасылар сайысында,
Жеңіске жетер дейміз, нағыз мықты.
Жеңсек біз жеңдік деп тасымаймыз
Жеңілсек, жеңілдік деп жасымаймыз.
Жығылсаң жер көтерер деген екен,
Реніш өкпелеуге қосылмаймыз.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Әділқазылар сайыс қорытындысын шығарады. Жеңімпаз отбасылар марапатталады.
Толағай отбасылық ойыны
- bagdat_ts
- 19 сәуір 2016
- 1746
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Толағай отбасылық ойыны
Ұқсас жаңалықтар:
Кім жылдам? спорттық сайысы
Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру...Толағай отбасылық сайысы әзірлемесі
Армысыздар, ағайын, ата - аналар! Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар! Бүгінгі күн әуенін бастайық Сайыста көңілменен қол соғайық!...Көңілді старт (спорттық ойын - сауық)
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базаршолан ауылы, "Балдәурен" мектепке дейінгі ұйымының І - санатты тәрбиешісі Кушаева Асел Максутовна...Сыныптан тыс "Толағай!" отбасылық сайысы
Мақсаты: ата – ана мен оқушы және мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық сананы қалыптастыру,...Толағай отбасылық сайысы
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, «№11 Қоскөл орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісінің орынбасары Тортаева Айгуль Серікқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.