Сабақтың тақырыбы: Жауын - шашын. Суды қорғау.
Сабақтың мақсаты: Жауын-шашынның пайда болуын түсіндіру, түрлерімен таныстыру.
Міндеттері: а) білімділік: Жауын - шашын және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру; жауын-шашынның пайда болуы туралы түсіндіру.
ә) дамытушылық: Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
б) білімділігі: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тесттік тапсырмалар.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер. (тәжірибе құралдары)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Келген қонақтармен амандасу.
- Балалар, бүгін біздің сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ халқымыз ежелден қонақжайлылығымен танылған, бізде өз қонақжайлылығымызды көрсетіп, қонақтарымызды жақсы қарсы алып, тамаша көңіл - күй сыйлайық.
ІІ. Жаңа сабақ. Ойға шабуыл.
- Оқушылар, өткен сабақта қандай тақырып өттік?
"Табиғаттағы су. Бұлт және тұман".
Сиқырлы сандық сұрақтары:
1. Табиғатта су қай жерлерде, қандай күйде кездеседі? (Жер шарының төрттен үш бөлігі, адам денесінің жартысынан көбі су құрайды. Өзен көлдер, мұхиттар, жауын - шашын.)
2. Жел дегеніміз не? (Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы)
3. Күн сәулесі нені қыздырады? (ауа түссіз, мөлдір болғандықтан жер бетін қыздырады.)
4. Бұлт қалай құралады? (Жер бетінен жоғары көтерілгенде ауа салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларына немесе мұз түйіршіктеріне айналады. Олар шоғырланып бұлт түзеді.)
5. Бұлттың түрлері? (Шарбы, будақ, қабат).
6. Табиғатта су өте көп мөлшерде қайда кездеседі? (өзен, көл, мұхит).
Тәжірибе көрсету. Қайнаған суды шыны ыдысқа құйып, үстіне салқын тәрелкемен жауып қоямыз. Сонда, су буланып, тәрелке бетіне су тамшылары түзіледі.
Жер бетінен көтерілген бу салқындап, су тамшыларына айналады. Су тамшылары бірігіп ауырлайды да, жерге жаңбыр болып жауады.
Құрлық беті қатты қызғанда жерден көтерілген су буы ауаның салқын қабаттарында біртіндеп су тамшыларына, одан да салқын қабаттарына жеткенде қар - мұз қиыршықтарына айналады. Осының нәтижесінде бұршақ жауады.
Қыста үлкен биікте су тамшылары қатып, әуелі ине сияқты мұз түйіршіктерін түзеді. Олар бір - біріне жабысып, қар ұлпасына айналады. Қар кристалдары әр түрлі, қайталанбайтын болып келеді.
Жаңбыр, қар, бұршақ - жауын-шашынның түрлері.
ІІІ. Сергіту сәті.
Жұмбақ шешу:
Етек жеңі жиналмай,
Дауыл тұрса дым қалмай,
Түйдектеліп көшеді,
Тоз - тоз болып өшеді
(Бұлт)
Жарқ - жұрқ етіп қанжары
Көк теңізді осады.
Жалт - жұлт етіп жон жалы
Арыстан даусын қосады.
(Найзағай)
Дауыл ақ дән ұшырып,
Шашып өтті аспаннан.
Шекемізді ісіріп,
Қаштық үйге сасқаннан
(Бұршақ)
Көктен жетеді,
Шөпке сүңгіп кетеді.
(Жаңбыр)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолын тоңады. (Қар)
Құрлық бетіне түскен жаңбырдың біразы сіңіп, жер асты суларын құрайды. жиналған су енді еңіс жаққа қарай жылжып, өзен жағасында, сай табанында бұлақ түрінде ағып шығады. Бұлақ ылдиға қарай бір ізбен ағады. Оны жылға дейді. Жылғалар өзенге айналады. Өзеннің ағып шығатын жерін бастау дейді. Өзен ойысты бойлап ағады. Оны арна дейді. Жолда келіп қосылған ұсақ өзендерді саласы дейді. Көлге, теңізге қосылатын жерін сағасы дейді.
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.
Судың ластануы туралы айтып өту.
Әр топ "судың ластануы" туралы сурет салу.
Өз ойларын ортаға салу: "Өскенде суды қорғау үшін қандай шаралар атқарар едің?"
ІV. Бекіту.
Тест тапсырмаларын орындау.
Сұрақтары:
1. Судың 3 күйі...
а) мөлдір, сұйық, түссіз
ә) сұйық, қатты, газ тәрізді
б) ерігіш, қатты, жылы
в) газдалған, мөлдір, сұйық.
2. Жаңбыр, қар, бұршақ - бұл...
а) жер асты сулары
ә) бұлт түрлері
б) тұман түрлері
в) жауын - шашын түрлері
3. Өзеннің көлге, теңізге барып құятын жерін не деп атайды?
а) сағасы
ә) бұлақ
б) бастау
в) арна
4. Ұзаққа созылған ақ жауын жауатын бұлт түрі:
а) будақ бұлт
ә) қабат бұлт
б) шарбы бұлт
в) тұман
5. Жер шарының қанша бөлігін су алып жатыр?
а) 3/4 бөлігін
ә) 1/2 бөлігін
б) 1/3 бөлігін
в) 4/4 бөлігін
6. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атайды?
а) ауа райы
ә) су
б) жел
в) ауа
7. Ауаның қасиеті:
а) ауыр
ә) мөлдір және түссіз
б) сұйық
в) қатты
4 сурет, 1 сөз ойынын ойнату. Балалар құрастырған сөздері бойынша қысқаша сипаттама береді.
А Б З Қ Ш Н
Р Р С Т У Х
Ж Ш И Б Қ Р
Ң Ы Ч А Т Ө
П Н Ш И Б Ұ
Қ А Л Р Б Ю
Б М Р С Ұ Х
К И Ж Л А Т
А Қ М Т Р З
И У Ұ Ш К К
А Қ М Т Р З
И У Ұ Ш Н К
V. Бағалау.
Сабаққа жақсы араласқан оқушыларды бағалау.
Жауын - шашын. Суды қорғау
- Aidanaaslan
- 23 ақпан 2016
- 5159
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Дүниетанудан ашық сабақ жоспары, 4 сынып, жауын шашын, суды қорғау
Ұқсас жаңалықтар:
Жаңбыр туралы мақал-мәтелдер
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз. Сәуір болмай жауын болмас, Жауын болмай тәуір болмас....Табиғаттағы су айналымы
Мақсаты: Не білу керек: Сусыз өмір жоқ. Су - өмірдің көзі. Судың маңызын тұлғаның қасиеттерімен салыстыруға болады. Не істей білу керек: Судың көзін,...Гидросфера - Су айналымы жайлы ұғым
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебінің география пәні мұғалімі Сейдалимова Жұлдыз Нурбақытовна...Табиғаттағы су айналымы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Сауытбаева Гульмира Серикбаевна...Өзендер. Көлдер және тоғандар
«Сымбат» жеке мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Алдабергенова Узилдик Жомартовна Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар Білімділік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.