Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға б дыбысы мен әрпін таныту, б дыбысының әріптік таңбалануын, айтылу мен жазылуын таныстыру. Б әрпі бар сөздер құрастырып, сөзге дыбыстық талдау жасауға, дұрыс буынға бөлуге үйрету.
2. Танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру.
3. Шапшаң оқуға, әдемі, сауатты жазуға машықтандыру. Елжандылыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік, ойын.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, мазмұнды суреттер, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Әріп, буын, сөз, сөйлем,
Оқып, құрастыра жазуды.
Үйренеміз қай сабақта? /сауат ашу./
ІІ Өткенді қайталау.
Ойын «Ұйқасын тап»
- ша - ша - ша - өсіп тұр арша
- ай - ай - ай – қайнады шай
- ра - ра - ра – келді ұшып ара
- ла - ла - ла – араның үсті ала
- уа - уа - уа – таза екен ауа
Оқулық бойынша оқу. / 60 бет/
Топпен жұмыс.
Сөздер таратып беру, оған сөйлем құрастыру.
- Дыбыстан не құралады?
- Буыннан не құралады?
- Сөзден не құралады?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауыстылар нешеге бөлінеді?
- Дауыссыздар нешеге бөлінеді?
Шортан, шапан, қалам, тамақ, орамал сөздерімен сөйлем құрау. Шортан сөзінен келіп жаңа сабаққа түсу.
Шортан деген не? – балық
Балық сөзінде бірінші қай дыбыс естіліп тұр?
- Б б дыбысы
/Хормен айту/
Бб дыбысының артикуляциясы.
Б – еріннің әуелі бір - біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыс. Б - сөздің тек қана басы мен ортасында кездеседі.
- Балалар, қане б дыбысынан келетін сөздер айтқызу, оларды буынға бөлгізу
ІІІ Сергіту сәті.
Бала - бала, балақан,
Қане, қайсы алақан.
Саусақтарың әйбәт,
Былай, былай ойнат
ІV. Оқулықпен жұмыс.
1. Суретпен жұмыс.
2. Оқып беру.
3. «Баба», «бала» сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Баба – үлкен кісі, ата - бабамыз.
Бата – ас қайыру, тойларда берілетін бата, тілек.
4. Оқушыларға тізбектеп оқыту.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық.
Орнымызға қонайық.
Әдемі етіп жазайық
V. Дәптермен жұмыс.
«Әріп және сөз» ойыны.
а) жоғалған әріп:
Там…қ, мақт…, Арм…н, мат…, қ…й.
ә) Шашылған әріп, сөз құрастыру:
1) б, а, т, о (бота)
2) б, р, о (бор)
3) б, л, а ( бал)
4) б, қ, а (бақ)
5) б, қ, а, а (бақа)
VІ. Қорытындылау.
Сұрақ - жауап арқылы
VІІ. Мадақтау
Б дыбыс мен әрпі
- akontai
- 31 наурыз 2016
- 16119
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Б дыбыс мен әрпі, б әрпі бар сөздер құрастырып, сөзге дыбыстық талдау жасауға, дұрыс буынға бөлуге үйрету
Ұқсас жаңалықтар:
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысына қатысты сөздер дұрыс оқуға, жазуға үйрету. Б дыбысы арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету....Ү дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү...Ц дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1. Ц ц дыбысы мен әрпін танытып дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп...Ю дыбысы мен әрпі
Сауат ашу сабағы Сабақтың тақырыбы: Ю ю дыбысы мен әрпі...Б дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Шамұратова Бибигул Ивановна Сабақ мақсаты: а) «Б» дыбысы мен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.