Жамбыл облысы, Байзақ ауданы
Кеңес ауылы, Кеңес орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Дәулетқұлова Айгүл
Сабақтың тақырыбы: 7 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 7 санының құрамы жайлы білімдерін одан әрі кеңейту. Сандарды салыстыру.
7 санының құрамын жіктеп айта білуге үйрету. 1 - 7 көлеміндегі сандарды қосып, азайтуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау есте сақтау қабілетін, ауызша есептеу дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік. Ұлттық дүниетанымын арттыра отырып, ата - дәстүрін білуге, ұқыптылық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі. Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, ой - қозғау, дидактикалық ойындар
Сабақтың технологиясы: Сын тұрғысынан оқыту
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
3. Психологиялық дайындық:
2. Өткенді қайталау
1: Сұрақ - жауап
2: Кел, ойнайық!
3. Пысықтау сабағы
1. 7 санының құпиясы
2. оқулықпен жұмыс
3. дәптермен жұмыс
ІҮ Жаңа сабақты бекіту
Ү Қорыту
Сабақтың жүру барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі
Математика оқулығын, дәптер, қаламсаптарыңызды алып, сабаққа дайындалыңыздар
Психологиялық дайындық
Оқушылар:
Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
Мұғалім:
Бір, екі, үш
Сынып іші тып - тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
- Балалар бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан ерекше болмақ. Біздің сыныпқа
Сонау «Сандар» әлемінен тауықтан хат келіпті. Ол хатта тауық былай деп жазыпты:
Сәлеметсіңдер ме, 1 ә сынып оқушылары, менің достарым. Мен «сандар» әлемінің тауығымын. Мен сіздерден көмек сұрағалы отырмын. Айлакер түлкі менің балапандарымды жемекші. Әр балапанды құтқару үшін түлкінің бір тапсырмасын орындап отыру қажет. Сол тапсырмаларды орындауым үшін маған көмектесесіңдер ме?- депті.
- Балалар тауық бізден көмек сұрап отыр. Көмектесеміз бе, балалар?
- Онда сендерге сәттілік тілеймін.
Өткенді қайталау.
Түлкінің 1 тапсырмасы: Сұрақ - жауап
7 саны қандай сандардың қосындысы?
7 саны қандай сандардан артық?
7 саны сандар қатарында қай саннан кейін келді?
- Міне, балалар біз тауықтың бір балапанын құтқардық.
Түлкінің екінші тапсырмасы: Кел, ойнайық!
Өрнектердің мәнін өсу ретімен орналастырып, Түлкінің жасырған сөзін тап:
2+2 - 2=
1+3+2=
4+0+3=
3+2+0=
Балалар түлкінің бізден жасырған сөзі «жеті» екен
ІІІ Пысықтау сабағы
1. 7 санының құпиясы
- Балалар, мен бүгін сендерге 7 санының қасиетті, киелі сан екендігі туралы 7 құпия сыр ашқым келіп отыр. Олар:
7 ата 1. Бала 2. әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6, Түп ата. 7. Тек ата
7 қат жер - 1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз 7. Жер.
7 қазына - 1. Ержігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл - білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт.
6. Берен мылтық. 7. Құмай тазы
7 - күн 1. Бүгін. 2 Ертең. 3. Бүрсүгіні. 4. Арғыгүні. 5. Ауыр күн. 6. Соңғы күн. 7. Азына
7 жұт - 1. Құрғақшылық. 2. Жұт \мал қырылу\ 3. Өрт. 4. Оба 5. Соғыс. 6. Топан су.
7. Зілзала
7 амал - 1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғамы.
7 қат көк – 1. Ай. 2. Күн. 3. Шолпан. 4. Есекқырған. 5. Қызылжұлдыз. 6. сатурн 7. Мүштари (Юпитер).
2. 7 санының құрамы.
2) Теңдікті құру
6+1=7 -------- 7 - 6=1 --------- 7 - 1=6
5+2=7 -------- 7 - 5=2 --------- 7 - 2=5
4+3=7 ------- 7 - 4=3 ---------- 7 - 3=4
- Балалар біз тауықтың үш балапанын тауып бердік
Сергіту сәті. «Бір, екі, үш»
Бір, екі, үш, бір, екі, үш,
Бұлшық етте күш
Мен ұшамын кептерше,
Еңкейемін қолым жеткенше.
Түлкінің 4 - ші тапсырмасы:
№2 Кесінділердің ұзындығын өлше:
Түлкінің 5 - ші тапсырмасы:№3 Қалып қойған сандарды ата:
Түлкінің 6 - ші тапсырмасы:№4 салыстыр.
7см>6см -------- 7см>5см ------ 7см=7см ------ 2см4см
07 ------------ 7>6 -------------- 7=7 ---------------- 1<7
Түлкінің 7 - ші тапсырмасы:№5Кесіндіердің ұзындығын өлше:
5cм+2см=
7см - 2см=
4см+3см=
7см - 4см=
Ү.- Балалар, біз тауықтың қанша балапанын құтқардық?
- жеті.
- Тауықтың сендерге айтар алғысы шексіз, жарайсыңдар!
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
Толық нұсқасын жүктеу
7 санының құрамы
- aiboll
- 13 сәуір 2016
- 2828
- 0
- 0
Ілмек сөздер: 7 санының құрамы, ашық сабақ математика, бастауыш сынып жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақтың жеті санға ерекше көңіл бөлгені
Жеті жетекші: 1. Адамның басшысы - ақыл 2. Жетекшісі - талап 3. Жолаушысы - ой 4. Жолдасы -кәсіп 5. Қорғаны - сабыр 6. Қорғаушысы - мінез 7....9 саны және цифры
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға «зат – сан – цифр» сәйкестігін тағайындай алу білігін тиянақты қалыптастыру, 9 санын шығарып алу тәсілдері...10 санының құрамы
10 санының құрамы жайлы білімдерін одан әрі кеңейту. Сандарды салыстыруға, 10 санының құрамын жіктеп айта білуге үйрету. 1 - 10 көлеміндегі сандарды...10 санының құрамы
ШҚО, Семей қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" бастауыш сынып мұғалімі Шынар Туленовна...6 санының құрамы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, № 6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.